Көшпелі қазақтардың әскери мәдениеті
09.02.2018 3695
ХІХ ғасырда орыс зерттеушілері қазақ даласында болып, сол кездегі көшпелілердің өмірінен таңғажайып естеліктер қалдырған

Ресей ғалымдарының Қазақстанды ғылыми тұрғыда зерттеуі XVIII ғасырдан бастау алады. Бастапқыда зерттеу жұмыстары жүйесіз тұрғыда жүргізілді, яғни жоспарлы зерттеу болмады. Осындай зерттеу топтарының бірі – әскерилер. Қазақстан территориясында бұл іспен көбінесе Бас штаб офицерлері айналысты. Олар арттарына Қазақстанның ХІХ бен ХХ ғасырдың басындағы тарихи құндылықтарды ұсынатын, қазіргі заманды зерттеушілерге кең көлемді еңбек ортасын қалдырды.

Атап айтқанда, Андреев И.Г. «Описание средней орды киргиз-кайсаков», Бламберг Ф.И. «Военно-статистическое обозрение Российской империи», Броневский С.Б. «Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды», Венюков М.И. «Заметки о степных походах в Средней Азии».

Офицерлер жұмысы мазмұнына қарай әртүрлі бағытта болды, қырғыз даласына саяхат туралы жазбалардан бастап, Қазақстан әскеріне шолуға дейін. Қалдырылған еңбектердің көбісінде офицерлер өздері куә болған оқиғаларын жазған. Жұмыстарды жазу кезінде олар көшпенділер өмірінің барлық саласын қамтыды. Соның ішінде өздерінің саласы қазақ әскері өнерінде назардан тыс қалдырмады.

Бас штаб офицерлерінің барлығы дерлік ХІХ ғасырда қазақ әскер ісі сол кезеңдегі елеулі өзгерістерге әзер төзгенін атап өткен. Қазақтарда әскер ісі – ерте заманда пайда болып, ортағасырда шыңырау шыңына жетіп ХІХ ғасырдың соңында әлсіреді. Бұл уақытта кең көлемде әскери қозғалыс жасау қажеттілігі болмады. Көшпелі қазақтардың әскери күшін негізінен ортаазиялық мемлекеттермен қақтығыс кезінде, сауда керуендері мен әскери және бейбіт экспедицияларға шабуыл, барымта және аң аулау кезінде көруге болады.

Тарих көрсетіп тұрғандай көшпенділер әскери жорықтарға бала күнінен дайындалған. Ол жүзмыңдаған жылдар бойы үрдіске айналып, көшпенділердің арнайы әскери құрылымының құрылуына алып келді және басқа халықтардың көз алдарында солай қалыптасты. Болашақ әскерді дайындауда дәстүрлі барымта мен аң аулау маңызды рөл атқарды.

ХІХ ғасырда Ресей империясының белсенді қозғалысы мен сол кездегі үстемдігіне байланысты, қазақ әскері қимылы күтпеген жағдайға душар болды, әсіресе ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі қарсылықтарда.

Жалпы алғанда әрбір қазақ әскер өнерін игере білді және әскери қозғалыстарды жүргізе білуге тиісті болды. Олардың басты қарсыластары дала жорықтарының қатысушылары болды. Дала жорықтары (немесе «дала соғысы» – Венюков М.И. осылай атады) – Империя үшін ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы басты мақсаттарының бірі болды, себебі сол арқылы Ресей өзі иеленетін территорияны кеңейту мүмкіндігіне ие болды. Ал қазақтар мен ортаазия халықтары үшін далалық аймақта емін-еркін көшіп-қону мен қатар әскери мүмкіндіктерінде шектеуге тура келді. Бұл өз кезегінде отарлаудың басталғанын көрсетті.

Қазақтарда тұрақты әскер болмады. Тек қана уақытша әскери топтар құрылды, олардың мақсаты – қазақ даласынан өтетін сауда керуендерді тонаушылар мен шабуылдаушылардан, әскери және бейбіт экспедицияларға шабуыл жасаушылардан, сол сияқты барымташылардан қорғау.

Жоғарыда аталған әскери топтардың құрамында тиісті қажеттілігіне қарай адам саны бірнешеден бастап, мыңдағанға дейін болды. Бұл туралы М.И.Венюков, И.Г.Андреев, С.Б.Броневский, Я. П. Гавердовский өз еңбектерінде айтып өткен. Сондай жазбалардың бірінде И.Г.Андреев: «Әскери қозғалысқа адам жинағанда әрбір киіз үйден кемі 2-3 жарамды ер адам шығуы тиіс. Мен көрген киіз үйлердің саны 32 790, демек одан кемі 70 мыңдай әскер жиналады деген сөз».

Әскери қақтығыстарда қазақ әскері өзіндік құндылықтарын толық көрсете алмады. Осы тұрғыда Я.Гавердовский былай жазды: «Қырғыздар керуендерге шабуыл жасағанда, егістікті тонаған шегірткелер секілді. Қолдарына түскеннің бәрін қиратып, сындырып, одан қалды бір-бірімен сол үшін дала қуып төбелесетін. Бұл әрекетті сол кездегі тұрақсыз жағдайға байланысты және Ресейге бағынышты болғысы келмеудің белгісі ретіндегі көрініс деп атауға болады».

Суреттер интернеттен алынды.