Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәбит Мұқановтың дүниеге келген күні.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

- = -

1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдады.

25931
1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдады. - e-history.kz
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдады.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСРЖоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша Республика Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Декларацияда Республиканың Егеменді республикалар одағына теңдік құқықты негізде (1-бап) кіру ниетімен қоса, ең алғаш рет Қазақ КСР егемендік құқығының жағдайы үшін үш принципті мемлекеттік -құқықты нормалары анықталды. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы [ http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD ] басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент [ http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%82 ] - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер [ http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%80 ] , оның қойнауы, су [ http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83 ] , әуе кеңістігі [ http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D3%98%D1%83%D0%B5_%D0%BA%D0%B5%D2%A3%D1%96%D1%81%D1%82%D1%96%D0%B3%D1%96&action=edit&redlink=1 ] , өсімдіктер [ http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80 ] мен хайуанаттар дүниесі [ http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A5%D0%B0%D0%B9%D1%83%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80_%D0%B4%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%81%D1%96&action=edit&redlink=1 ] , басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Декларацияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді.