Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

81 жыл бұрын (1934-1986) қазақ жазушысы, белгілі сатирик Әубәкіров Оспанхан дүниеге келді.

76 жыл бұрын Қазақстан композиторлар одағы құрылды

- = -

Мемлекет басшысы «Ғарыштық қызметі туралы» Заңға қол қойды

26294
2012 жылдың 6 қаңтарында Мемлекет басшысы «Ғарыштық қызметі туралы» Заңға қол қойды. Заң Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Осы Заң ғарыш қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, ғарыш қызметін жүзеге асырудың негізгі ұстанымдарын анықтайды. Ғарыш қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. Бұдан басқа, Н.Назарбаев «Ғарыш қызметі туралы» ілеспе Заңы болып табылатын, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойып және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталды.