Әмір Темір мемлекеті қай тілде сөйлесті?
05.07.2024 1469

Темір әулеті Орта Азия мен Иранның бір бөлігін XIV ғасырдың ортасынан XVI ғасырдың басына дейін басқарды және өз заманындағы ең қуатты патшалықтардың бірі болды. Бірақ Аққойлылар мен Қарақойлылар державасының көтерілуі оларды батыс бөлігінен айырды. Ал көшпелі өзбектердің Алтын Ордадан басып кіруі нәтижесінде Шығыс бөліктен айырылды. Осы себепті Бабыр тұқымының соңғысы Үндістанда қоныстануға мәжбүр болды, онда ол Моғол империясын құрды. 


Әмір Темір – Тарағай деген әмірдің баласы. Ол Шағатай ұлысында өмір сүрген әмір. Академик Василий Бартольдтің айтуынша, Әмірдің Темірдің аталары Жетісу жерінен шыққан дейді. Оның руы – Барлас, Жалайыр тайпасы. Алайда сол замандағы еуропалық тарихшылар қит етсе Ұлыс Ұлыс жеріндегі тайпаларды «моңғол» деп атайды. Меніңше, бұл түркі тайпаларын дұрыс түсінбегеннен моңғол тайпаларына ұқсата берген. Бұл – өте үлкен қателік. Жалпы, «моңғол» сөзі политоним, яғни саяси атау. Тіпті «Моңғолдың құпия шежіресі» кітабын қарасақ, онда моңғол деп ойратты жазады, моңғолға сол кездегі найман, керей және қоңыраттарды жатқызады. Бұл жерден аңғаратынымыз, «моңғол» бір ұлтты ұлыс болмаған. Қазіргі таңда моңғолтілдес болып қалған ұлттар халқалар мен қалмақтар. Ал негізгі тайпалардың көбі түркітілдес болған. 

Әмір Темірді түркіленген моңғол деп айтып жүргендер бар. Ол дұрыс емес. Жалайыр тайпасы бұрыннан моңғолтілдес ру болған. Кейін оның аталары Самарқан бойына көшіп келеді. Әмір Темір 1336 жылы Бұхара аймағының батысындағы Кеш (қазіргі Шахрисабз қаласы) маңайындағы Қожа Ылғыр ауылында дүниеге келген. Басында айтқанымдай, әкесі – бек лауазымы бар ақсүйектердің бірі болған. Ол ХІV ғасырдың басында Қашқандария аймағына келіп, қоныс тебеді. Әмір Темірді біржақты тек өзбек ретінде қараған дұрыс емес. Себебі Әмір Темір қазаққа, өзбекке және ұйғырға да бірдей. Әмір Темір туралы жазған негізгі еңбектің авторы – Йазди. Оның «Зафар-наме» кітабында Әмір Темір жөнінде парсы тілінде толық жазылған. Әрине, қай тілде жазылса, сол тілге бұрмалатынын сөзсіз. Өкінішке қарай, ол кезде біздің түркі халықтарында жазба мәдениеті аса қатты дамымаған.

Сытқы саясатта Әмір Темір өзін Шыңғыс ханның мұрагерімін деп есептеп, төрт тарапты жаулап, елінің аумағын кеңейтуге тырысты. Ол шығыста Моғолстанды, солтүстікте Алтын Орданы, батыста Иран мен Османлы мемлекетін, оңтүстікте Үндістанды өзіне бағындырды. Әмірдің қолының негізгі бөлімін атты әскерлер құрады. Олар барлас, дербет, нукус, найман, қыпшақ, дулат, қият, жалайыр, сулдус, меркіт, ясаур, қаңлы, арлат, татар секілді рулардан жиналатын. Осыған қарағанда Әмір Темір Түркі әлемінің одан әрі араласуында маңызды рөл ойнаған.

Темір әулеті кезінде олардың мемлекетінде қай тілде сөйледі?

