2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Конституциялық Заңына қол қойды. Осы заңға сәйкес Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік әнұраны ретінде бекітілді. Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» әнінің мәтініне Қазақстан Республикасы Әнұраны ретінде аталған Заңмен бекітілген, әнді Мемлекеттік әнұран мәртебесіне сәйкес келтіретін, өзгерістер енгізілді. Ресми салтанатты шараларға қатысушылар әнұранды орындау барысында, орнынан тұрып, оң қолының алақанын омырауының сол жағына қойып тыңдайды.
Бүгін тарихта
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Жамбыл қаласының аты Тараз болып өзгертілді
Парижде Мұстафа Шоқай атындағы қазақ-француз достығының қоғамы ашылды