Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Арал мен Семей мәселесінің әлемге алғаш жария болуы

2374
Арал мен Семей мәселесінің әлемге алғаш жария болуы - e-history.kz

Қазақстан 1994 жылдың 14 ақпанда Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге 121-мемлекет болып кірді. 1994 жылы 26 шілдеде Алматыда МАГАТЭ мен қазақстан Республикасы арасында келісімге қол қойылып ДНЯО-ға байланысты кепілдік алынды.

Бұл мәселе 1995 жылы 16 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының Президентінің бұйрығымен тікелей бекітілді.

Келісімге байланысты біздің елдегі барлық ядролық қызмет МАГАТЭ-нің кепілдігіне қойылды. МАГАТЭ Маңғыстаудағы (Ақтау) атом энергия комбинатының БН-350 энергетикалық реакторы, Өскемен қаласындағы «Ульба метал заводына» арнайы шығаратын жанармай заводы, Алатау селосы мен Курчатовтағы Ұлттық ядролық зерттеу реакторы сияқты ядролық объектілер негізгі тексеріс нысанына айналды. Тексеріс мақсаты мынадай еді. Қазақстан ресми мәлімделген ядролық материалдың нақты көлемін білдіреді. МАГАТЭ құрамындағы елдердің техникалық қызметтесу бағдарламасы атом энергиясы мен ядролық-фикалық технологияны пайдаланғандағы қауіпсіздік деңгейінің жоғарлауына, қоршаған ортаны қорғауға, денсаулық сақтауға, әлеуметтік ғылымға бағытталған жаңа өндірістер әдісін меңгеру.

Ұйымға алдыңғы тәжірибелер, қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, ұсыныстарды талдау МАГАТЭ-нің негізгі қызметі болып саналады.

Қазақстан МАГАТЭ-нің технологиялық қызметінің бағдарламысына қатысу өмірдің әр түрлі саласында пайдаланатын қазіргі заманғы ядролық технологияға, халықаралық байланысты кеңейтуге, ядро-физикалық технология мен атом энергиясын бейбіт жолда тиімді пайдалануға және қазіргі заманғы қауіпсіздік деңгейіне мүмкіндік беріп, Қазақстанның халықаралық қатынастағы мәртебесін көтеруге өзінше үлес қосыты. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінің өзінде-ақ экологиялық және гуманитарлық апат аймақтары болып саналатын ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен Семей өңірі мен жер бетінен құрып бара жатқан Арал теңізіне барынша назар аудара сөйлегені баршаған аян.

Н.Ә. Назарбаев өзінің сөйлеген сол сөзінде былай деді. «Экология мен қошаған ортаны қорғаудың өмірлік маңызы бар мәселелеріне тоқталғам келер еді. Қазақстан үшін олар кем дегенде екі сөзді – Арал мен Семейде көрініс тапқан. Тартылып, қаңсып бара жатқан Арал теңізі – бұл шұғыл да ауқымды халықаралақ көмекті талап ететін экологиялық апат аймағы. Оның алабының 150 млн тонна тұзды ұшыра отырып, шөлге айналуы 3 млн адам тұратын орасан зор аймақ экологиясының күрт нашарлауына, экономикасы мен денсаулығы үшін келеңсіз салдардың өсуіне соқтырады. Егер бүгін ол ондаған мың адамның қасіреті болса, күні ертең, Біріккен Ұлттар Ұйымы шұғыл түрде араласпаса, миллиондаған адамның қасіретіне айналады.

Қазақстан Арал теңізін сақтау жөніндегі жоспарда талдап, әзірлеуге жәрдемдесу жобасын құру туралы ЮНЕП басшылығының шешімі, сондай-ақ осынау халықаралық ұйымның сарапшылар тобының Арал бойын әлемдік ауқымдағы экологиялық қасірет аймағы деп жариялауды ұсынған қызметі ризашылық сезіммен қабыл алынды.

Біздің енді бір экологиялық жарамыз – бұл Қазақстан жерінде біздің халқымыздың ерік-қалауына ықтиярсыз түрде салынған әлемдегі ең үлкен екі полигонның бірі – Семей ядролық полигоны. Мұнда ауада, жерде, жер астында жарты милионнан астам адам зардап шеккен ядролық оқтықтардың жиынтық қуаты Хиросима мен Нагасакидегі қасіреттің көзіне айналған қондырғылардың қуатынан жүздеген есе асып түседі.

Біздің үкіметіміздің шешімімен осынау апат көзін жаптық, бірақ осынау аймақты сауықтыру, зардап шеккендерді емдеу, жаңадан туған сәбилерді қауіпсіздендіру үшін орасан зор қаржы қажет. Осы негізде қазақстандықтар белсенді халықаралық көмекке мұқтаж.

