Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақ өлкесіне не керек?

2171
Қазақ өлкесіне не керек? - e-history.kz
Ресейде патша үкіметі құлағаннан кейін Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстарын қамтыған аумақ Қырғыз (бұдан әрі – Қазақ) өлкесі деген ресми атауға ие болды

1919 жылдың 10 шілдесі «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет туралы декрет» бекітілді. Большевиктер қазақтарға өз автономиясын алуға деген үміт сыйлады, өйткені жаңа билік өкілдері өздерін патша қысымынан, буржуазиядан, капиталисттік құбыжықтан құтқарушылар ретінде көрсетті.

Алайда, көп уақыт өтпестен коммунистердің бұрынғы биліктен артықшылығы жоқ екені түсінікті болды. Келер жылы, 1920 жылдың 17 мамырында, Қазақ Ревкомының мүшесі А. Байтұрсынов Қазақ өлкесіндегі берекесіз ахуалдың себептерін іздеп, В. Лениннің атына хат жазады. Хатта оның өлкедегі Кирревкомның жұмысындағы қандай да бір оң нәтижелердің жоқтығынан көңілі қалғандығы байқалады.

Осының басты себептерінің бірі ретінде ол Совет билігінің қазақ зиялыларына және жергілікті халықтың орталық билікке деген өзара сенімсіздіктерін алға тартады. Оның үстіне, Қазақ мәселесіне қатысты нақты көзқарасының болмауы – Қазақ өлкесі басшыларының үлкен жаңсақтығы болды. «Ресей халықтары құқықтарының декларациясындағы» қағидатты тапсырмалардан басқа, большевиктердің РКП (б) бағдарламасында белгілі бір іс-қимыл жоспары болған жоқ, осыдан соң Қазақ өлкесінің проблемалары ушыға берді. «Кеңес үкіметінің қазақ зиялыларына сенімсіздігін жеңу туралы РСФСР ХКК төрағасы В.Ленинге» жазған хатында Байтұрсынов қазақ жұртына қатысты орыс халқының өзін әлі де басым ұлт ретінде санайтындығын айтып, бірақ прогрессивті идеология осындай стереотипті жою керектігін жеткізеді.

Өйткені, коммунизм өсиеттерін орындау үшін тапаралық айырмашылықты жойып қана қоймай, этностың мінез-құлқына байланысты жүзеге асырылатын саяси модельдерді де ұмыту қажет. Қазақ халқы мен коммунистік органдардың арасындағы сенімсіздік пен салқындық мәселелерін шешу үшін А.Байтұрсынов келесідей іс-шараларды қабылдауды ұсынады: Қазақ өлкесін басқаруға нағыз идеялы коммунистерді және халық шын мәнінде сенетін, қазақ зиялыларының арасынан шыққан адал, шыншыл идеялық қызметкерлерді қою.

Осылайша, қызметкерлердің құр аты ғана коммунист болмай, олар халық үніне құлақ асатын болады. Қазақ болсын-болмасын «жүрдім-бардым коммунистерге» қарағанда, коммунист болмаса да, нақты жағдайға ортақ көзқарасы бар қазақдардан шыққан идеялық қызметкерлер халықпен ортақ тіл табысады. Халқы аралас аудандардың ісін басқарушы билік органдарының құрамының кемінде 2/3 бөлігі езілген ұлттардың өкілдерінен құрылуы тиіс. Шаруашылық-экономикалық саланы қазақдар бақылауы керек. Қазақ коммунистері мен революцияшыл зиялылардың бүкіл саяси-мәдени жұмысы кеңестік социалистік шаруашылық саясатына негізделуге тиіс.

Қазақстанды Орынбордағы әкімшілікпен біріктіретін әскери округ құру да маңызды. Қалалық гарнизондар қазақтардан құрылуы керек. Өз хатында Ахмет Байтұрсынов талас тудырып жүрген жер телімдерінің кімге тиесілі екенін нақты айқындап, Қазақ өлкесінің шекарасын да қарастырды. Осы хаттан кейін Қазақ өлкесінде түбегейлі өзгерістер болды. 1920 жылдың 26 тамызында «Қазақ Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасын құру туралы» декрет бекітілді.

Ахмет Байтұрсынов қазақтардың құқықтарын жақтап, өз қағидаттары (принцип) үшін ұзақ әрі табан тіресе күресті. Қазақ өлкесі туралы декрет қазақ даласының шекарасын анықтауға қатысты, кеңестік мемлекет құрамындағы қазақтардың бұдан былайғы өмір салтын құруға қатысты мәселелерді шешу нұсқаларының бірі болды.   

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?