Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Советтік социализмнің» мәні және мазмұны

1756
«Советтік социализмнің» мәні және мазмұны - e-history.kz
В. Лениннің өлімі биліктің сипатын біршама өзгертті. В. Лениннің серіктестерін биліктен ығыстыруда және түгелдей қырып-жою мен атуда И. Сталин басты рөлді атқарды

Большевиктердің 1917 жылы билік басына қалай келгені жөнінде көп айтылып, жазылды. Өкінішке қарай, ХХ ғасырдың басындағы большевиктер партиясының негізгі ұстанымдары мен насихаттарының саяси-доктриналық негіздеріне толықтай талдау жасалмаған. 1917 жылы большевиктер идея апологеттері болып қана қоймай, еуропалық солшыл социалистердің еңбектерімен қарулана, соңында миллиондар мен миллиондаған адамдардың өмірінің негізі болған ССРО азаматтары және «социалистік лагерь» атанған елге айналды.

1917 жылдан бастап 1990 жылдың басына дейін жарты әлемге жетер-жетпес ССРО және оның қолшоқпарлары, сол кезеңде айтылғандай «марксизм-ленинизм ілімі барлығын жеңетін идея» «туының астында» өмір сүрді. Германияның шағын, бірақ коммунистердің нағыз белсенді және радикалды топтарының негізін салушылар Карл Маркс және оның серіктесі Фридрих Энгельс ХІХ ғасырдың ортасында Еуропа орталығында өмір сүрді.

Бұл кезең қоғамдық-саяси қарама-қайшылықтар шиеленістер үдерістерімен, экономикалық трансформация және интенсивті интеллектульды ойларымен сипатталады. Осындай жағдайда, 2 мың жыл бұрынғы ерте христиан догмаларын сіңірген марксизм идеясы қалыптасады.

Адам – жеке жаратылыс иесі. К. Маркс пен Ф. Энгельстің және олардың серіктестерінің саяси тұжырымдамасы, дүниетанымдық көзқарастарында көпшілігінде олардың тәрбиесі мен ортасының бейнесі орын алды. Карл Маркс орта дәулетті отбасынан шыққан. Маркстің жақын туысқандары, Сименс отбасы Голландияда (қазіргі әлемге танымал «Siemens» фирмасы осыдан шыққан) бизнестерін дамытты.

Алайда, мәртебелік шығу тегіне және үлкен еңбекқорлығына қарамастан, К. Маркс өзінің үлкен отбасымен өмір бойы үлкен мұқтаждықта өмір сүріп өтті. Ф. Энгельс биографтардың айтуынша фабрикант баласы болған және біршама жылжымайтын мүлік иеленген.

Үлкен отбасы бар Маркстан ерекшелігі, Энгельс еркіндеу өмір-салтын ұстаған және қатал отбасы міндеттемелеріне байланып қалған жоқ, фабриканың бір жұмысшы әйелімен азаматтық некеде болған.

Жалпы К. Маркс пен Ф. Энгельстің өмірлеріндегі осындай жағдайларға мән берген Мэри Габриэль өзінің терең зерттеу жұмысында канондық келбетіне сәйкес келмейтін, достардың өте еркін өмір салтын атап өтеді. ХIХ ғасырдың екінші жартысында еуропалық саясаткерлер, интеллектуалдар арасында әсіресе, әділетті және шиеленіссіз қоғам орнату мәселесі кең талқыланды. Бұл пікірталастар социал-демократтар, анархистер және басқа да бұрынғы патша самодержавиесінің оппозициясын, Ресей қайраткерлерін де (Бакунин, Нечаев және басқалар) айналып өтпеді.

