Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 6 Шілде

Оқиғалар күнтізбесі

6 Шілде
1994 1994 жылы ҚР Парламенті отырысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады.
1940 1940 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті - Н.Ә.Назарбаев дүниеге келді
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
1925 1925 жылы Орынбор губерниясы РКФСР құрамына қайта енді, ал Қазақстан астанасы Қызыл-Орда қаласына ауыстырылды
1925 жылы 6 шілдеде Орынбор губерниясы РКФСР құрамына қайта енді, ал Қазақстан астанасы Қызыл-Орда қаласына ауыстырылды.

6 Шілде 1994

1994 жылы ҚР Парламенті отырысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-ында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-ында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-ы елорда күні ретінде атап өтіледі.

6 Шілде 1940

1940 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті - Н.Ә.Назарбаев дүниеге келді

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Днепродзержинск техникалық училищесін, Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бiтiрген.

1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарған. 1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы. 1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы. 1979-1984 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бiрiншi хатшысы. 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланған.

2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта  сайланды.

1981-1986 жылдары - Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Тексеру комиссиясының мүшесі, 1986-1991 жылдары - Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, 1990-1991 жылдары - Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі, 1990-1991 жылдары - Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы Федерация кеңесінің мүшесі, 1991 жылы Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы Қауіпсіздік кеңесі мен Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі. Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы Жоғарғы Кеңесінің Х-ХІ шақырылымының депутаты, 1989-1991 жылдары - Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы Халық депутаты болған. 1999 жылдың наурыз айынан «Отан» (Отчизна) партиясының төрағасы, 2006 жылдың желтоқсан айынан «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы, сондай-ақ, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының достығы қорының құрметті төрағасы ретінде халқының этникалық құрамы сан алуан елде ұлтаралық келісім мен әлеуметтік байсалдылық ахуалды орнықтырып, ұлан-байтақ Еуразия кеңістігінде, күллі әлемде бейбітшілік пен татулықты сақтауға, халықаралық экономикалық, саяси-мәдени ынтымақтастық аясын кеңейтуге жеке үлесін қосып келеді.

Н.Назарбаев Қазақстанның тұңғыш Президенті ретінде елді демократиялық даму жолына бағыттап, экономиканы нарықтық қатынастар жолымен түбегейлі түрде реформалау, қоғамдық меншікті жекешелендіру, өндіру және өңдеу салаларына шетел инвестициясын тарту, рухани құндылықтарды сақтау, жаңғырту және байыту саясатын ұстанып келеді. Оның басшылығымен республикада мұнай, газ өндіру, өңдеу және тасымалдау, отын-энергетика кешені, металлургия, транспорт пен телекоммуникация, ғылым-білім, мәдениет және денсаулық сақтау салаларында түбегейлі реформалар жүзеге асуда. Халықаралық құқықтық және демократиялық талаптарға сай Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы, тағы басқа аса ірі нормативті-құқықтық актілер қабылданып, Қазақстанда тұңғыш рет көппартиялық негізде сайланған қос палаталы парламент жұмыс істей бастады. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, оның қолдану аясы кеңи түсті. 1993 жылдың қарашасында Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге еңгізіліп, еркін сауда айналымына жіберілді. Қаржы-қаражат және банк жүйесінде халықаралық талаптарға сай оң өзгерістер жүзеге асырылып, ол өз кезегінде қаржы-қаражат жүйесіне тұрақтылық орнатты. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуы белгіленген «Қазақстан-2030» бағдарламасын жасауға басшылық етті. Ішкі саясатта жүйелі түрде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық бағытын ұстанып келеді. Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты мен геосаяси жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, елдің астанасын Астана қаласына көшіріп, оның заманауи талаптарға сай келбет табуына ұдайы қамқорлық жасауда. Сыртқы саясатта Қазақстанның территориялық тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне АҚШ, Ресей және Англия басшылары кепілдік берген Будапешт келісіміне қол қойды. Дүниежүзінің 100-ден астам елімен дипломатиялық байланыстар орнатып, сыртқы саяси қарым-қатынастарда еуразиялық интеграция идеясының авторы және жүзеге асырушысы болып келеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті.

