Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Селжүктер кімдер? Бізге қалай туысады? 

4548
Селжүктер кімдер? Бізге қалай туысады?  - e-history.kz
Түріктер Тұғырылбектің әкесі Селжүктің атымен селжүктер деп аталатын болды. Х ғасырдың аяғынан бастап ХІV ғасырдың басына дейінгі әлем тарихын оларсыз елестета алмайды 

Түріктер Тұғырылбектің әкесі Селжүктің атымен селжүктер деп аталатын болды. 10 ғасырдың аяғынан бастап 14 ғасырдың басына дейінгі әлем тарихын оларсыз елестета алмайды. 

IX ғасырда Тоқақ ибн Лұқман және оның баласы Селжүк, кынығ тайпасының басшылары Хазар қағанының қол астында болды. Олар қаңлы деген жауынгер халық болғанын айтпаса да да түсінуге болады. Өзінің өмірінің аяғында Хазар хандығы иудей мемлекеті болды және «сары түс» оның әулетінің түсіне айналды. 

2bfd261f71bd6f7121e44a0a0c001988.jpg 38c9800a85fd289a4e9325c636cbca59.jpg

Бұл Рей қаласындағы (Тегеран) хан сарайының панелі, онда түрік сұлтандарының алғашқы астанасы болды. Шенеуніктердің арасында Тұғырылбектің өзі тақта отыр. 

Хазар хандығы құлдыраған соң көшпенділер арал маңына қайтып келді және оғыз билеушісі (жабғу) Әлиге қызмет ете бастады. Әкесі өлген соң Селжүк Ғұз мемлекетінде маңызы жағынан екінші лауазым – сюбашы (әскер қолбасшысы) атағына ие болды. 

 985 жылы Селжүк бүлік шығарып, оңтүстікке қарай саманидтерге көшуге мәжбүр болады. Тәжіктердің ата-бабалары Ферғана мен Гератқа дейінгі жерлерді иеленді. Селжүк ислам дінін қабылдады және Селжүк пен оғыз Әли арасындағы жеке өшпенділік мұсылмандық жихадқа ұласты. 

Көп ұзамай жас қолбасшы Жент деген ірі қаланы (қазіргі Қызылорданың маңы) басып алды және сол жерде өз ордасын тікті. Ол түрік халықтарын біріктіре алды, осылайша өзінің мемлекетінің негізін құрады. c70a95760e01c3ca74385d1b9a53da5c.jpg

Селжүктер көп жеңілдіктер алды және өзінің жерлерін басқаруда дербестікке қол жеткізді. XI ғасырдың басында Саманидтердің мемлекеті тағы басқа түрік одағының құдыретті одағы Қараханидтердің қысымынан жеңілді. Селжүк олармен бірге болғанға ұқсайды, өйткені селжүк көп ұзамай қараханидтер әскерінің қолбасшысына айналады... 

Қанат ЖАНҒАСКИН 

(Жалғасы бар...)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?