Адамзаттың әлемдегі еркіндік және әділеттілік құрылысы туралы ғасырлық арманын пайдалана, бұл мәселені шешу мақсатында марксизм классиктері өте қарапайым және қатал схемалық жолды ұсынады. Марксизмнің негізгі принциптері «Коммунистік партия Манифесінде» (1848 ж.) айтылып кеткен, мынадай постулаттарда жарияланады:

  1. Буржуазия «ақшалай» тасбауыр, бос мүддеден басқа, адамдар арасында ешқандай өзге байланыстырды қалдырған жоқ. Буржуазия қазіргі күнге дейін құрмет саналатын және қастерлей қарайтын қызметтің барлық түрлерінің қасиетті сәулесінен айырды. Дәрігерді, заңгерді, священникті, ақынды, ғылым адамын ақылы жалдамалы жұмысшыларға айналдырды. Оған қоса буржуазия адамдарды да, қазіргі жұмысшы, пролетариатты оған қарсы бағыттауға себепкер болды.
  2. Коммунистердің мақсаты басқа да қалған бүкіл пролетариат партиясымен бірдей – пролетариатты тап ретінде қалыптастыру, буржуазия үстемдігін құлату, пролетариаттың саяси билікті қолыңа алуы. Пролетариат буржуазияның қолындағы бүкіл капиталды рет-ретімен жұлып алу және өндірістің барлық құралдарын мемлекеттің қол астына жинақтау үшін, өзінің саяси үстемдігін пайдаланды.
  3. Тарихты қозғалтушы, оның қозғаушы күші мәңгі тап күресі болып табылады, құл мен патрицийлер, шаруа мен феодал, жұмысшы мен фабрикант... К. Маркстің пікірінше, дәл осы тап күресі, «тарихтың, қоғамның қозғаушы күші» болып табылады.
  4. «Әділетті коммунистік қоғамды» орнату үшін жеке меншікті жою қажет, яғни нарық және барлық жерде жалпыхалықтық меншікті орнату негіздері.

Бұл қысқаша қағидалар XX ғасырдың басында марксизмнің ой-тұжырымдары экономикалық саяси және бүкіл әлемдегі коммунистік партиялардың радикалдық идеологиялық көзқарастар фундаментіне айналды. Манифест авторлары, мысалы мынадай шараларды ұсынды (мәтін бойынша дәйек келтіремін):

1) жер меншігін экспроприациялау және мемлекеттік шығындарды жабу үшін жер рентасына айналдыру;

2) жоғары прогрессивті салық;

3) мұрагерлік құқын жою;

4) барлық эмигранттар мен бүлікшілердің мүліктерін тәркілеу;

5) мемлекеттік капиталмен және айрықша монополиямен, ұлттық банк арқылы мемлекет қолына несиені орталықтандыру;

6) мемлекет қолына бүкіл транспортты орталықтандыру;

7) мемлекеттік фабрикалардың, өндіріс құралдарының санын көбейту, жалпы жоспар бойынша егістік жерді тазарту және жер өңдеуді жетілдіру;

8) егіншілікке арналған ерекшеліктер, өнеркәсіп әскерін құру үшін бірдей еңбек міндеттемелері;

9) егін шаруашылығын өнеркәсіппен қосу, қала мен село арасындағы айырмашылықтарды бірте-бірте жойылуына ықпал ету;

10) барлық балаларға қоғамдық және ақысыз тәрбие, қазіргі формасында, фабрикадағы бала еңбегін жою, тәрбиені материалдық өндіріспен байланыстыру және басқа[1].

Марксизм-ленинизм классиктерінің пікірі бойынша, даму барысында таптар айырмашылығы

жойылғанда және бүкіл өндіріс индивидтер ассоциациясы қолына жинақталған уақытта  көпшілік билігі мәнінен айырылады.

Бұл утопиялық эклектика, буржуазиялық ескішілдіктің қалдығы болып табылатын отбасы институтын жою талабымен аяқталады. Бірақ советтік кезеңде «Манифестен» неғұрлым жексұрын және мағынасыз тұжырымдар алынып тасталды. Сондықтан да халық және тіпті марксизмнің ең жарқын апологеттер де қолдан қолға өтетін дәйексөздер мен сөз орамына сүйене, «Манифест» мәтінін шала-шарпы білетін.

