Көшпелі өркениет
және шежіре
Ежелгі өркениеттердің көбі, атап айтсақ, Египет, Өзенаралық, Ежелгі Греция, Рим, Қытай субтропикалық белдеуде пайда болған. Субтропиктердегі климаттық жағдай шаруашылық жүргізудің ең тиімді түрін – егін шаруашылығын белгілейді. Әр жерлерде және әр уақытта пайда болған бұл өркениеттер, белгілі бір орталықтардың айналасында қалыптасқан, онда соңғы кезде материалдық мәдениеттің ескерткіштерін табамыз. Олардың басты құндылығы – құнарлы жер. Және де қоғамдағы барлық қарым-қатынастар осы жердің меншіктігі негізінде құрылған. Халықтың шоғырландыруы көптеген ғасыр бойына осы ежелгі өркениеттің бірегей ошақтарын құрған.
Көшпелі мәдениет егін шаруашылығы өркениетіне қарағанда, далада пайда болды. Егер де картаға көз жүгіртсек, Еуразияның едәуір бөлігін дала алатыны көрінеді. Дала – бұл түрік халықтарының тұрғылықты орны. Біздің ғасырымызға дейін мыңжылдық аралығында көшпелі мал шаруашылығы сияқты шаруашылықтың түрі пайда болды. Ол біздің заманымызға дейін сақталды, себебі далада өмір сүрудің ең оңтайлы тәсілі болып табылады. Жайылымдардың барлығы рулар арасында бөлінген. Адамдардың ру белгісі бойынша бірігуі бірқатар артықшылық берген: аумақты ұстап қалу жеңіл, шаруашылықты жүргізу жеңіл болған.
Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында мемлекеттік құрылымдық бірлігі ру болды. Әр адамның мүлігі мен әлеуметтік жағдайы оның ру ішінде алатын орнына байланысты белгіленген. Соғыс әрекеттері кезінде әрбір ру жауынгерлердің белгілі бір санын шығарған. Ру ішінде барлық істі ру басы шешкен. Үлкен рулар жарты руларға бөлінген, ал рулар болса өз кезегінде рулардың одағы - жүзге бөлінген. Мемлекет басшысы қаған немесе хан рулар мен жүздер басшыларымен мемлекетпен басқару мәселелері бойынша негізгі сұрақтарды шешкен. Бұл құрылым жүз жылдықтар бойы өзгерілмеген. Сол себептен әрбір жеке адамға өзінің руға қатыстығын білу өте маңызды болған. Өз руына жатпаған адам қоғам өмірінен шығарылып тасталған.
Көшпелі мал шаруашылығы адам қорының үлкен шығынын қажет етпей-ақ, өнімнің мол өсімін береді. Шаруашылықты дұрыс жүргізген кезде, мал тез арада өсіп-өніп, көшпенділерді барлық қажетті заттармен тамақпен, киіммен, тұрғын үймен молынан қамтамасыз еткен. Сол себептен бос болған адамдардың бөлігі қызмет көрсетудің басқа түрлерін игере алған: металлды өндіру және өңдеу, ағаш өндіру, керамиканы жасау, былғары мен матаны өңдеп шығару, киіз өндірісі, зергерлік өнер, медицина, астрономия, ғылым мен дін. Даланың жазирасындағы қолайлы жерлерде егін шаруашылығы дамыған. Ондағы халық отырықшы тұрмыс кешкен, қалалар салына бастады. Халықтың отырықшыл және көшпелі болуына байланысты, шығарылған өнім де әр түрлі болған, олай болса тауар алмасу мен сауда дамыған.
Сайын далада үлкен қашықтықты өту дағдысы бар адам ресурсының бар болуы, дамыған жылқы және түйе шаруашылығы, дөңгелектерді және арбаны ойлап шығару сауданың қарқынды дамуына әкелді. Солай, Ұлы Жібек жолы пайда болды, ол үш мыңжылдықтан астам уақыт, біздің дәуіріміздің 16 ғасырына дейін, Еуропадан Азияға дейін теңіз жолы және Америка ашылғанға дейін қызмет еткен.
