Ұлытау экспедициясының нәтижелері
12.11.2014 3295
Ұлытау экспедициясы 2014 жылғы 11 тамыз бен 23 тамыз аралығында өткен болатын. Экспедицияны Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы (ҚҰГҚ) жүргізді.

Экспедицияға қазбашы-тарихшылар, географтар, биологтар, ботаниктер, туризм саласындағы сарапшылар, сондай-ақ ұшқышсыз ұшатын аппараттардың операторлары қатысты. 

Қазіргі таңда ҚҰГҚ-да экспедицияның алдын ала қорытындысы шығарылды: жергілікті елді мекендердің экономикалық және географиялық ерекшеліктері туралы ақпарат жинақталды.

Географиялық анықтама

Ұлытау ауданы Қарағанды облысының батыс бөлігінде орналасқан. Аумағы бойынша Қазақстандағы ең ірі таулардың бірі болып саналады, аумағы 121,6 мың шаршы километрге тең. Оның әкімшілік орталығы — Ұлытау ауылы. Аудан аймағы 12 293 105 гектарға (облыстың жалпы аумағының 28,7%) тең. Облыстық орталықтан ол 700 км шақырым жерде орналасқан. 2013 жылдың 1 қантарына аудандағы халқы саны 13 840 адамды (облыстағы халықтың 1,1%) құрады. Ауданда 12 ауылдық, 3 кенттік және 29 ауылдық мекен бар.

Қорғалатын аумақтар

Қазіргі кезде мұнда қорғалатын Ұлытау мемлекеттік табиғи қорығы орналасқан. Оның аумағы: 19,3 тыс. га.

Су қорлары

Ұлытаудың географиялық ерекшелігінің бірі — сирек өзендердің арнасы. Аймақтың ірі өзендеріне Қаракенгір, Сарыкенгір, Сарыторғай, Үлкен, Жезді, Білеуті, Қараторғай, Сарысу өзендері жатады. Аумақта жазда кеуіп кететін таяз өзендер көптеп кездеседі. Мұнда Барақкөл, Қоскөл, Құмкөл, Ащыкөл өзендері орналасқан, орта тереңдігі — 10-15 м. Ұлытау ауданында көптеген бұлақтар да жайғасты.

Климаты

Климаты шұғыл континенталды болып келеді, қысы қатал, қар аз болады, орта температурасы - 20-25 градус. Жазы ыстық пен құрғақ болады, орта температурасы + 25 +30 градус.

Әулие тауы

Флорасы мен фаунасы

Аймақтағы жануарлар әлемі әр түрлі болып келеді. Мұнда киіктер, қасқырлар, түлкілер, қояндар, еліктер, қабандар, күзендер, қарақұйрықтар, ал бауырымен жорғалаушылардың ішінен — далалық сұр жылан, кесіртке, сары бауыр кесіртке — мекендейді. Аумақтың жерінде құстың кейбір түрлерін кездестіруге болады: үйрек, үкі, қыран, жапалақ, жабайы қаз, дуадақ, тырна, тоқылдар, көкек. ҚР «Қызыл кітабына» Ұлытуда өсетін қайындар (Орталық Қазақстанда оларды сирек көруге болады) енді.

Өнеркәсібі

Ұлытау аумағында тау-кен мен өңдеуші кәсіп дамыған. Ірі мен орта өнеркәсіпті кәсіпорындарға «Орба тас» ШЖС, «Ақ тас» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясының тұсындағы Қарсақбай металлургиялық зауыты, «Ұлытау» мен «Жезбұлақ» коммуникалды мемлекеттік кәсіпорындары жатады.

2008-2012 жылдардағы уақыт ішінде аймақтың өндірістік көлемі 897,6-дан 393,0 млн. теңгеге дейін немесе 44% пайызға азайып кетті. 2009 жылы физикалық көлемі 105%-ға көбейіп кетті.

2007-2011 жылдарындағы физикалық көлемнің индексі мен тауар өнімінің өзгеру динамикасы

Әулие тауындағы қасиетті үңгір


Ұлытау тауының етегінде Елбасымыз болашақ Қазақстан туралы өз ойларымен бөлісті. Ұлытау туралы Президент Н. Ә. Назарбаев: «Қасиетті Ұлытау  — Қазақ елінің баяғыдан бергі тарихи және саяси кіндігі», — деп атап өтті. Ұлытауды туризм орталығына айналдыру мәселесі мемлекет тарапынан қолға алынып тұр.

Ұлытаудағы Тамды петроглифтері

Ұлытау қазақтар үшін әр кезде қасиетті жер болып саналған. Ол қазақтарға қару-жарық жасау үшін металл, малға керемет жайлаулар берген. Академик Әлкей Марғұлан: «Ұлытау — халқымыздың ел болып қалыптасуына, бірлік-тірлігіне діңгек болған, иісі қазақтың айналып соғар түп қазығындай қасиетті мекен. Ұлытау қазақтың ерте кездегі саяси орталығы ретінде маңызды болғандығына бір дәлел қазақ ұлысының негізін құрған басты-басты тайпалардың барлығының жері осы Ұлытаудан тараған» деп жазды. Ондағы тарихи орындар мен ескерткіштер тарихи-мәдени маңызға ие.

Жошы ханның кесенесі 

Тамды өзенінің арнасы