Десе де, «Коммунистік партия Манифесінде» айтылған марксизм негізін салушылардың көзқарастары, идеялар қоспасына, бүкіл әлемдегі коммунистердің өзіндік библиясына айналды.

К. Маркс пен Ф. Энгельс еңбектері басылып шыққаннан кейін үкіметтік газеттер тарапынан ғана емес, сол сияқты серіктестері, революционерлер, айта кету керек, жұмысшы табы өкілдері тарапынан да қатты сынға ұшырады. Мен К. Марксті және оның жолын қуушыларды радикал ретінде жайдан-жай сипаттаған жоқпын, себебі олар бірнеше рет сотқа тартылды және үнемі Англияда, Францияда, Швейцария, Бельгияда, Голландияда сот төрелігінен тығылып жүрді. Тарихта мұндай революционерлер өте көп және сан мыңдаған, бірақ біз қазір жаһандық күйзеліске әкелген саясаттанушылар мен теориялық доктрина көзқарастарына екпін жасаймыз.

К. Маркстің адал шәкірттері. В. Ленин және басқалар

Карл Маркс пен оның серіктестерінің шағын тобының идеясы Германияда, жалпы Еуропада да қандай да бір қолдау тапқан жоқ. Ресей социал-демократтарының солшыл бөлігі, тарихтан белгілі большевиктер К. Маркс пен Ф. Энгельстің доктриналары мен постулаттарын толықтай қабылдап алды. Еуропалық халықтардың марксизм идеяларына қабылдамау фактісін, орыс ғалымы Николай Бердяевтың байқағанындай, өзінің тамаша «Орыс коммунизмінің қайнар көзі және мәні» монографиясында марксизмнің отанында, Германияның өзінде мойындалмағанын, бірақ қызығы сол Ресейде ол сіңісіп кеткенін айтады. ХХ ғасырдың басында Ресей социал-демократтарының солшыл қанатының көшбасшыларының бірі В. Ленин, догмалық сенімділікпен Маркс ілімін насихаттай бастады және осы маркстік көзқараспен большевиктер партиясының басшылығымен 1917 жылдың қазан айында Ресейде төңкеріс жасайды. 1927 жылы бұл төңкеріс «Ұлы социалистік революция» деген атауға ие болды.

Ленин Петроградтағы митингте. 1917 ж.

Большевиктер абыройына қатысты айта кету керек, олар билік басына келгеннен кейін де олар ашық және барлық жерде К. Маркс пен Ф. Энгельстің ең күшті және ең жеңімпаз ілімі туралы айтылды[2]. Егер ұмытылған болса, еске салып өтейік, Мәскеудегі және басқа ірі қалалардағы алғашқы монументалды ескерткіштер, дәл сол жаңа ілімді жасаушыларға арналып тұрғызылды. «Коммунистік партия Манифесі» және большевиктер көшбасшыларының еңбектері, әскери кезеңнің қиындықтарына және қаржының жетіспеушілігіне қарамастан, миллиондаған данамен шығарылады; одан әрі жедел марксизм теоретиктері мен большевизм апологеттері құрметіне қалалар мен елді мекендер солардың аттарымен - Петроград Ленинград, Царицын Сталинград, Тверь Калинин болып өзгертіледі, сол сияқты Троцкий, Фрунзе, Молотов, Калинин, Киров қала атаулары пайда болады. Атаулары өзгертілген село, совхоз, мектеп, университет, көшелер саны сансыз. Қазақстанда 1936 жылы қайта құрылған университетке, көрнекті большевик С. Киров есімі берілді[3].

Билік басына бекіген большевиктер желікпе батылдықпен марксизмнің негізгі постулаттарын өмірге енгізе бастады. Жаңа идеологияның басты кейіпкері «қарулы адам» болды. Пролетариат диктатурасын орнату туы астында, ескі мемлекеттік құрылысты дүрбелеңге түсірді. Барлық жерде жеке меншік жойылады. Бірақ бұдан кейінгі оқиғалар көрсеткендей, жаңа саяси жүйе бұрынғыдан тиімді болмай шықты.

