Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 17 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

17 Қаңтар

17 Қаңтар 1996

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды

Мемлекетаралық қатынастарды дамыту бойынша, екі тараптың күшінің маңызды бағыттарын айқындайтын, негізгі халықаралық-құқықтық құжаты, 1996 жылдың 17 қаңтарында Минск қаласында қол қойған, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы шарты болып табылады.

2011 жылдың мамыр айында Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келді, 2012 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Беларусь еліне ресми сапармен барды.

Беларусь және Қазақстан мемлекет басшыларымен екі ел үкіметі алдына сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл аудара отырып, Беларусь пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасын екіжақты дамыту бойынша нақты тапсырмалар қойды.

Басым бағыттары бойынша бірлескен жұмыстарды жүйелендіру мақсатында 2009-2016 жылдарға Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының арасында экономикалық ықпалдастық Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша екіжылдық негізде Жоспар құрып және бекітіледі (екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша «Жол картасы»).

Мәдени-гуманитарлы салада ынтымақтастықты тереңдету бойынша қосымша қадам ретінде Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті базасында Беларусь тілі мен мәдениеті Орталығының және Беларусь ұлттық техникалық университеті базасында Абай атындағы қазақ тілі, тарихы және мәдениеті Орталығын құру болды.

Беларусь және Қазақстандық ынтымақтастығының маңызды құрамдастығы болып халықаралық аренада екі тараптың сындарлы өзара әрекеті болып табылады. Беларусь пен Қазақстан БҰҰ, ЕҚЫҚ, ҰҚКҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕЭҚ, Кедендік одақ және біртұтас экономикалық кеңістік және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде сындарлы қызмет атқарып келеді.


17 Қаңтар 1992

Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң қабылдады

1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күшіне еніп, соған сәйкес прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган болды.

Ары қарай олар өз бекітілімін 1995 жылдың 30 тамызындағы республикалық референдумында қабылданған Ата Заңда және 1995 жылғы 21 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы прокуратура туралы» Заңдық күші бар, ҚР Президентінің Жарлығында тапты.

Қазақстан Республикасының Конститутциясында прокуратура органдарының мәртебесі, олардың өзіне тән құзіреті бекітілген және прокуратура Республика Президентіне есеп беруші орган болып белгіленген.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінің бірінде, прокуратураның ролі бүкіл құқыққорғау жүйесінің түйіні екендігін атап өтті.