Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

81 жыл бұрын (1934-1986) қазақ жазушысы, белгілі сатирик Әубәкіров Оспанхан дүниеге келді.

76 жыл бұрын Қазақстан композиторлар одағы құрылды

- = -

ҚР ЕҚЫҰ төрағалық етуі құрметіне арналған пошта марка сы айналымға енгізілді

26293
2010 жылдың 06 қаңтарында «Қазпошта» АҚ біздің еліміздің ЕҚЫҰ төрағалық етуі құрметіне арналған, көркем марканы пошта айналымына енгізді.
Алматыда өткен, пошта маркасын салтанатты өшіру рәсіміне, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Дәурен Молдағалиев пен ҚР СІМ кеңесшісі Жанат Зақиев қатысты. Бұл іс-шара - төрағалық етуі құрметіне арналған, арнайы банкнотаны енгізу мен ресми сайтты ашудан кейінгі келесі қадам. 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы міндетіне кірісті. Номиналдық құны 230 теңгелік марка офсетті тәсілмен 4 бояумен айдаршалы перфорацияда орындалған. Суретші Данияр.Мұхамеджанов.