1917-1919 жылдарда орын алған сайлау, еркін баспасөз түріндегі демократиялық құрылыстың кейбір негіздері, көп ұзамай жойылды, «пролетариат диктатурасын орнату» үшін күресушілер шын мәнінде, алдымен бір партияның, онан соң – жеке бастың диктатурасы мен жоғарғы билікті орнату үшін күресушілерге айналды. Большевиктер өздеріне қарсы пікір білдіретін – кадеттер, монархистер және басқа да партияларды ғана емес, сол сияқты олар, 1918 жылы үкіметтік коалицияның жақын серіктестері – солшыл эсерлерді де еш аяусыз жазалады. Большевиктердің әлеуметтік базасы деп аталатын – жұмысшы бұқарасы партия жүргізген және олардың атынан сөйлеген жаңа биліктің тұтқындау, ату жазасынан ешқандай қорғана алмады. Бұған көз жеткізу үшін 1918-1921 жылдардағы Бүкілресейлік Төтенше Комиссияның хаттамаларын қарастырудың өзі жетіп жатыр, онда Кронштадт матростарының (КСРО тарағаннан кейін Кронштадт бүлікшілері ақталды), Тамбов шаруаларының, Петроград пен Мәскеу жұмысшылары, Украина, Грузия, Әзірбайжан, Қазақстан, Татар, Башқұрт және басқа да демократиялық қозғалыстар көшбасшыларының көтерілісін басып-жаншу туралы ақпаратты айтуға болады. Көп ұзамай ССРО-ның миллиондаған азаматтарын қамайтын, асығыс түрде «концентрациялық лагерлер» салынады. Советтік лагерлердегі жазаға кесілгендердің басым бөлігі қарапайым адамдар болатын, ұсақ бұзақылық жасағандар, тәртіпке көнбегендер, тіпті кейде еш күнәсі жоқ азаматтар – колхозшылар, мұғалімдер айыпқа тартылды. Мұның ішінде интеллигенция, әскерилер және өздерінің партия номенклатура өкілдері де аз болған жоқ.

Биікке көтерген большевиктердің пролетариат диктатурасы талдана келе, билікке жақын шағын топтың диктатурасы болғандығы айқындалады. Адамгершіліктен тыс жаппай эгоизм, адам тағдырларына немқұрайлы қарау көшбасшылардың және большевиктер партиясы ұстанымының ерекше белгісіне айналды. Оған қоса, большевизм басқа елдерде де өздерінің идеяларын, өздерінің идеологияларын жылжытумен, өздерінің миссиялық рөлін орнықтыра бастады. «Қалай да бұл қарама-қайшылық естілгенмен, бірақ большевизм орыс самодержавиесінің, орыс имперализмінің үшінші құбылысы...».

Большевизм орыс өміріне милитаристік күштің жоғарғы дәрежесі ретінде кіргендігін»[4] Н. Бердяев атап өткен болатын. Дүниежүзінің көптеген елдеріне коммунистік ұйым құру мақсатында үлкен қаражатпен қамтылған, агенттер жіберілді[5]. Бұл топтардың қызметтерін үйлестіру үшін, Коминтерн құрылды. Әдеттегідей, бұл ұйымдар Еуропадағы, Азия мен Америкадағы жергілікті билікке оппозиция болды және кең көлемде бүлікшілік қызмет жүргізді. 1919 жылы Мәскеуде құрылған ІІІ Коминтерн, тек 1943 жылы ғана антигитлерлік коалиция одақтастарының қысымымен таратылды. Сонда да, көпшілік жағдайда революцияны сыртқа бейімдеу және оны көшіру саясатының идеясы жүзеге асты. Өздеріңізге белгілі, бүкіл құрлықта, кейінірек «социалистік блок» деп аталған немесе советтік бағытты ұстанған мемлекеттер пайда болды.

