Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәбит Мұқановтың дүниеге келген күні.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

- = -

Ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күні

26124
Ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күні - e-history.kz
Қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күні
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы 15 қазанда Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған. "Өткен күндер" атты тұңғыш өлеңдер жинағын 1914 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастары ұйымдастырған "Бірлік" қауымы басшыларының бірі болған. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске тілектес өлеңдерін жазған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен дәріс берген. Осы жылы "Асығып тез аттандық" өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, "Жас қазақ" революциялық ұйымын құрған. "Тіршілік" газетін шығаруға ат салысқан. 3 айлық педкурста мұғалім болған.