Қазақтардың барлығы өз шежіресін құнттап сақтаған. Бұл қазіргі қазақтардың соқыр сезімінде терең отыр. Адамдар өз шежірелерін не үшін сақтағаны туралы әдетте есеп бере алмайды, алайда бұл өте маңызды екендігінде күмән жоқ. Көптеген қазақтар өз шежіресін жатқа білмесе де, қай руға жататындығын нақты біледі. Әрбір қазақ отбасында шежіре бар. Шежіре – генеологиялық жазбалар. Олар әкеден ұл балаға беріліп, және де ерлердің бірнеше ұрпақтарынан тұрады. Кейде осы жазбаларға аса көрнекті әйелдерді де енгізеді. Аттардан басқа осы жазбаларда өмірбаян, тарих және де маңызды оқиғалардың географиясы, аңыздар жазылады. Көбінесе отбасыда өз ата-бабаларының заттарын атамұра ретінде сақтайды, олар: кітаптар, ер-тоқым, киім, әшекей және т.б. Сол заттардың ішінде 16-18 ғасырларда жасалғаны да жиі кездеседі. Қазақ халқының өз шежіресін білу әдеттегі қалып, бұл ерекше көрініс болып табылмайды. Егер де осыған басқа халықтың көзқарасынан қарасақ, бұл құбылыс бірегей болып көрінеді. Көптеген біздің қазақ емес достарымыз біздің отызға жуық арғы аталарымызды білетінімізді естіп, таң қалады.
Қазіргі кезде қазақтардың генеологиялық мұрасымен жағдай бір мағыналы емес. Бір жақтан, тарихшылар шежірені жинайды, зерттейді, қазақ тілді БАҚ осы тақырыпта көптеген қызықты материалдарды жариялайды. Алайда қазіргі қазақстандық қоғамда, қазақтардың өзін қосқанда, тұрғындардың көп бөлігі орыс тілді болғандықтан, сол БАҚ жеткілікті аудиториясы жоқтың қасы. Көпке тараған және ықпалды орыс тілді БАҚ осы тақырып кенже қалып тұр, тіпті қозғалмайды деп айтуға болады. Халықтан шығатын бастамалар үлкен жүздердің өкілдері, найман, жалайырлар, арғындар және т.б. сияқтылар өз руының шежіресі туралы кітап шығарумен шектеледі, онда 40-50 мың ат қамтылған. Ресми құрылымдар трайбализмнен, қазақтарды жүзге, руға бөлінуінен қорқып, үн қатпай отыр. Әрине, бұл кеңес уақытының мұрасы, бұл тақырыпқа тыйым салынған еді, БАҚ ықпалы шежіренің халық арасында жайылғандығын өз пайдасына жұмсап, шенеуніктер рулық тиістілік бойынша жасырын кадрлық саясатты өткізетіні туралы жанжалды мақалаларды жазады.
Бай мұра бізге Далада өмір сүрген ежелгі өркениеттен жетті. Уақыттың бұрмалануы орын алған, көп нәрсе түсініксіз. Біз адамдардың өзара түсіністігі, жақындасуы мақсатында қазақ халқының және өзге де түрік халықтарының тарихы және мәдениетін зерттеу мен дәріптеуіне өз үлесімізді қосқымыз келіп отыр. Соңғы кезде көшпелі өркениет өшкен сайын, оның құндылығы да жоғалып бара жатыр. Біздің ата, әкелеріміздің ұрпағы, ал олармен бірге естелік да кетіп барады. Тағы бір-екі ұрпақтан кейін шежіре де ұмытылады. Біз ежелгі өркениеттің осы мұрасын сақтап қалуды қалап отырмыз.