Шындығында, бұл елдердің көпшілігі олардың территориясында кеңестік әскерлерлердің қалың желісі орналасқандықтан да мәжбүрлі «советтік блокта» қалды, басқармалар да Мәскеуден бекітілгендер отырды; қолшоқпарларға да миллиардтаған қаржы «көмегі» бөлінді. Коммунистік идеологияның базалық негізін, К. Маркс, В. Ленин еңбектері, сол сияқты И. Сталиннің «Қысқаша курсы»[6] құрады.

Бүкіл қызмет, партияның өзі мен оның көсемдері өтірік пен аңыздың астында қалды. 1917 жылдың күзінде билік басына келген большевиктер көшбасшылары партиялық лақап аттарымен өмір сүрді, қайтыс болды немесе атылды: Владимир Ульянов – Владимир Ленин, Лев Бронштейн – Лев Троцкий, Овсей-Герш Радомысльский – Григорий Зиновьев, Лев Розенфельд – Лев Каменев, Иосиф Джугашвили – Иосиф Сталин, Вячеслав Скрябин – Вячеслав Молотов және басқа. Қайшылықты, бірақ факт – ССРО азаматтары бүкіл совет өкіметі жылдары мемлекет басшыларының нағыз атауларын да, олардың өмірбаянын да білген жоқ. Материалдық тұрғыда қамтамасыз етілген номенклатура өкілдері, тәртіптің ынталы апологеттеріне, «кеңестік социализм» идеясының қорғаушыларға айналады.

1920-1930 жылдары не жоғарғы адамгершілік сапасы, не терең білімі жоқ, жақсы ұйымдастырылған кеңестік бюрократия қалыптасты. Нағыз осы дыбысын шығармайтын және көнгіш каста, жаппай қуғын-сүргін мен қудалауларға жол ашты. Бұл жерде фактілер жетіп артылады. Объективті ақпарат орнына – жасырын фактілер, өтірік және аңыз. Объективті талдау орнына – коммунистердің қателеспейтін партиясы берген бағыты туралы, дайын ұрандары болатын. Ғылыми ізденіс орнына – «жоғарыдан» даярланған және бекітілген идеологемдер орын алды. Мемлекеттік жүйе өздерінің апологеттерінің «темірдей қатарын», өте іскерлікпен және біртұтастықта қалыптастыруды қолға алды. Ол жылдары ұжымдық жазылған әңгімелер мен романдарының ерекше рөлінің идеологиясы насихатталды. Коммунизмнің алдағы жақсылықтарын ақындар мен композиторлар, «социалистік реализм» деп аталатын өнер мен әдебиеттегі жаңа бағыт өкілдері барлық жерде айтып, сарнай бастады.

Ұмытылмайтын кездесу (И. Сталин мен үкімет мүшелері және Ауыр өнеркәсіп халком басшыларының әйелдермен кездесуі, 1936-1937 жж.). Автор В.Ефанов.

Большевизм жеке билігін нығайту үшін екі жақты ойын жүргізді. Мысалы, ашықтыққа, пікірталас пен бітімге келу даярлығына шақырған большевизм көшбасшысы, ылас технологиялар мен қастық әрекеттерге аз жүгінген жоқ. Француз тарихшысы Л. Сервис айтқандай, мұндай тәсілдер революциядан бұрын да, билік басына келген соң да большевизм көшбасшыларына тән болған[7]. Бұл партияның өмірінде жалғандық (мысалы, Құрылтай жиналысындағы сайлау кезіндегі), тарату, ату, бітпейтін және заңсыз реквизициялар, жаппай құбылысқа айналды. Бұл жерде большевиктер партиясының көшбасшысы В. Лениннің сүйікті нақылын қалайша еске алмайсыз: «Революция бәрін кешіреді», «Мақсатқа жету үшін қолданатын құралдың барлығы жақсы» және тағы басқалар.

Қазіргі тарих ғылымында, большевиктер іс-әрекетінің адамгершілікке жат қылықтарын көрсететін тұстарының қоғамнан мұқият жасырылғаны туралы фактілер көп. Бұл жерде дін өкілдерін, Ресейдің және ұлт аймақтарындағы жарқын интеллектуалдарды ату, мәжбүрлі эмиграция тұр.

