Туысқан түркі тілдері
04.04.2022 4360

Әлемнің негізгі тілдік семьялары арасында түркі тілдері семьясының да өзіндік орны бар. Оның географиясы батыс Қытай мен Сібірден оңтүстік-шығыс Еуропаға дейін созылып жатқан территорияны қамтиды. Жеке-жеке тарихи дәуірлерде оның таралу ареалы бұдан да кеңірек болған. Қазіргі тандатүркі тілдерінде өз ана тілі ретінде 180 миллион, ал екінші тілі ретінде 250 миллион адам сөйлейді.


Қырыққа жақын жазба тілі бар түркі тілдері алтай тілдері тілдік семьясына жатады. Б.з.д. IV-III мыңжылдықтарда Алтай аймағында өмір сүрген әртүрлі және бір текті этностардың ұзақ уақытқа созылған интеграциясы нәтижесінде олардың этносаяси конфедерациясы қалыптасып, Алтай тілдері ішінде белгілі бір тармақталу жүзеге асқан. Ал б.з.д. III мыңжылдықтан бастап, Алтай метатіл жүйесінің даму процесінде көне түркі тілі пайда болған. Көне түркі тілінің негізінде одан кейінгі тармақталу процестерінің нәтижесі ретінде түркі тілдері тілдік семьясы қалыптасқан болатын. Лингвистикалық түрікологияда алтай тілдік семьясының туыстастығы ғылыми пікірталастарға себеп болса да, оның бір бұтағы ретінде түркі тілдерінің тек бір ғана түбірден тарайтындығы ешқандай тартыс тудырмайды. Алпыс бес жыл бойы - 680-745 жылдар арасында Көктүрік империясының ең жоғары гүлдену дәуірінде дәл осы түркілердің өзінің төл әліпбиімен (руна жазуы) жазылған, көне түркі тілінің алғашқы ең үлкен жазба ескерткіштері болып саналатын Орхон-Енисей тас жазба ескерткіштері түркі тілдерінің бір түбірден пайда болғанын, үнемі қарым-қатынаста болған халықтардың тілдерінен тек ғана кейбір сөздерді алғанын нақты растайды. Бұл ескерткіштердің тілі -көне түркі тілі мен оның дамыған формасы болып саналатын қазіргі түркі тілдері арасында айтарлықтай айырмашылықтар байқалмайды. Арада он үш ғасыр өткеніне қарамастан, соншалықты өзгеріске ұшырамағаны Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің көне түркі тілінің тілдік феномен ретінде өте ерте, ежелгі дәуірлерден бастап қалыптасып, тұрақтала бастағанын көрсетеді. Түркологтар Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің керемет әліпбиіне, дамыған фонетикалық және грамматикалық құрылысына, күрделі лексикалық құрамына қарап, түркі тілдес халықтар Еуразияда этносаяси және этнолингвистикалық процестердің үйлесімін қамтамасыз етіп, екі тенденцияны да сәтті дамытқан деген пікірде. Сонымен қатар олар әртүрлі жүйедегі тілдермен байланысқа түскен сайын сан рет салаланып, тармақталып, интеграция сатыларынан өткен, тарихи-лингвистикалық дамудың диалектикалық заңдылығына сәйкес генетикалық байланыс әлеуеті мен күшті дихотомия әлеуеті бар жүйелі тіл семьясын тудырушылар болған. Ортағасырлық түркі дәуірінде (X-XV ғасырлар), яғни шамамен 500 жылішінде қазіргі түркі тілдері - жиырма тәуелсіз түркі тілі мен олардың көптеген диалектілері (говорлары) қалыптасқан. Түрк тілдерінің әлем тілдері арасындағы орнын айқындау үшін алдымен морфологиялық және генеологиялық өлшем-шарттар (критерийлер) негізінде оларға тән ерекшеліктерді сипаттау керек. Өзімізге мәлім, әлем тілдері морфологиялық белгілеріне, яғни түбір мен оған жалғанатын қосымшалардың ерекшеліктеріне, бір-бірімен байланысына қарай үш топқа жалғамалы (агглютинативті), қопармалы (флективті) және түбір тұлғалы (аморфты) тілдерге топтастырылады (ал кейде полисинтетикалық тілдер де жеке топ болып қосылады). Түркі тілдері бұл өлшем шарт (критерий) бойынша жалғамалы тілдер тобына кіреді. Жалғамалы тілдер - сөз формалары жалғану (агглютинация) жолымен құрылған тілдер болып саналады. Бұл тілдерге қосымшалар арқылы сөз түрлендіру және сөз өзгерту (сөз тудыру) жүйесі тән, сондай-ақ бірыңғай жіктелу және септелу ерекшеліктері арқылы қосымшалар да бірдей қызмет атқарады. Генеологиялық принципке, этногеографиялық ортақтастық шарттарына негізделген өлшем-шарт (критерий) бойынша, тарих бойы ру, тайпа және әулеттік бірліктер түрінде пайда болып, ұзақ даму жолынан өткен, үнемі тармақталу мен интеграция процестері нәтижесінде тұрақталып, өңделген, жекешеленіп, тәуелсіз аймақтық тілдер түрінде пайда болған тілдерді бір нұсқада Орал-Алтай тілдері, ал келесі бір нұсқада Алтай тілдері ретінде сипаттайды, Қазіргі таңда Алтай метатіл жүйесіне түркі, моңғол, тұңғыс, корей, жапон, айну тілдері кіреді. Аталмыш тілдердің түркі тілдерімен лингвогенетикалық байланысы әзірше нақты түрде дәлелденбеген. Түркі тілдерінің тарихи даму сатылары әлемдік тіл білімінде де, түркі тілдес елдерде де кең көлемде зерттелген. Бірақ көптеген мәселелер әлі де өз шешімін таппаған. Т.Страленберг, Р.Раск, М.Миллер, В.Шот, М.Кастрен, В. Котвич, Г.Немет, Л.Лигети, К.Менгес, Й.Бенцинг, О.Прицак, Г.Рамстедт, М.Рясанен, B.Владимирцев, В.В.Радлов, C.Е.Малов, Н.А.Баскаков, О.Н.Туна, А.Б.Эрджиласун, А.Акар, О.Куртулуш, Ш.Х.Акалын, М.Өлмез, Ф.Зейналов, H.Жаферов, Н.Худиев, Й.Дарбаа секілді зерттеушілер түркі тілдерінің ең ежелгі дәуірлерден заманымызға дейінгі даму тарихын әртүрлі бағыттарда зерттеді. Сөйтіп. түркі тілдерінің тарихи даму кезеңдері төмендегідей сатыларға бөлінді: Ең көне түркі (прототүрік) дәуірі (б.з.д. IV мыңжылдық біздің дәуіріміздің V ғасыры);

