Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәбит Мұқановтың дүниеге келген күні.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

- = -

Бүгін ҚР ҚК Әскери полициясының құрылғанына 18 жыл толды

26394
Осыдан 18 жыл бұрын дәл осы күні 1997 жылдың 22 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес ҚР Қарулы Күштерінің әскери полициясы құрылды. 2005 жылдың 21 ақпанында ҚР «Әскери полиция органы туралы» Заңы қабылданып, онда ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери полиция органының құқықтық негіздері, қағидалары, міндеттері мен құрылымы бекітілді. Әскери полиция әскери қызметшілер мен басқа да азаматтардың озбырлық құқыққа қарсы еркіндіктері мен құқықтарын қорғау бойынша міндеттерін тәулік бойы атқарады. Осы орайда полицейлер гарнизондағы құқық тәртібі, құқықбұзушылықты ескерту, орын алған жағдайда қылмысты ашу, сондай-ақ әскери полиция әскери транспорттардың жолдағы қозғалысының қауіпсіздігін бақылау, оларды пайдалану мен әскер абақтысында әскери қызметшілерді ұстау ережелерін сақтауды қадағалайды. Естеріңізге сала кетсек, Астанада өткен жылдың соңында әскери полиция жасағының қызметкерлері құқық бұзушылардың қылмыстық әрекеттерінің алдын алды. ҚР Қорғаныс министрлігінің режим және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әскери полиция жасағының тәуліктік наряды мыстан жасалған телекоммуникация кабелін ұрламақшы болған азаматты ұстап, ІІМ қызметкерлеріне тапсырды. Іс-қимыл барысындағы ептілігі, қырағылығы мен жауапкершілігі үшін әскери қызметшілерге алғыс айтты. Жыл сайын әскери басқару және құқық қорғау органдарымен бірлескен жүйелі жұмыстардың нәтижесінде әскерлердегі қылмыстың төмендеуі тұрақталып әскери қызметшілер арасындағы қылмыс динамикасының төмендеуіне ықпал етті.