Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Алаш айтқан асыл сөз» атты кітап оқырманға жол тартты

2531
«Алаш айтқан асыл сөз» атты кітап оқырманға жол тартты - e-history.kz
Әлихан Бөкейханнан бастап Смағұл Сәдуақасұлына дейінгі 25 Алаш арыстарының қанатты сөздері мен ой-толғамдары топтастырылып, кітап болып жарыққа шығарылды

Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алашорда Үкіметінің 150 жылдығына орай «Алаш айтқан асыл сөз» атты кітаптың тұсаукесері өтті. 

Іс-шараны ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен «Аманат» интеллектуалдық пікірсайыс клубы ұйымдастырып отыр. Биыл Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Осыған орай Әлихан Бөкейханнан бастап Смағұл Сәдуақасұлына дейінгі 25 Алаш арыстарының қанатты сөздері мен ой-толғамдары топтастырылып, кітап болып жарыққа шығарылды. 

e018584ddf6db50c61a07f416ec56608.jpg

Негізі 25 Алаш арыстарының қанатты сөздерінің кітап болып жарыққа шығуы тегін емес. Өйткені кітап авторлары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 Алаш арысының қанатты сөздерін оқырман қауымға сый ретінде ұсынып отыр. 

Елінің еркіндігі мен тілі, діні, мәдениеті жолында аянбай еңбек етіп, сол жолда құрбан болған алаш арыстарының тағылымы мен тәрбиесі терең сөздері бүгінгі қоғамымызға ауадай қажет. Ендеше, қайраткерлеріміз айтқан бір ауыз сөзі әр қазақтың кәдесіне жарар деген ойдамыз. Жоба авторы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Берік Уәли болса, кітапты құрастырушы журналист Серік Жолдасбай, тарихшы Еркін Ерланұлы. Кітап жалпы көпшілік қауымға арналған. 

64db723f4cc500b69d3a0ed73ffde815.jpg

Кітаптың таныстырылымында сөз сөйлеген белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай мұндай мазмұндағы кітаптың шығуы, баспа бетін көруі құптарлық іс екенін және аталған жобаның жалғасын табуына тілектестік білдірді. Алаш қайраткерлерінің айтқан сөздері "бір түп көдеден бастап  аспан аясындағы алаш кеңістігін тұтас қамтыған атаулардың басын біріктіріп, жер дауы, жесір дауы, ру тартысы деген түсініктерді ұлттық сана, ұлттық ойлау жүйесі, ұлттық идея, ұлттық мемлекеттік құрылым, тәуелсіз үкімет алқасы, Алаш кеңесі, ұлттық саясат, ұлттық мүдде, ұлттық саяси экономика, ұлттық тіл, ұлттық ғылым, ұлттық қорғаныс, алаштың ортақ отаны, ұлттық намыс, ұлттық мойынсұнбау, ұлттық әдеби тіл, ұлттық ғылым тілі деген ұғымдардың дәрежесіне дейін қасиеттендіре көтеріп, мұқым қазақты Біртұтас Алаш идеясы деген киелі тудың астына біріктірді". Бір сөзбен айтқанда Ұлтты ұйыстырған Ұлы сөздер болатын.

a4ffac857c56b73b4e9eb97f3a3f5f9c.jpg


Шараға қатысқан белгілі интеллигенция өкілдері, ақын-жазушылар мен ғалымдар тарапынан жаңа кітапқақ атысты ұсыныстар айтылды. Мәселен, жазушы Табыл Құлыяс Орынбор қаласындағы мемлекеттік архивтердің қорында Алаш тарихына байланысты құнды дүниелер сақталғанын, оларды алдырту мәселесін көтерсе, ғалым, профессор Шерубай Құрманбайұлы кітаптың бөлімдері мен тақырыптық топтастырылуына мән берді. Кітаптың ерекшелігі сонда, арыстар айтқан сөздерді жанр, саласы бойынша ғылыми түсініктерімен жіктеп шығаруға болатынын жеткізді. Ал көрнекті әлихантанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы мырза кітапта келтірілген нақыл сөздер мен пікірлердің сілтемелері, қайдан, қалай алынғанын көрсетіп отырса кітаптың құны арта түседі деген ойда.

Айтылған ұсыныстар болашақта ескерілетінін айтқан Берік Уәли бұл жобаның жалғасы болатынын және алдағы уақыттарда мектептер мен білім саласы мекемелерімен бірге жұмыс істейтіндіктерін жеткізді.

38f85897d71de2b1f7990ff55c4f55c0.jpg

Тарихқа көз жүгіртсек, Алаш қозғалысы 1905 жылдан бастап қалыптаса бастады. Міне, осы уақыттан бастап Алаш арыстары қазақты ағартуға атсалысады. Мәселен олар 1913 жылы жарыққа шыққан «Қазақ» газетінің айналасына топтасып, ұлттық мүддені ту етіп алды. Сондай-ақ Алаш арыстары 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында Орынбор қаласында І жалпықазақ құрылтайын өткізіп, тұңғыш рет ұлттық демократиялық «Алаш» партиясын жариялады. Бұдан бөлек 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында ІІ жалпықазақ құрылтайы өтіп, Алашорда үкіметі құрылған болатын. Өкінішке қарай Алашорда үкіметі 2 жыл 3 ай Тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп, 1920 жылы Совет үкіметін мойындауға мәжбүр етті. Алайда олар Совет үкіметінің сапында жүріп, қазақ халқын ағартуға күш салды.

Заңғар Кәрімхан

Фотосуреттердің авторы Бауыржан Жуасбаев.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?