Жырда тарихта болған адамдар есімі берілгенмен, жыр – деректі тарихи жазба емес, көркем дүние. Және де толық емес, кей тұстары таза түсіп қалған, жыртылған
Киев кінәзі Святославтің түсі
Негізі, Игорь құдалықты сылтау етіп жылыстап кеткенде, Киев кінәзі Святослав Всеволодович қазақтарға қарсы жазғы жорыққа жасақ жинау қамында Киевті тастап ел аралап жүрген. Киевте болмаса, Пленескеден жау дүбірін қайдан естиді.
Игорьдің кетіп қалғанын, ол Новгород-Северскіге келгенде біледі. Игорь жорығы жасырын ұйымдастырылған. Және де Киевте ұлы княздің болмайтын уақытын дәл білген, Киев иесіз қалар мезгілді дөп межелеген. Игорь мен Қожақ – құда, құдандалық қарым-қатынаста. Құдандалы: құда+анда кіріккен сөз. Анда-Янды – жеңімпаз. Сонда бұлардың мақсаты бір, айқын, жеңіске жету үшін одақ құрған. Қатынас сөзіндегі қат «қосу, қосылу» деген мағына береді: шайға сүт қат; тіл қат. Құда және анда. Андалардың арасындағы құдалық. Саяси одақ.
А Святъславь мутенъ сонъ виде
въ Киеве на горахъ.
«Си ночь, съ вечера,
одевахуть мя – рече –
чръною паполомою
на кроваты тисове;
чръпахуть ми синее вино,
с трудомъ смешено;
сыпахуть ми тъщими тулы поганыхъ тльковинъ
великый женчюгь на лоно
и негуютъ мя.
Уже дьскы безъ кнеса
в моемъ теремь златовръсемъ.
Всю нощь съ вечера
Босуви врани възграяху у Плеснеска,
наболони беша дебрь
Кияня
и несошася къ синему морю».
***
Ұлы кінәздің түсі таза түркілік. Ертеде мық дәуірінде тіпті күміспен кебіндеген, мәйіттің қолында білезік, мойнында алтын алқа … Ауыл әйелдері мәйіт шыққан үйді дереу басқа жерге ауыстырып, оның орнын тазалап, от қойып арулайды. Одан соң ол жерді қазып, үстіне топырақ, тас үйіп оба жасайды да, оны мал, адам баспау үшін маңайын орлап тастайды. Ал, мәйітті жуып шығарған мұндай орынды «арулаған жер» дейді. Мұның өзі ескі гректердің «кенотаф» деген ұғымына дәл келеді. Алғашқыда өлік шығарған орынды ғана емес, мәйіттің өз денесін отпен тазартып, аластап шығаратын болған.
Ал Святъславь көк сеңгірлі
Киевте
бұлдыр-бұлдыр түс көрді:
«Кеш батқаннан түн бойы,
бөледі мені, – дейді ол,
алтынмен аптап,
күміспен қаптап,
темір бесікке,
қара жамшы кер сандал да,
атау-кере асатып,
дүрмен сылап тұла
бойды
Толы тұлдайды,
Тағым да тұл, бос қалды,
Алтын менің ордам да.
Күні-түні Боз ұғлы,
Зікір салып, би билеп,
шыр айналды киелі дебірді.
Аласталған таза жан
Көк Тәңірге көктеді».
Құдай үйінің ішкі бөлімі – дебиръ, дебір, киелі, адам аяғы баспайтын жер («Дебрь Кияня». Дебір Қиян. Алыс, шалғай жер). «К синему морю» - көк аспан, көк Тәңірі. Адам жанының көк Тәңіріне қайтіп оралатына сенетін кісінің сөзі.
Жырдағы мына:
Всю нощь съ вечера
Босуви врани възграяху у Плеснеска,
наболони беша дебрь Кияня
и несошася къ синему морю, –
жолдардағы «Босуви врани възграяху у Плеснеска» кейін қосылған. Жырда Киев кінәзі Святослав Всеволодовичтің түсі тілге тиек ретінде берілген. Түсі таза түркілік дүниетанымнан хабар береді.
Қаза болған адамға қатысты ғұрыптық амалдарды киелі жерде – құдай үйінің ішінде арнаулы адамдар атқарған. Олардың атаулары әрқилы, біз «Толы» деп алдық.
Бұрындары құдай үйінің ішіне жан баласы аяқ баспаған. Дұғаларын сырттан бағыштайды. Үй ішінде ғұрыптық рәсімдер атқарылмақ. Жырдағы «и несошася къ синему морю» деген жол – Көк тәңірі деген сөз.
Көне ағылшында tiber – құрбандық шалу, тілеу. Тие берсін. Қойболдарда, мысалы, ас беру – ебірік; ебір – айналдыру, айналу. Қазақта «Ебіртіл» – нәр, қуат, колорит. Ескі түркіде «Еб» – орда, қорған.
