«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

МАНАС: АДАМЗАТТЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ

3086
МАНАС: АДАМЗАТТЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ
Бүгін Қырғыстан Мәдениет қызметкерлерінің күнін тойлауда

1926 жылдың 2 қараша күні Қырғыз халық драмасының тарихында алғаш рет И.Токобаевтың «Кыйгылуу Какей» пьесасы қойылды. 1995 жылы бұл мереке ресми түрде бекітілді. «Кыйгылуу Какей» - сол кезеңнің өзекті мәселесі – қоғамдағы әйел теңсіздігіне арналған драмалық шығарма. Қазақстанда бұл мереке 1998 жылдан бастап қыркүйек айының соңғы жексенбісінде тойланатын. Бірақ 2013 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бұл мерекені 21 маусымға ауыстырылды.

Қазақстан және Қырғызстан республикасының арасындағы мәдениет саласындағы қарым-қатынастар тұрақты, біртіндіп дамып келеді. «Манас» эпосы және Шыңғыс Айтматов секілді ұлттық брендтермен ұсынылған бай рухани мұрасын атап кеткен жөн. Ірі қырғыз эпосы оның бас кейіпкері – батырдың атымен аталады. Өмірлік құбылыстарды қамту ауқымы бойынша «Манас» жыры қырғыздардың басқа эпикалық ескерткіштерімен салыстыруға келмейді. Оның негізгі тақырыбы - қырғыз халқының жатжұрттық жаулармен күресі, аты аңызға айналған Манастың ерліктерін мадақтау.

Алайда бұл жыр мазмұнының бір бөлігі ғана және мұнымен эпостық жырдың басты тақырыптары таусылмайды. 1995 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған резолюцияға сәйкес «Манас» эпосының 1000-жылдығы тойланды. Эпосты ғылыми тұрғыдан зерттеудің негізін салған Ш. Уәлиханов пен В. Радлов болды. Жырды басынан аяғынан дейін оқып шығып, Шыңғыс Уәлиханов «Манасты» Гомердің «Илиадасымен», ал оның екінші бөлігі «Семетейді» ортаазиялық «Одиссей» деп атады.

Сондай-ақ ол алғашқы болып «Манасты» жазып шықты және оны өз еңбектерінде атап өтті. Уәлихановтан кейін 30 жыл өткен соң атақты ғалым, академик-шығыстанушы, этникалық неміс Василий Радлов Қырғызстанға келіп, жырдың үш бөлігінен үзінділерді жазып алып, оларды 1885 жылы Санкт-Перебургте қырғыз тілінде орыс транскрипциясымен жариялады. Неміс тіліндегі өзінің аудармасын сол жылы Лейпцигте басып шығарды.

1928 жылы «Манасты» зерттеу және материалдар жинау үшін Фрунзеге (бұрынғы Бішкек) Мұхтар Әуезов келді. Сол кезде ол Ресей географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімшесінің мүшесі болатын. Қырғыз және орыс жазушысы, Қырғыз КСР-нің халық жазушысы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов «Қырғыз елінің байырғы атамұрасының ең биік шоқысы-ұлы Манас эпосы» деген пікірі бар. Шындығында «Манас жыры» өзінің қайталанбас қуатымен талай ғасырлардың қайғылы, зарлы оқиғаларын бойына сіңіріп, философиялық мазмұнды жинақтауы тұрғысынан, елдің тарихына, тұрмыс-тіршілік, отбасы жағдайы, әртүрлі салт-сана, әлеуметтік, қоғамдық тұрмысын кеңінен және толық қамтуы жағынан дүниедегі ең сирек кездесетін әлемдік поэтикалық ескерткіштерінің үлгілеріне жатқызады.

Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың негізгі қағидалары мен бағыттары 1993 жылдың 8 маусымында Алматыда қол қойылған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы шартында, сондай-ақ мәдени, ғылыми-техникалық, әскери және экономикалық ынтымақтастық келісімдерінде көзделген. Қырғызстан өкілдері «Қырғызстан-Қазақстан діңгегі тарихпен талап етілген және қазіргі кезде жаңа қатынастардың парадигмасын құру қажет» деп баса айтады.

Қазіргі таңда Орталық-Азия республикаларының ынтымақтастық достығы мен іскерлік қарым-қатынас дамып келеді.

Материалды дайындағын Малика МУРСАЛИМОВА