Бүгін, 5 қазанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының елді мекендер жөніндегі орталығы (Хабитат) құрылуының бір жылдығы атап өтілуде. Біз оны толық мәнінде пайдалану үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек» деген болатын.

Сөйтіп, Семей палигоны туралы қарардың қабылдануына бұрынғы БҰҰ-ның Қазақстанның тұрақты елшісі А.Х. Арыстанбекованың еңбегін айырықша атап өткеніміз жөн. Әлемнің 191 мемлекетінің ішінен Семей туралы қарар қабылдауға көптеген мемлекеттердің өкілдерімен кездесіп, қолдауға шақыру, көптеген алып мемлекеттердің көмегін сұрау бұл еш оңай шаруа емес. Семей туралы қарардың авторлары 47 мемлекет олардың ішінде Германия, Дания, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Корей Республикасы, Ресей Федерациясы, Англия, Франция, Япния, Индия, Пакистан сияқты мемлекеттер. А/52/169М. Нөмірдегі қарар бойынша 1997 жылы 16 жылтоқсанда қабылданды.

БҰҰ қарар қабылданған соң бірнеше айдан кейін-ақ, 1998 жылғы маусымда ақуалды бағалау үшін БҰҰ халықаралық сарапшылары Семей аймағына ат басын тіреді. Жұмыс тобы «Аймақ бірте-бірте құрып, жойылуға айналған екен» деген бұлтартпас ғылыми тұжырым шығарды. Халықаралық және ұлттық сарапшылардың ғылыми шешімінің негізінде 38 жобалық ұсыныс түзіліп, олар негізгі бес саланы – денсаулық сақтау, экология, экономика, ақпарат алмасу және аймақтың гуманитарлық саланы таңдап алды. Жобалық ұсыныстардың жалпы құны 43,2 миллион АҚШ долларын құрады, оның ішінде денсаулық сақтау ісіне 24 мил доллар (13 жоба), экологияға – 7,8 мил доллар (6 жоба), экономикаға – 6,6 мил доллар (11 жоба), гуманитарлық көмек – 3,3 мил доллар (6 жоба), ақпарат 1,3 мил доллар (2 жоба) көзделген болатын. Бұл жобалық ұсыныстар БҰҰ Бас хатшысының арнайы баяндамасына кіргізілді. Сөйтіп Бас Ассамблеяның

53-сесиясында қаралды. Осы сессияда Бас Ассамблея Семей аймағына нақты көмек көрсету туралы тағы да бір қарар қабылданды. Осы орайда көңіл аударар тағы бір жайт бар. Бас Ассамблеяның 52-сессиясында 47 мемлекет қарардың тең авторлары болса, енді 53-сессияда олардың саны 54-ке жетті. Ең қызығы олардың арасында бес ядролық державаның үшеуі – Ресей, Франция, Ұлыбритания мемлекеттері еді.

Семей аймағының мәселелеріне көпшіліктің ден қоюы зардап шегушілер үшін қаржы құюға түрткі болды. АҚШ-тағы Біріккен Әдістемелік БҰҰ Бас Ассамблеясының үндеуіне алғашқылардың бірі болып құлақ асты.

Үкіметке емес қайырымдылық ұйым Курчатов қаласында бастапқа медициналық-санитарлық жәрдем орталығын құруға, сол сияқты ауылды жерлерге дансаулық сақтау ісін дамытуға бағытталған басқа да бағдарламалар жасады. Оларды жүзеге асырау үшін 3 миллион АҚШ доллары жұмсалды. 1999 жылғы 8 сәуірде Дүниежүзілік Банк Қазақстан үшін денсаулық сақтау жүйесін реформалауға арнап 42,5 миллион АҚШ доллары мөлшерінде қаржы бөлінді. Оның бір бөлігі Семей өңіріндегі денсаулық мәселелерін шешуге жұмсалды.

Жапон үкіметі Семей өңіріне айтарлықтай мол көлемде көмек көрсетті. Ертіс үстінен салынып жатқан көпір құрылысымен қоса Жапон үкіметі Семейге қымбат тұратын медициналық диагностика құрал-жабдықтарын жөнелтті. Жапон үкіметі 1999 жылы 6-7 қыркүйекте Токиода Семей полигонына қатысты Халықаралық конференция өткізуі оның бұл іске аса ықылас танытуының айқын көрінісі деп бағалауға болады. Бұл алқалы жиынды өткізуге Жапон үкіметі және БҰҰ-ның Даму бағдарламасы мұрындық болды. Оны ұйымдастырушылардың қатарында БҰҰ-ның төрт бірдей халықаралық ұйымы бар еді. Олар – МАГАТЭ, ОСНА, ЮНИСЕФ, ЮНФПА болды.