Көне түркі дәуірі (V-X ғасырлар);

Орта түркі дәуірі (X-XV ғасырлар);

Жаңа түркі дәуірі (XVI-XX ғасырлар)

Орта ғасырлык түркі дәуірінде тармақталын, бір-бірінен бөліне бастаған түркі тілдері және түркі дәуірінде толық, түрде тәуелсізденін, жене әдеби тілдерге айналайын, түркі тілдері семьясы ретінде тұтас бір тіл жүйесін тудырды. Қазіргі түркі тілдері семьясы түркі әдеби, жазба тілдері мен диалектілері болын төмендегілей топтарға бөлінеді.

Оғыз тобы:

1.Түрік тілі шамамен 92 миллион кісі (Түркия сексен миллион, Балқан түбегі - 2,5 миллион, Кипр 265 000, Ресей - 800 000, Германия - 4 миллион, басқа Еуропа елдері - 2 миллион, Түрікмен елі Ирак - 2,5 миллион).

2. Әзербайжан тілі - шамамен 50 миллион кісі (Әзербайжан - 10 миллион, Иран - 30 миллион, Түркия - 500 000, Ресей - 2 миллион, Грузия - 500 000 тағы басқалары).

3.Түрікмен тілі - шамамен 9 миллион кісі.

(Түркіменстан 6,1 миллион, Иран 2 миллион, Ауғанстан 900 000, Өзбекстан - 250 000).

4. Гагауз тілі - шамамен 250 000 адам. (Молдова - 170 000, Балқан түбегі - 30 000, Украина 20 000, Болгария - 10 000).

5. Хорасан тілі - шамамен 1 миллион 400 000 адам (Иран).

6. Қашқай тілі - шамамен 1,5 миллион кісі (Иран).

7. Айналлу тілі - шамамен 7 000 кісі (Иран).

8. Авшар тілі - шамамен 300 000 кісі - Ауғанстан және (Иран).

9. Салар тілі - шамамен 140 000 кісі (Қытай).

Жалпы алғанда оғыз тобына кіретін түркі тілдерінде

шамамен 150 миллион адам сөйлейді.

