Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәбит Мұқановтың дүниеге келген күні.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

- = -

«Жаппай ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды бекіту және кулактармен күрес жөніндегі іс-шаралар туралы» КСРО қаулысы

26316
«Жаппай ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды бекіту және кулактармен күрес жөніндегі іс-шаралар туралы» КСРО қаулысы - e-history.kz
1930 жылғы 1 ақпанда КСРО ХКК және КСРО ОАК «Жаппай ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды бекіту және кулактармен күрес жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулы шығарды, ол бойынша жекеменшік шаруа қожалықтарында «орташаларға» қатысты аудандық және аймақтық АК дербес бірлескен шешімі бойынша кейбір ескертулермен жерді жалға алу құқығы мен жалданбалы еңбекті қолдану құқығы жойылған (1 б.). Өлкелік және облыстық АК және республикалар үкіметіне «кулактармен күрес жүргізген кезде кулактардың мүлігін толық тәркілеп, оларды қоныс аудартып барлық қажетті шаралар» қолдану құқығы берілді (2-б.)