Мысалға алатын болсақ, 1922 жылы «философия» пароходымен басқа да өзге белгілі мәдениет қайраткерлерімен бірге, Николай Бердяев та шетелге жер аударылды. Оның, басқа да Ресей эмигранттарының, кейінгі ВЧК-НКВД-ның ұрлаған және өлтірген (ақ офицерлер мен генералдар тобы, эмиграциядағы украиндар тобы, мүмкін қазақ эмигранты Мұстафа Шоқай және басқа) қайраткерлерді қоспағанда, «жолы болды»: олар өз ажалдарымен өлді. Сол уақытта, ССРО-да қалғандар тағдыры, бәрінен де көп қайғыға ұшырады: оларды концлагерлердің ұзын шынжыры, жаппай ату немесе совет құрылысы мен большевиктер көшбасшыларының қызметін мадақтайтын бітпейтін мақтаныш шараларға қатысу. Тоталитарлық құрылыс өзінің табиғатын өзгерткен жоқ, жаңа көсем келген сайын үнемі жетілдіріп тұрды. 

В. Лениннің өлімі биліктің сипатын біршама өзгертті. В. Лениннің серіктестерін биліктен ығыстыруда және түгелдей қырып-жою мен атуда И. Сталин басты рөлді атқарды. «Ескі гвардияға» қарсы күресті ол шеткері аймақтан келген, терең танымы жоқ, бірақ жас және өр Н. Ежов, Л.Берия, Л. Каганович, Г. Маленков, Н. Хрущев және басқаларды ептілікпен пайдалана білді. Қысқа мерзім ішінде жаңа мамандар айтарлықтай номенклатуралық игіліктерді иеленді – кең пәтерлер, саяжайлар, қосымша азық-түліктер. Совет көсемдерінің өмірлері жайлы аз жазылған жоқ. Бірақ бұл жерде жаңа «көсемдердің» өміріне тікелей куәгерлерді атап өткім келеді. Бұл Борис Бажановтың «Я был секретарем Сталина», Анастас Микоянның «Сталин, каким я его знал» естеліктері, Светлана Аллилуеваның «20 писем другу» және «Всего одинь день»[8] мемуарлары. Н. Хрущев пен В. Молотовтың және басқалардың естеліктері де көп хабар береді.

Жалғасы бар...

Әдебиеттер:


[1]См. Маркс К., Энгельс Ф. Манифест Коммунистической партии. http: www/ geocitiescom. Capitol Hilllobby

 3198

[2]См: Ленин В. Полное собрание сочинений.

[3]Хрестоматия по новейшей истории России. Джагфаров Н. Формирование режима личной, тоталитарной власти в стране (1917-1937). – Алматы, 2013.

[4]Бердяев Н. Истоки и смысл русского коммунизма М; Наука, 1990 г.-с.99.

[5]Бажанов Б.Г. Я был секретарем Сталина. М.: Алгоритм, 2014 г; Джагфаров Н. Формирование режима личной, тоталитарной власти в стране (1917-1937).- Алматы, 2013.

[6]История Всесоюзной Коммунистической партий большевиков и «Краткий курс под редакцией Комиссии ЦК ВКП(б) 1938 г.» - ротопринтное издание.

[7]Сервис Р. Ленин / перевод с англ. языка Г.Левитан. - М.: ОО «Попурри», 2002;

[8]Микоян А.И. Сталин. Каким я его знал. - М.: Алгоритм, 2013; Красная книга ВЧК. В двух томах – М: Политиздат, 1989.

 

Бүркітбай АЯҒАН, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор

Ескерту: Бұл мақала 2010 жылы автордың жалпы редакциялық басқаруымен жарық көрген «Қазіргі Қазақстан тарихы» оқулығынан алынған үзінді болып табылады. Өткен кезеңдерде материал үнемі жетілдіріліп отырды және толықтырылды. Автор өзінің материалын талқылауға ұсынады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?