Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мемлекет басшысы: «Біз қабырғаларды емес, керісінше көпірлер салуымыз керек»

1367
Мемлекет басшысы: «Біз қабырғаларды емес, керісінше көпірлер салуымыз керек» - e-history.kz

Сурет: Akorda.kz

Жаһандану дәуірінде түрлі ұлт өкілдері, діндер, саяси идеологиялар арасында диалог қалыптастыру өзекті мәселеге айналуда. 

Жаңа ақпараттық технологиялардың үдемелі дамуының нәтижесінде мәдени, саяси, экономикалық және діни әртүрліліктің күшеюіне алып келді. Түрлі процестердің нәтижесінде пайда болған дұшпандық пен сенімсіздік біздің эмоционалды әл-ауқатымызға, қарым-қатынасымыздың сапасына және демократиялық институттарымыздың тұтастығына нұқсан келтіруде.

Шын мәнінде, саяси және мәдени, әсіресе ұлтаралық, дінаралық поляризация бүгінгі күні адамзаттың алдында тұрған жаңа сын-қатерлердің бірі. 

Ақпарат, қаржы, технология алмасуы барған сайын күшейіп келе жатқан жаһандану дәуірінде адамзат үшін мемлекеттер мен этникалық топтар арасында, дін өкілдері, қысқасы «айырмашылықтар» арасындағы гармонияға толы бейбіт қарым-қатынас құру ауадай қажет.

Бұл контекстте, Қ.К.Тоқаевтың америкалық the National Interest журналында жариялған «Kazakhstan: A Bridge Between West and East» атты мақаласы жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтіп, «айырмашылықтар» арасында қабырғалар емес, керісінше көпірлер салу идеясын алға тартады (№1-сурет). 

 

Описание: C:\Users\Айдана\Downloads\5f5524c5e9394__3.jpg

№1-сурет. Сурет авторы - Пеп Монтсеррат

 

Қ.К.Тоқаевтың бұл мақаласынның негізгі өзегі – адамзатты бұл мәдени, саяси, экономикалық және діни әртүрліліктің күшейген дәуірінде түрлі ұлт өкілдері, діндер, саяси идеологиялар арасында диалог алаңдарын ашуға, толеранттылыққа, сондай-ақ медиация мен дипломатияны ілгерілетуге шақыру.

Сараптайтын болсақ, бүгінгі күні тек қана диалог, медиация мен дипломатия адамзат алдында тұрған жаһандық сын-қатерлерді еңсеру жолдарын қарастыруға мүмкіндік бередіБұл Қазақстанның дүниенің төрт тарабымен салиқалы саясат жүргізуге бағытталған көпвекторлы сыртқы саясатымыздың бөлігі. 

Біздің санамызда Қазақстан Еуропаның Азиямен тоғысқан жері, Шығыс пен Батыс арасындағы көпір. Көпір болу шын мәнінде біз үшін бір мүмкіншілік: бұл екі өркениетке де тиесілі болуды және екі өркениетті жақындастырушы әлеуетке ие болуды білдіреді. Бұл біздің тарихи жадымызда жүздеген жылдар бойы қалыптасқан.

Ескі Жібек жолының бойында жатқан Қазақ елі Шығыс пен Батысты байланыстыратын көпір болды. Жібек жолы ғасырлар бойы Шығыстың бай өркениетін Батысқа тасымалдады. Жібек түрлі халықтардың экономикаларын байланыстырып қана қоймады, әртүрлі өркениеттер, мәдениеттер, тілдері мен діндері бар халықтарды да байланыстырды. Қысқасы, бұл жол тек коммерциялық өнімдер үшін емес, ғұлама-даналардың, идеялардың, діндердің және мәдениеттердің алыс-беріс жолын қамтамасыз еткен көпір болды.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында еліміз қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Аштық, саяси репрессия – халқымыздың басына түскен ауыртпалықтың бірі ғана. Қазақ жері сталиндік режим жер аударған тұтас халықтар үшін жаңа отанға айналды. Осылайша бұл және басқа да тарихи процестер бізде толеранттылықты тәрбиелей отырып, алуан түрлі мәдениетті халқымыздың бойына сіңірді және оны одан әрі байыта түсті. Яғни түрлі ұлт және дін өкілдері арасында қабырлар емес, керісінше гармонияға толы бейбіт қарым-қатынас қалыптасты.

Сонымен қатар, әр үш жыл сайын Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің өзі халықаралық диалогтың, түрлі ұлт және дін өкілдері арасында «көпір» құрудың бірегей құрамдас бөлігіне айналды. 

Шын мәнінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өзіндік тарихын қалыптастырған бірегей дінаралық диалог, әлемдік рухани үнқатысу алаңына айнала білді. 

Съезідің басты басымдықтарының қатарына бейбітшілікті, келісімді және төзімділікті адам өмірінің мызғымас қағидаттары ретінде бекіту, діндер, конфессиялар, ұлттар мен этностар арасындағы өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізу, қақтығыстар мен соғыс әрекеттерін күшейту үшін адамдардың діни сезімдерін пайдалануға жол бермеу жатады.

Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бұл қазақ елінің «Еуразияның жүрегіндегі мәдени және діни құрлық көпірі» болып қалыптасуына тарихи мүмкіндік берді.

«Қазақстандық жол» ретінде танымал бұл тарихи тәжірибе түрлі ұлт және дін өкілдері арасында қабырғалар емес, керісінше көпірлер салудың өзіндік бірегей моделі болып табылады және әрқашан бейбітшілікке ұмтылу үшін шешуші фактор болуда.

 

ҚОЖБАНХАН Еркеш Кубжанұлы

Мемлекет тарихы институты 

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?