21 жыл бұрын ҚР Конституциялық Кеңесі — Конституцияның аса жоғарғы заңдық және тікелей орындалуына ықпал жасайтын орган құрылды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Аталған органның төрағасы, ҚР Президентімен тағайындалған екі мүшесі, Сенат пен Мәжіліс тараптарынан екі мүшесі бар. ҚР Конституциясының 72-бабына сай, Конституциялық Кеңес Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді. Ол Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды. Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды. Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді.
Бүгін тарихта
21 жыл бұрын ҚР Конституциялық Кеңесі құрылды
18 жыл бұрын «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заң жарияланды