Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Болашақтың инновациялық ойлары

941
Болашақтың инновациялық ойлары - e-history.kz
Берлинде «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті

Қазақстанның Германия Федеративті Республикасындағы Елшілігінде «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті. Шара Тұңғыш Президент күніне арналды. Жиынға неміс қоғамдық-саяси орта өкілдері, министрлік жетекшілері, сарапшылар мен кәсіпкерлер қатысты. Әңгіме Қазақстанның 21 жыл ішіндегі қарқынды даму тақырыбы төңірегінде өрбіді. Елімізде іске асып жатқан индустриалды инновациялық даму бағдарламасы, «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құру», әлеуметтік модернизация, «G-CLOBAL» жобасы және Еуразиялық экономикалық интеграция реформалары жөнінде мол мағлұмат айтылды. Бұл бағдарламалар бір төбе, халықаралық «АТОМ» жобасының жөні - бір бөлек.

Ү.ж. 26 қарашада ГФР-дағы ҚР Елшілігінде ҚР мемлекеттік мерекесін Тұңғыш Президент күнін тойлауға арналған «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға неміс қоғамдық-саяси топтарының өкілдері, ГФР министрліктер мен ведомстволарының қызметкерлері, герман сарапшылары, журналистері және кәсіпкерлері қатысты.

Құттықтау сөзінде Елші Нұрлан Онжанов қатысушыларды Мемлекет басшысының негізгі бастамаларымен, сонымен қатар Елбасының жыл сайынғы жолдауларының басты ережелерімен таныстыра өтіп, Тәуелсіздіктің 21 жылдарындағы республиканың даму қорытындыларын шығарды. Ол халықаралық ұйымдарындағы қазақстандық төрағалығының қорытындылары мен қазақ-герман ағымдағы ынтымақтастығының дамуы туралы айтты.
Шара шеңберінде неміс қатысушылары инновациялық индустриализация, Жалпы еңбек қоғамын ұйымдастыру, қоғамдық модернизация, Еуразиялық экономикалық интеграция және «G-Global» жобасы бойынша Мемлекет басшысының негізгі үндемелерінің контекстінде Қазақстанда өткізілудегі реформаларымен таныстырылды. Қоғамды қоршаған ауа және бүкіл адамзат үшін ядролық қаруды байқап көрудін қауіп пен салдары туралы ашық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында өңделген «АТОМ» халықаралық кампанияны жылжыту бойынша Мемлекет басшысының бастамасы презентацияның және талқылаудың жеке тақырыбы болып табылды.

Өз кезегінде, білім саясаты бойынша ГФР СІМ-нің уәкілі Анна Принц мемлекеттің саяси және қоғамдық модернизациясы бойынша бастамаларының мәнін атап өтті. Неміс СІМ-нің өкілі халық әл-ауқатының өсуі мен мемлекеттегі тұрмыс сапасының жақсартуында Қазақстан Президентінің басты рөліне ерекше көңіл аударды.
ГФР экономика және технологиялар Федералдық министрлігінің ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастық бойынша департаментінің директоры Франк Вайзиг қазақстандық жағын Астана қаласында «EXPO-2017» көрмесін өткізу бойынша жеңіспен құттықтады. Ол «Болашақ энергиясы» атты экспозицияның мәтіні және ҚР Президентінің «Жасыл көпір» бастамасы климатты қорғау және жасыл экономиканы өткізуге Қазақстанның маңызды үлесін дәлелдейтінін атап өтті.

Аспиндік университетінің ғылым директоры Маттиас Дорнфельд ұлтаралық және діни аралық татулықты қамтамасыз етуде, қарусыздандыру мен таратпауда, сонымен бірге аймақтық және глобальды қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстанның саясатына ерекше көңіл бөлді. М. Дорнфельдтің пікірі бойынша мұнда қазақстандық көшбасшысының мәні мен тарихи рөлі бар.
Осы шараның барысында ҚР экономикасының диверсификациясы, индустриалдық потенциалы, сыртқы саяси бастамалары бойынша өткір пікір алысу өтті. Сондай-ақ тәуелсіздік жылдары бойындағы Қазақстанның әсерлі жетістіктері дискуссия қатысушылары үшін үлкен қызығушылық тудырды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?