Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәбит Мұқановтың дүниеге келген күні.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

- = -

«Қазақ мұңы» газетінің алғашқы саны жарық көрді

26385
Газет Әліби Жангелдиннің бастамасымен құрылған. «Қазақ мұңы» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш партиясына қарсы бағыт ұстанды.
Облыстың еңбекші бұқарасына өкіметтің алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндірді. Көп ұзамай, азамат соғысының басталуына байланысты, Дутов ақгвардияшыларының билігі жүре бастаған кезде, газет шығуын тоқтатқан. Редакторы Нәзір Төреқұлов. Газеттің алғашқы саны 1918 жылы 21 наурызда Орынборда жарық көрді. Осы тұста «Қазақ» газеті алашордашыл басылым деген айыппен жабылып, баспаханасы тәркіленді. Оның орнына «Қазақ мәселесі» мен «Известия» шығарылсын деген қаулы қабылданған. Газеттің бірінші нөмірінде Ә.Жангелдиннің кеңестердің облыстық съезін ашардағы сөзі толық берілді. «Қазақ мәселесі» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш партиясына қарсы бағыт ұстанды. Облыстың еңбекші бұқарасына өкіметтің алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндірді. Көп ұзамай, азамат соғысының басталуына байланысты, Дутов гвардияшыларының билігі жүре бастаған кезде, газет шығуын тоқтатқан.