Ұлы қолбасшының өзі шағатай тілін жақсы меңгерген еді, бірақ парсы және моңғол тілдерінде де еркін сөйлей алатын. Сонымен қатар  оның империясының тұрғындары бірнеше тілді қолданды. Ортағасырлық ислам елдерінің көпшілігінде осындай үрдіс қалыптасқан еді. Мұндай жағдай ол кездегі империялардың көп шет мемлекеттерді жаулап алуымен байланыстырса болады. Соның әсерінен ұлттар бірігеді. 

Әмір Темір билейтін мемлекеттің екі негізгі этникалық тобы тәжіктер мен отырықшы түріктер болды. Алғашқылар ислам дінінің таралу тіліне айналған стандартты парсы тілінде сөйледі. XV-XVI ғасырда Иранның өзінен де маңыздырақ парсы мәдениетінің басты орталығына айналған Орта Азия болды. Ал түркі-моңғол үшін негізгі тіл шағатай тілі болды. Әмір Темірдің өзі тәжік тілін жақсы білген деген де ақпарат бар. 

Көбіне сол уақытта сауат ашқан, оқыған өңір болып  Иран халқы саналды, сондықтан бұл өңірде негізгі тіл парсы болды. Сот саласында, бюрократияда, әдебиетиете де көбіне осы тілде жазылды. Сонымен қатар парсы тілі басқа ислам елдерімен дипломатиялық қатынастарда қолданылды. «Тимуридтік ренессанс» деп аталатын парсы мәдениетінің дамуының ең жоғарғы шыңы болды.

Керісінше, шағатай тілі түркі-моңғол империяндағы бай-бағландардың тілі болды.  Ол әскери салада және Мауераннахр тайпалары бір-бірімен байланысқан кезде қолданылған. Сондай-ақ, ол патша отбасының әулеттік тілі болып саналды, оны отбасы мақтан тұтты. Тіпті XVIII ғасырда Моғолстан мемлекетінде, әулеттің кейбір өкілдері бұл тілді үйренген. Шағатай тілі парсы тілімен деңгейлес болмаса да, поэзия тілі ретінде дамыды.

Барлық мұсылман елдеріндегі сияқты, араб тілі де дін, теология, мұсылман құқығы саласында бірінші орынға ие болды. Сол себепті оны тек білімді адамдар ғана үйренуге мүмкіндік алды. Мысалы, Әмір Темірдің өзі араб тілін білмеді, бірақ ұлы державаның князьдері ретінде тәрбиеленген ұлдары мен немерелері  араб тілінде сөйледі. Ұлықбек өзінің ғылыми жазбаларын араб тілінде жазғаны белгілі.

Моғолдарға, яғни Үндістандағы Әмір әулетіне келетін болсақ, онда жағдай жүздеген жыл бойы өзгеріп отырды. Оның алғашқы өкілдері Бабыр мен Хумаюн сол шағатай тілінде сөйлейтін, яғни ескі өзбек тілінде, бірақ парсы тілін де жақсы білді. 

Кейінгі Моғол императорлары парсы тілін сөйледі, өйткені ол мәдениет пен әкімшіліктің тілі болды; олар араб тілін де білді, өйткені ол дипломатия тілі болып саналды; сондай-ақ үнді тілінде сөйледі. Кейіннен оның негізінде хинди және урду пайда болады.

Тек 1837 жылы британдықтар парсы тілінің ресми мәртебесін алып тастаған. 

Қосымша ақпарат ретінде: Әмір Темір 1397 жылы Түркістан топырағында Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салдырып, қазақ қауымы үшін аса құнды мұра қалдырған. 1947 жылы совет Кеңес ғалымдары Темірдің келбетін қалпына келтіре алды. Алайда, Совет мемлекетінің басшылығы нәтижені мақұлдамады. Ғалымдарға Тамірланды «моңғол» ету туралы бұйрық берілді. Әмір Темірдің заманында шахмат ойыны өте танымал болды және билеушінің өзі бұл ойынды өте жақсы көрді. Ол тіпті ұлын Шахрух деп атады. Бұл ойында 60-тан астам партия түрін ойлап тапқан Әмір Темір деп саналады. Ол үшін шахмат шыдамдылық, ақыл, стратегия мен тактиканың өзіндік жаттықтырушысы болды.