Біздің пайымдауымызша, Семейге арналған Токио конферанциясын оған қатысқан әлеуеті мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саны жағынан да, сол сияқты оның нәтижелерінің маңыздылығы тұрғысынан оны 1999 жылдың ең елеулі оқиғалардың қатарына жатқызуға болады. Конференцияға Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия және, АҚШ және басқаларын қоса алғанда 24 мемлекеттің делегациялары, сондай-ақ Дүниежүзі банкі, Еуропаның қайта құру және даму банкі, ЕҚЫҰ, НАТО, әзірлеу жөніндегі ниетін ЮНЕСКО тәрізді 12 халықаралық ұйым мен банктер өкілдері қатысты. Бұл бас қосуға жиналғандардың арасында көптеген үкіметтік емес халықаралық қайырымдық ұйымдарының өкілдері болды. Жапон делегациясының құрамында Хиросима мен Нагасаки сияқты полигоннан зардап шеккен қалалардың басшылары болды.

Осы жиын барысында Жапон үкіметі 1 миллион АҚШ доллары мөлшерінде қаржы бөлінетінін, олардың 400 мыңы медицина саласындағы жобаларды жүзеге асыруға, 300 мыңы әйелдерге жәрдем беруге, 300 мыңы үкімет құрамына кірмейтін ұйымдарға арналатынын ресми мәлімдеді. Хирасима мен Нагаскидегі ғылыми-зерттеу институттары Семейдің денсаулық сақтау мекемелеріне құны 3 миллион доллар сомасында бастапқы мидициналық санитарлық жәрдем құрал-жабдықтар жобасын әзірледі. АҚШ-тың үкіметтік емес «Казинтерпарат Консорциум» мекемесі 2 жыл ішінде 500 мың доллар мөлшерінде қосымша ізгілік көмек көрсету жобасын жасады. Хилсонд қайырымдық ұйымы Қайнар селосындағы оңалту орталығы үшін құны 1,6 миллион неміс маркасы тұратын медицина жабдықтарын жөнелтетінін хабарлады.

Сөйтіп, Ядролық сынақтардан зардап шеккен аймаққа, ең алдымен оны мекендейтін халыққа көмек көрсетуге бағытталған жұмыс нақты жобаларды орындау кезеңіне ұласты. Бұл ауқымды жұмыстың алғашқы нәтижелері БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 55-сессиясында қаралатын болды. Сөйтіп Семей полигоны Бас Ассамблеяның ең негізгі күн тәртібіне енгізілді.

Осы 53-сессияда БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен принпиптеріне сәйкес бейбітшілік, тұрақтылық және гүлдену мүдделері жолында барлық мемлекеттердің ынтымақтастығы арқылы Азиядағы қауіпсіздікті нығайтуға қол жеткізілуі тиіс деп атап көрсетілді. Халықаралық қауіпсіздікке қатысты тегіс қамти алатын, кемсітушілікке жол бермейтін және теңдестірілген бағдар мәселесі де қаралды.

Мүше мемлекеттер тиімді бақылау жасау жолымен жалпыға бірдей әрі толық қарусыздануға қол жеткізу мақсатына өздерінің адалдықтарын қайыра бір қуаттады. Олар Азияда және тұтас алғанда әлемде бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту мақсатына қол жеткізу үшін қару-жараққа бақылау жасау және сенім білдіру жөніндегі шаралар маңызды деп таныды. Сондықтан олар осы салаларда тиісті шараларды дамытуға ұмтылатын болып тарқасты.

Сессияда мүше мемлекеттер жаппай қырып-жою қаруының барлық түрлерін ғаламдық тұрғыда жою жөніндегі күш-жігерді қолдаймыз деп міндеттеледі сондай-ақ олар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке белгілі бір қатер төндіретін ядролық қаруды қоса алғанда, осындай қарудың барлық түрлерінің таралуын болдырмау жөніндегі ынтымақтастықты күшейтуге де міндеттелді. Мүше мемлекеттер сондай-ақ таяу уақытта ядролық қарудан азат, бейбіт өмірге қол жеткізудің аса қажеттігін де атап көрсетті.

Олар өздерінің еркі негізінде және БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі алғашқы арнайы сессиясының қорытынды құжатының ережелеріне сәйкес Азияда ядролық қарудан және жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрлерінен азат аймақтар құруды бірауыздан қолдады.

Сессияға қатысқан мемлекеттер қару-жарақ пен қарулы күштердің мейлінше төмен деңгейінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне деген өздерінің сенімін қуаттады. Олар әдеттегі кару-жарақтың мөлшерден тыс және тұрақсыздыққа әкелетін мөлшерде жинақталуын болдырмау қажеттілігін таныды.

Осы құжатта мүше мемлекеттер кез келген екі жақты немесе көп жақты әскери келісімдер, кез келген үшінші тарапқа қарсы бағытталмауы және басқа мемлекеттердің қауіпсіздік мүдделеріне залал келтірмеуі тайға таңба басылғандай анық жазылған-тұғын.

 

                                                                                      Ықылас Ожайұлы

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?