Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 22 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

22 Желтоқсан

22 Желтоқсан 1995

«Жер туралы» ҚР қаулысы шықты

Реформалар мен нарықтық қатынастың дамуына байланысты «Жер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар, 1995 жылғы 22 желтоқсандағы жарлығы, бұрын бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конститутциясына сәйкес жер иелену құқығы жойылып және Қазақстан азаматтары үшін және заңды тұлғалардың басқа санаттары үшін жерге жартылай жекеменшік құқығы мен тұрақты пайдалану құқығын сатып алу құқығы енгізілді.

Жер заңнамасында енгізілген, өзгерістерге байланысты жер салығын төлеушілерінің құрамы да өзгерді. Қазіргі уақыта жер салығын төлеушілер болып бірыңғай жер салығының төлеушілерінен басқа, жеке меншігінде тұрақты пайдаланудағы немесе жер учаскелерін алғашқы тегін уақытша пайдаланудағы,  заңды және жеке тұлғалар болып табылады.

Жоғарыда аталған «Жер туралы» қаулысын енгізу кезінде оның 122 бабымен қарастырылғандай «тұрақты пайдалану құқығын сатып алмаған азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалар жер учаскесін соңынан сатып алу құқығымен тұрақты жер пайдаланушысы болып табылады».

22 Желтоқсан 1992

22 жыл бұрын «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» ҚР алғашқы Заңы қабылданды

22 жыл бұрын «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» ҚР алғашқы Заңы қабылданды.