Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алматыда Алтын Орданың 750 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

1507
Алматыда Алтын Орданың 750 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті - e-history.kz
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy порталы.

Шараның мақсаты - өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлы даламызда орын алған тарихи оқиғалар мен Қазақ даласында осыдан сегіз ғасыр бұрын құрылған алып империя Алтын Орда мемлекетінің тарихын дәріптеп, таныстыру.

Дөңгелек үстелді  Ұлттық кітапхананың ғылыми хатшысы, ҚЖО-ның мүшесі Болат Жүнісбеков ашты. Шараның модераторы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов.

Шара аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Берекет Кәрібаев, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Дәулетхан Әлімғазы,  тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев, PhD докторы Жігер Жәнәбілұлы және тағы басқалар «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты тақырыбында сөз қозғап, тарихи деректерге тоқталды.

«Алтын Орда– Еуразия аумағындағы Түрік қағанатынан кейін құрылған екінші Еуразиялық мемлекет. Қазақстан аумағындағы тарихына 3 мың жыл болды десек, бұл сол мемлекеттіліктің ХІІІ-ХV ғғ көрінісі. Сонымен қатар, Алтын Орда үш ғасыр өмір сүрген заманында өзінің территориясындағы көптеген халықтардың этникалық, саяси тарихына мемлекеттің дамуына көп ықпал етті. Тіпті, көрші Рессейдің тарихында да Алтын Ораданың өзіндік орны бар. Ал, қазіргі түркі тілдес халықтардың ішінде бірнешеуі ғана өзін Алтын Орданың тікелей заңды мұрагеріміз деп санай алады. Ол әрине бірінші қазақ халқы және Қырым татарлары. Өкінішке орай, көптеген ұлттар мен ұлыстар жойылып кетті»,- дейді тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев.

Сондай-ақ тарихшы Алтын Орда тарихында әлі ашылмаған, зерттелмеген мәселелердің көп екендігін тілге тиек етті.

«Оны зерттеу үшін арнайы ғылыми мекемелер керек және ол тікелей мемлекеттің назарында, бақылауында болу қажет. Қазір Татарстанда Алтын Орда тарихын зерттейтін ғылыми мекеме бар. Олардың құрылғанына 30 жылдан асып кетті. Алайда, олар өздеріне қарай икемдеп, тартатыны бар. Тіпті, Қазан хандығы Алтын Орданың тікелей мұрагері дегенді де айтып жатады. Ал, бізде Алтын Орда тарихын зерттейтін арнайы мамандар да жоқ, саусақпен санарлық», - дейді Берекет Кәрібаев. 

Сонымен қатар, шара аясында ҚР Ұлттық кітапхана қорынан «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты тұрақты кітап көрмесі ашылды. Кітап көрмесі алты бөлімнен тұрады: «Алтын Орданың құрылуы», «Алтын Орда туралы тарихи-ғылыми кітаптар», «Алтын Орда хандары», «Алтын Орда кезіндегі қалалар», «Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттер», «Алтын Орда туралы әдебиеттер».

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?