Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәбит Мұқановтың дүниеге келген күні.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

- = -

98 жыл бұрын жазушы, аудармашы, Ұлы Отан соғысының ардагері Жарылғапов Ісләм дүниеге келді

25874
98 жыл бұрын жазушы, аудармашы, Ұлы Отан соғысының ардагері Жарылғапов Ісләм дүниеге келді - e-history.kz
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Алматы педагогикалық училищесін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын КСРО Сыртқы істер министрлігінің жоғары дипломатиялық мектебін бітірген.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы, сектор меңгерушісі болған. «Жазушы» баспасында, Мәдениет министрлігінде, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде жауапты қызметтер атқарған. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры болып істеген. 1975 жылдан шығармашылық жұмыста болған қаламгер көркем аударма саласында жемісті еңбек еткен. Ол аударған А.Пушкиннің, А.Герценнің, М.Шолоховтың, Д.Собольевтің, М.Лермонтовтың, М.Пришвиннің және көптеген шетел жазушыларының шығармалары көркем аударма жанрының озық үлгісі ретінде танылды. Оның мазмұны бай, ойлы публицистикалық, әдеби-сын мақалалары республикалық баспасөзде үнемі жарияланып тұрды. Әсіресе оның әдеби терминдер, жеке атаулар жасаудағы еңбегі ерекше. Жазушы ұлттық терминология жасау ісіне араласып, қазақ тілі қорын «оқырман», «жағажай», «балмұздақ», «перзентхана», «уыздық», «теледидар», «ғарыш», «жағажай», «саяжай», «көрермен», т.б. 500-ден астам жаңа терминдермен байытқан. Бірнеше мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.