Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 27 Қараша

Оқиғалар күнтізбесі

27 Қараша
1963 53 жыл бұрын М. Әуезовтің әдеби-мемориалды музей-үйі ашылды
Бұл мекенде қазіргі күні елімізге белгілі іргелі мәдениет орны «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы қызмет етеді
1930 86 жыл бұрын Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің іргетасы қаланды
Оқу ордасының негізі 1930 жылы қаланған

27 Қараша 1963

53 жыл бұрын М. Әуезовтің әдеби-мемориалды музей-үйі ашылды

1963 ұлы жазушы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми-мәдени мекеме ретінде «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы ашылған. Орталық 1951-1961 жылдары Алматыда жазушының өзі тұрған Төлебаев көшесіндегі 155-ші үйде орналасқан. Орталық негізінен, үш бағытта жұмыс жүргізеді:

Бірінші бағыты - жазушының өмірі мен шығармашылығы мұрасын жинақтау, оны ғылыми жүйеге түсіріп саралау, жариялау және әуезовтану саласы бойынша жарық көрген еңбектерді жинау.

Екінші бағыты - мұражайдағы қолжазбалар мен экспонаттарды, кино, фото, дыбыс қорларындағы мұраларды ғылыми жүйеге түсіру, көрме ұйымдастыру. Қолжазба қорында 72 мыңнан астам мұрағаттар, сирек кездесетін кітаптар, жазушының күнделіктері мен жолжазбалары, мұрағаттардан жинаған құнды деректер, жеке басы құжаттары, т.б. бар.

Үшінші бағыты - М.Әуезовтің азаматтық, шығармашылық құқығын қорғау.Мұхтар Әуезов бұл үйде 1951-1961 жылдар аралығында тұрған. Мұнда ол өзінің «Абай жолы» роман-эпопеясын жазды.

27 Қараша 1930

86 жыл бұрын Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің іргетасы қаланды

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің тарихы Ресейден басталады. Ленинград қаласында құрылған механикалық-конструкторлық техникум соғыс жылдары Петропавлға көшірілген. 1942 жылдан бастап ол қалалық кәсіпорындар үшін кадрларды даярлайды. Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің қабырғасында 14 мамандық бойынша студенттер білім алып жатыр. Білім мекемесінен 50 мыңнан астам түлек қанат қаққан.