Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 13 Қараша

Оқиғалар күнтізбесі

13 Қараша

13 Қараша 1970

44 жыл бұрын «Қыз Жібек» көркем фильмі прокатқа шықты

Фильмнің сюжеттік желісіне арқау болған халықтың әдеби «Қыз Жібек» аңызы қазақ халқының 16-17 ғасырларда орда басшыларының өзара қақтығыстары орын алған кезеңді бейнелейді. Аңыз бойынша жауласқан екі әулеттен шыққан қыз бен жігіттің сүйіспеншілігі мен махаббатымен қатар, фильмде ұлт біріктілігі мен берекесін аңсаған қарапайым көшпелі қазақтың тұрмысы мен болмысы айқын көрініс тапқан.

Сұлтан Қожықов түсірген фильм ҚазСРО Мемлекеттік сыйлығын алды, сондай-ақ сценарий авторы Ғабит Мүсірепов, басты рөлдерді сомдаған Асанәлі Әшімов, Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова үздік актерлер ретінде дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. 1972 жылы Тбилиси қаласындағы (Грузия) V БКФ-де фильм көркемдік безендірілуі жағынан ең үздік болып танылып, диплом мен сыйлықты жеңіп алды.

13 Қараша 1997

17 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мұражайының ресми ашылу салтанаты өтті

Шараға ҚР Президенті Н. Назарбаев қатысып, мұражайдың «Құрметті қонақтар кітабына» естелік жазба қалдырды.

Ұлттық банк мұражайы қорында 5 мыңнан астам экспонат қойылған. Олардың қатарында Николай ІІ патша бейнеленген құны 5 және 10 рубльдік монеталар, 1898-1899 жылдардағы Ұлы Петр, Екатерина ІІ, Николай ІІ, Александр ІІІ бейнеленген патшалық Ресей шақалары, 1920 жылы шығарылған «жібек ақшалар» деп аталатын банкноттар мен шақалар, алыс және таяу шет елдердің ақша белгілері, Қазақстан теңге сарайының бұйымдары, т. б. сақталған. «Алтын адам» макеті мұражайдың декоративтік орталығында орналасқан.