Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«АЛЖИР» мұражайы Тәуелсіздік күніне орай «Біз қазақ ежелден азаттық аңсаған» көрмесін өткізеді

1388
12 желтоқсанда Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарынының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Біз қазақ ежелден азаттық аңсаған» бейнепанорамалық көрмесі ұйымдастырылады.

12 желтоқсанда Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарынының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Біз қазақ ежелден азаттық аңсаған» бейнепанорамалық көрмесі ұйымдастырылады. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналады, деп хабарлады astana.kz «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, «Нағыз желтоқсан» қоғамдық қорының өкілдері Ақмол ауылының №5 орта мектеп оқушыларымен кездеседі. Кездесу барысында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қайғылы сәттері және сол күндері қаза тапқан қатысушылар туралы айтылады.

Іс-шара соңында «1986 жыл: Алаш перзенттері» деректі фильмі көрсетіледі.

Көрмені қалалық Мәдениет, Ішкі саясат басқармалары және «Нағыз Желтоқсан» қоғамдық қоры ұйымдастырады.

«Біз қазақ ежелден азаттық аңсаған» көрмесі 12-20 желтоқсан аралығында өтеді.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?