Нұрсұлтан Назарбаев - «Важнейшее условие интенсификации», «Стальной профиль Казахстана», «Экономика Казахстана: реальность и перспективы становления», «Без правых и левых», «Әділеттің ақ жолы», «Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства», «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде дамуы мен қалыптасу стратегиясы», «Идейная консолидация общества - как условие прогресса Казахстана», «Ресурстарды сақтау және нарыққа өту стратегиясы: нарық және әлеуметтік - экономикалық даму.», «Слово об Абае», «Нарық және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы», «XXI ғасыр табалдырығында», «Еуразиялық кеңістік: интеграциялық потенциал мен оның жүзеге асырылуы», «Ғасырлар тоғысында», «Еуразиялық одақ: идеялар, практика, перспективалар. 1994-1997ж.», «Уроки истории и современность», «Казахстанско-российские отношения», «Казахстан 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев», «Слово о родном народе», «О времени, о судьбах, о себе», «Жаңа Астана - жаңа мемлекет - жаңа қоғам», «Тарих толқынында», «Президент и Парламент», «Мы строим новое государство. Труды и речи», «Туған елім, тірегім», « «Сындарлы он жыл», «Бейбітшілік кіндігі», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстандық жол» сияқты танымдық-талдамалық кітаптар мен тағы басқа  көптеген ғылыми еңбектердің авторы.

Теміртау, Алматы, Бухарест, Астана, Қарағанды, Дулута (АҚШ), Мадрид, Днепродзержинск, Тбилиси, София, Афина қалаларының және Атырау облысының құрметті азаматы.

1992 жылы Н.Назарбаевқа «ТМД-дағы аса маңызды республикалардың бірінде жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйені дамытып, нығайтуға сіңірген қомақты үлесі үшін» «Капри сыйлығы», 1998 жылы Түркия Республикасының 75 жылдығына орай «Түркі әлемі халықтарының арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығы, 1999 жылы «Түркі әлеміне қызмет еткені үшін» сыйлығы, 1996 жылы прогресті дамытуға сіңірген еңбегі үшін Кранс-Монтана халықаралық форумының арнаулы жүлдесі, 1999 жылы «Алтын Атлант» сыйлығы мен халықаралық технология академиясының мүшелік дипломы және Ниобий медалі берілген.

Елбасы Қазақстан Республикасының ең жоғары наградасы - «Алтын қыран» орденімен, «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, Ресейдің жоғары мемлекеттік наградасы - Қасиетті апостол Андрей Первозванный орденімен, Өзбекстанның «Буюк хизматлари учун» орденімен, Румын елінің аса мәртебелі наградасы - «Стяуа Ромынией» орденімен, Қырғызстанның «Манна алтын орденімен, Олмпиаданың алтын орденімен, Украинаның «Ярослава Мудрый», Италияның «Үлкен крест» орденімен, Ватикан елінің  жоғары наградасы Пия орденімен және Тәжікстан, Литва, Австралия, Греция, Хорватия, Словения, Польша елдерінің, тағы басқа көптеген ТМД және шетелдердің ордендерімен және медальдармен марапатталған.

6 Шілде 1925

1925 жылы Орынбор губерниясы РКФСР құрамына қайта енді, ал Қазақстан астанасы Қызыл-Орда қаласына ауыстырылды

1925 жылы 6 шілдеде Орынбор губерниясы РКФСР құрамына қайта енді, ал Қазақстан астанасы Қызыл-Орда қаласына ауыстырылды. 1927 жылы астана Алм-Ата қаласына ауыстырылды. 

Дереккөз: http://ria.ru/world/20081216/157322848.html#ixzz2dd1wUykl