«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

1998 жылы "Қазастан Республикасының сайлауы туралы " заң шығарылды

1998 жылы "Қазастан Республикасының сайлауы туралы " заң шығарылды1998 жылы "Қазастан Республикасының сайлауы туралы " заң шығарылдыКод PHP" style="max-width: 480px; position: relative; z-index: 1;">
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелері Қ.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың: Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі – Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық басқармасының бөлім меңгерушісі М.А.Пакирдиновтің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Е.Ж.Жұмабаев пен Ж.Н.Әбдиевтің, Республика Орталық сайлау комиссиясының хатшысы В.К.Фоостың, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Б.К.Байқадамовтың, Республика Жоғарғы Сотының судьясы Л.Г.Полторабатьконың, Республика Бас прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың, Республика бірінші Әділет вице-министрі И.Д.Меркельдің, Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды талдап жасайтын тұрақты кеңестің өкілі П.В.Своиктің қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің, “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Конституциялық заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы өтінішін қарады.

Қазақша Русский English