Шығыстанушы, түркітанушы В.В. Бартольдтың туған күні
07.11.2017 3120
1869 жылы 3 қарашада ресейлік ғалым, шығыстанушы Василий Владимирович Бартольд дүниеге келді

Оның зерттеулер аясы шығыс әлемінің табиғатынан бастап діни наным-сенімдеріне дейін қамтыды. Бартольд ауқатты отбасында тәрбиеленді, оның әкесі биржа маклері болды да, баласының алыс шетелдердегі зерттеу жұмыстарын қамтамасыз етуге жағдайы келді, оның үстіне баласы бұл шығындарды өзінің ғылыми қызығушылығын қанағаттандыруға жұмсауға тырысты.

Василий Владимирович Санкт-Петербург ғылым академиясының академигі, Императорлық Православиелік Палестиналық қоғамның мүшесі болды. Ол Брокгауз және Ефрон энциклопедиялық сөздігінің авторларының бірі еді. Петербургта гимназияны бітірген соң, Бартольд Петербург университетінің араб-парсы-түрік-татар тобы бойынша шығыс тілдері факультетіне оқуға түседі.

1891-1892 жылдары Бартольд Еуропаның, оның ішінде Германия, Финляндия, Швейцария, Солтүстік Италия, Австро-Венгрияның басты ғылыми орталықтарына белсенді түрде барып жүрді.

1900 жылы ол магистр дәрежесін алу үшін «Монғол шапқыншылығы кезіндегі Түркістан» атты жұмысын ұсынады, бірақ оған Шығыс тарихшысының докторы дәрежесі беріледі!

Ол орыс басылымдарынан басқа, шетелдік басылымдарда да, оның ішінде неміс басылымдарында басылып, жарияланды.

1910 жылы Бартольд РҒА мүше-корреспонденті, 1913 жылы оның академигі болды.

Оның негізгі ғылыми ізденістері Орталық және Орта Азия халықтары мен мемлекеттерінің тарихын зерттеуге және шығыс пен батыс әлемдерін салыстыруға, исламтануға шоғырландырылды. Өз зерттеулерінде Бартольд славян және түрік мәдениетінің қарым-қатынасы мен өзара қатынасын қозғады. Ол ғылым әлемін ежелгі славяндардың өмірі туралы шығыс еңбектеріне жасалған өз талдауларының қорытындыларымен таныстырды. Бартольд әлеуметтік-саяси тарих, тарихи география, Орта Азияның археологиясы туралы очерктер жазды. Ежелгі славяндардың, сонымен қатар Шығыс Еуропа халықтарының тарихы жөніндегі шығыс дереккөздеріне жаасаған талдауларының қорытындыларын қосып алғандағы жұмыстары өздерінің зор маңызын сақтап отыр.  

Бартольдты көзі тірісінде-ақ ғылыми қауымдастық мойындаған еді, оның еңбектері өз елінде және шетелде де, жоғары бағаланды, оларды арнайы аударды. Василий Владимирович сонымен қатар, өзін педагогика, ұйымдастыру және қоғамдық қызмет саласында да жоғары білікті маман ретінде көрсете білді. Оны ғылыми съездерге, конференцияларға, симпозиумдарға қатысуға жиі шақыратын. Зерттеуші Орталық Азияда білім беру орталықтары мен мекемелері, кітапханалардың ашылуына септігін тигізді; жеке қор құру үшін шығыс жазбаларының базасы құрастырылды.

Бартольд жазудың кириллдік жүйесін насихаттаушылардың бірі болды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін оны жазуы жоқ халықтарға графика құрастыру және араб жазуын кирилл жазуына ауыстыруға қатысты жұмыстарға белсенді тарта бастады.

Әлемдік кітапханалар мен мұрағаттар ғалымды қуана қарсы алды, ол онда шығыс жазбаларына талдау жасауға мүмкіндік алды. Бұл оған кітапханалардың, олардың қолжазба бөлімдерінің жай-күйі туралы мақалалар жазуға және шолу жасауға, деректерді жинау үшін өз нұсқасын ұсынуға мүмкіндік берді.

1927-1930 жылдары Бартольд тұрақты түде, аптасына екі рет, Көпшілік кітапханаға барып, онда қолмен жазылған шығармаларды зерделеп, сипаттап жазатын еді.

1929 жылы Бартольд каталогтармен жұмыс жасаудың бесжылдық жоспарын жасайды, алайда кенеттен қайтыс болуына байланысты бұл жоспар орындалмай қалды.