 

Қыпшақ тобы:

1. Қазақ тілі - шамамен 18 миллион кісі (Қазақстан - 15 миллион, Қытай - 1 миллион, Өзбекстан - 800 000, Ресей - 650 000, Моңғолия - 100 000).

2. Татар тілі - шамамен 7,5 миллион адам (Ресей - 5 миллион 500 000, Өзбекстан - 470 000, Қазақстан - 330 000, Қырғызстан - 70 000, Тәжікстан -

80 000, Түрікменстан - 50 000, Украина - 90 000, Әзербайжан - 30 000 және тағы басқа елдерде).

3. Қырғыз тілі - шамамен 5,4 миллион кісі (Қырғызстан - 3,5 миллион, Өзбекстан - 200 000, Қытай - 200 000 және тағы басқа елдерде).

4. Башқұрт тілі - шамамен 2,2 миллион кісі (Ресей - 1,7 миллион, Өзбекстан - 35 000, Қазақстан - 20 000 және тағы басқа елдерде).

5. Қырым татар тілі - шамамен 500 000 кісі (Украина - 200 000, Өзбекстан - 190 000, Қырғызстан - 40 000 және тағы басқа елдерде).

6. Қарақалпақ тілі - шамамен 400 000 кісі (Өзбекстан).

7. Құмық тілі - шамамен 280 000 кісі (Ресей).

8. Қарашай-балқар тілі - шамамен 250 000 кісі – (Ресей).

9. Ноғай тілі - шамамен 70 000 кісі – (Ресей)

(Қарайым тілі бұл тізімнен шығып қалайын деп тұр).

 

Ұйғыр тобы:

1. Өзбек тілі - шамамен 37 миллион кісі (Өзбекстан - 31 миллион, Ауғанстан -

- 2,5 миллион, Тәжікстан - 2 миллион, Қырғызстан - 750 000, Қазақстан -

400 000, Түрікменстан - 300 000 және тағы басқа елдерде).

2. Ұйғыр тілі - шамамен 25 миллион кісі (Қытай - 20 миллион, Қазақстан - 2 миллион, Қырғызстан - 1 миллион 500 000 және тағы басқалары ).

3. Батыс ұйғыр түркі тілі - шамамен 15 000 (Қытай).

4. Айну түркі тілі - шамамен - 7 000 (Қытай).

 

Сібір тобы:

 

Якут тілі (шамамен 360 000 - Ресей).

Тува тілі (шамамен 315 000 - Ресей).

Хакас тілі (шамамен 65 000 - Ресей).

Алтай тілі (шамамен 50 000 - Ресей).

Шор тілі (шамамен 10 000 - Ресей).

Долган тілі (шамамен 5 000 - Ресей).

Чулым тілі (шамамен 2 500 - Ресей).

(Тофа тілі тізімнен шығып қалайын деп тұр).

 

Бұлғар немесе Оғұр тобы:

Бұл топқа кіретін тарихи тілдер - көне хазар, ғұн және бұлғар (Туна, Дунай) бұлғар тілі, Еділ бұлғар тілі) тілдері. Қазір жалғыз чуваш тілі қалған. Чуваш тілінде шамамен 2 миллион кісі сөйлейді. Олар Ресейде өмір сүреді.

Аргу тобы:

Қазіргі кезеңде бұл топтың жалғыз өкілі - халадж тілі қалған. Халадж тілінде 42 мың кісі сөйлейді, олар негізінен Иран мен Ауғанстан территориясында өмір сүреді. Түркі тілдері семьясында ең көп қолданыстағы тілдер түрік тілі (90 миллион) мен әзербайжан тілі (50 миллион).

Содан кейін өзбек, ұйғыр, қазақ, түрікмен, татар тілдері. Түркі тілдері семьясында «Оғыз тобы» тілдері - 65%, «Ұйғыр тобы - 18,89%, «Қыпшақ тобы» тілдері - 14,46%, «Булғар және Огур тобы» тілдері - 1,06%, «Сібір тобы» тілдері - 0,41%, «Аргу тобы» тілдері - 0,03% орын алады.

 

Дайындаған: Ықылас Ожайұлы


Пайдаланған әдебиеттер тізімі;

Жаваншир Фейзиев «Түрк әлемі»,

Лев Гумилев «Ежелгі түркілер»,

Кляшторный С.Г «Түркі тайпаларының ежелгі тарихи мәселелері»,

Фарук Сумер «Оғыздар, түркімендер»,

Махмұд Қашқари «Диуани лұғат-ат түрік»