Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 4 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

4 Қазан
2008 2008 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы құрылды
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы – әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын холдинг.
1957 1957 жылы алғаш рет Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарыш ракетасы ұшырылды
1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.
1920

4 Қазан 2008

2008 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы құрылды

Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингіакционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды. 

2010 жылдың 31 желтоқсанына қордың активы 12 815,3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 1 741,3 млрд теңгеге өскен.

Қор қызметінің негізгі міндеттері: компаниялардың ұзақ мерзімді экономикалық құндылығын барынша көбейту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; компанияларды корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін енгізу және ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады. 


4 Қазан 1957

1957 жылы алғаш рет Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарыш ракетасы ұшырылды

Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысыҚармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған.Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. 

Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.



4 Қазан 1920