Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәбит Мұқановтың дүниеге келген күні.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

- = -

Қазақстан Республикасы БҰҰ құрамына кірді

25937
Қазақстан Республикасы БҰҰ құрамына кірді - e-history.kz
Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ құрамына кірді. 1992 жылдың 15 маусымында ҚР Президентінің Жарлығымен БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігі ашылған.
Біріккен Ұлттар Ұйымы — екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. Штаб-пәтері Нью-Йорк (АҚШ) қаласында орналасқан. Ағымда БҰҰ құрамына 193 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д. Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945 ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды. Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ құрамына кірді. 1992 жылдың 15 маусымында ҚР Президентінің Жарлығымен БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігі ашылған. Қазақстан БҰҰ-ға мүшелікке қабылданғанда оның құрамындағы 168-ші мемлекет болды. БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігі Президент Жарлығымен 1992 жылдың 15 маусымында ашылғаннан бері еліміздің сыртқы саясатының міндеттері мен мақсаттарын алға апарудағы, әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтаудағы оң бастамаларды жүзеге асырудағы, өңірдегі және ел ішіндегі маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі белсенді құрамдасының қызметін атқарып келеді. 1992-1999 жж. БҰҰ-ғы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы тағайындалды. А.Х. Арыстанбекованың дипломаттық дарыны, ұйымдастырушылық қабілеттері БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында егеменді Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кірген күні (1992 ж. 2 наурыз) айқын көрінді. Бүкіл құжаттарды дайындау, ұйымдастыру жұмыстары оның мойнына жүктелді. Қазақстан 2012 жылдың басында ЮНИСЕФ Атқарушы Кеңесі Бюросының құрамына бір жылдық мерзімге сайланды. Тарихта алғаш рет БҰҰ жүйесіндегі маңыздылығы бойынша екінші лауазымға — БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлығына Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды, ол БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры және Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы болып табылады. Оның тағайындалуы қазақстандық өкілдің жоғары кәсіби, саяси деңгейін және мемлекетіміз бен оның Басшысының мәртебесінің мойындалғанын айғақтайды. БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметі БҰҰ Даму Бағдарламасын (ПРООН), БҰҰ Балалар Қорын (ЮНИСЕФ), БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) ішкі аймақтық кеңсесін қамтитын Елдік команда түрінде жүзеге асырылып жатыр, сонымен бірге ЮНЕСКО, БҰҰ Жоғарғы Комиссарының Босқындар істері жөніндегі басқармасы, БҰҰ-Әйелдер істері жөніндегі басқармасы, БҰҰ АИТВ/ ЖИТС бойынша Біріккен Бағдарламасы (ЮНЭЙДС), БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы, ДСҰ, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, БҰҰ Еріктілері, Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) аймақтық өкілдіктері жұмыс істеп жатыр.