Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның қазақ қоғамының бірігуіндегі рөлі» халықарлық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі

29482
«Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның қазақ қоғамының бірігуіндегі рөлі»  халықарлық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі - e-history.kz

07.04.15

2015 жылы 8 сәуір күні сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның қазақ қоғамының бірігуіндегі рөлі» тақырыбында Халықарлық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. 

Конференцияда этникалық саясат саласындағы қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының көкейкесті мәселелерін, жаһандану дәуірінде төзімділік мәдениетін қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін қарастыру жоспарлануда. 

Конференция келесі бағыттар бойынша өткізіледі: 

— Қазақстандағы этнодемографиялық процестердің тарихы. 

— Қазақстан халқы Ассамблеясы — бірегей әлеуметтік институт ретінде. 

— ҚХА-ның жұмысы үшін ғылыми-әдістемелік қолдау: кафедралардың қызметі , ҚХА-ның ғылыми-зерттеу орталықтары. 

—Халықаралық қауымдастық пен Қазақстан халқы Ассамблеясы. 

— Этникалық саясаттың әлемдік тәжірибесі. Мультикультурализм.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ұйымдастырып отырған шараға ҚХА төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов, Украинанның Қазақстандағы Елшілігі жанындағы Украина ғылым және мәдениет орталығының директоры Петр Токарь, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков секілді қоғам және мемлекет қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, шетел мемлекетінің елшілері, ғалымдар, профессор-оқытушылар, қызметкерлер, этномәдени орталықтар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері қатысады деп күтілуде. 

Шараның мақсаты — Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін 130 ұлттың өкілдері татулықта өмір сүріп жатқан еліміздің ұлттық саясат институты ретінде анықтау және Қазақстандағы этникааралық достық, ынтымақтастық пен этносаясатты насихаттау. 

Сондай-ақ ҚХА-ның қоғам бірлігі мен ынтымағына қосқан үлесі, ҚХА және оның қазақ қоғамының бірігіуіндегі рөлі, этносаясаттағы әлемдік тәжірибе, этнодемографиялық өсім, сонымен қатар ҚХА ғылыми орталықтары мен кафедралардың атқарып отырған жұмысы кеңінен талқыланбақ. Халықаралық конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Ғылыми мақала конференция тақырыбымен сәйкес, өзекті, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы тиіс. Сонымен қатар төменде көрсетілген орфография, тыныс белгілерінің ережелеріне және рәсімдеу талаптарына сай болуы қажет.

Байланыс мәліметтері: Астана қ., Мирзоян көш., 2, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 241 каб., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, тел. 8 (7172) 709-500 (ішкі. 31- 213), жауапты хатшы - Жанатаева Ә.Н..


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?