Боярлардың түсті жоруы
Бұл – жоқтау мен естірту, көңіл айту. Түс пен оны жору арқылы берілген. Бөлінгенді бөрі жейді демекші, боярлардың түс жоруында арыстарыңнан айырылдың дейді.
Боярлар кінәзге жорыды:
«Иә, кінәз, ақылың қайғы тұтқыны;
Екі сұңқар ұшқан алтын ұядан,
Қайтармақ боп Тұматарханның
Қаласын,
не ішпектің
суын көк Донның,
қыршын жастар қанатын
қыпшақ сапы қиыпты,
ұлдарың шетік, кісен киіпті».
Түсті қара түнек күнінде сол үшінші:
Екі күнің сөнді де, қос қарашық өшті де,
олармен қоса қос айың
қараң болды қайтейік,
Олег пен Святьславь
Тұм ұйыққа жұтылып,
Қара көрпе оранды,
Құрық беріп құтырған кеңгірге,
Сыныққа сылтау іздеген.
Қайалы өзен түлейде,
күн көрінбес тал түсте
жер жарады бопсасы,
Баса көктеп қалың қол,
Орыс жеріне қаптады,
Құрсаудай қысып қабылан.
Жамандар жабылды жақсыға,
Жуан жеңді жігерді.
Жын жайлады жаһанды.
Гот қыздары шырқайды ән,
Жағасында Көк теңіздің.
Сыңғырлатып орыс ділдәсін,
әнге салып Боз түркінің заманын,
Шарухан кегін қайтармақ.
Ал, жасақта жоқ енді еш қызық.
Ел болмақ – ерін сақтамақ. Жалғызыңды жауға салма. Жанды адам – жалғыз.
Бейбіт көшті шабу
Жырдың жоғалған бір үзігі – Игорьдің таң атпай әскерін қайырып жатқан себебінің айтылған жері. Қасақана жоғалтылды ма, жоқ әуелде солай жазылды ма – белгісіз. Тойдың ақыры төбелеспен тарқады: «Сваты попоиша».
– Что ми шумить, что ми звенить –далече рано предъ зорями?- деген сұрау таңғы шатақ істен туындаған.
Кінәз Игорьмен құдалыққа еріп барған кіші Святославтің мас күйінде бейбіт көшті шапқан тұста айтылған кешірім сұраудан көп нәрсені ұғамыз:
Дремлетъ въ поле Ольгово хороброе гнездо.
Далече залетело!
Не было оно обиде порождено
ни соколу,
ни кречету,
ни тебе, чръный воронъ,
поганый половчине!
***
Тумап еді, қайтейін,
Жорық бұл өкпеден,
Төбе би,
Ұлы Қағанға,
Саған-дағы, қарға тамырлы
Мықты қазақ Елім-ай.
Неліктен, кешірім өтінеді? Себебі, кіші Святославтың мас күйінде бейбіт көшті шауып, масқара іс жасады. Қазақ көшін шапқан Святослав Ольгович – кінәз Игордің ағасы, Олегтің ұлы, шешесі Агафья Ростиславна – ұлы кінәз Рюрик Ростиславичтің қарындасы. Құда құдыққа түкірді:
С зарания въ пятокъ
потопташа поганыя плъкы половецкыя,
и рассушясь стрелами по полю,
помчаша красныя девкы половецкыя, а съ ними злато...
Ғалымдар қаншама жасырғанымен, бейбіт көш шабылғанын жырдың өзі айтып тұр: «помчаша красныя девкы половецкыя». Бетпе-бет келіп, тәртіп бойынша майдан ашып соғыс салса, бір жөн. Жекпе-жекке шықпаған. Қыз-қырқын тек қана көшпен бірге жүрген де, көшті қорғаған шағын қосынды әскер деп ұғуға болмас.
Жырда тарихта болған адамдар есімі берілгенмен, жыр – деректі тарихи жазба емес, көркем дүние. Және де толық емес, кей тұстары таза түсіп қалған, жыртылған. Жыршының өзі ұмытылған бір замандағы аңыздың желісімен, соның жүйесімен жазған сыңайлы. Көмескі болғанмен, көңіл көзі тауып тұр, оған тоқталсақ тақырыптан ауытқып кетерміз.
Біздің зерттеу нәтижесінде ұққанымыз, жырдағы сөз түйіні төменгідей: кінәз Игорь мен хан Қожақ – құда. Құдалыққа ере келген жас орыстың кінәзі мас күйінде таң ата көшіп бара жатқан қазақтың көшін шабады. Шатақ басы осы мас қылмыстан туған. Кінәз Игорьмен еріп келген түркілер ат басын кері бұрады да, оны тастап кетеді. Бәрі де басында Игорьге Киев тағын алып бермек үшін Киевке жорыққа дайындалған еді. Қожақтан басқа да қазақ хандары ашу-ызадан Игорьді маңайымен қоса тұтқынға алады да, көшті шапқандарды қырып салып, орыс қалаларын шауып тонаған. Жыр осы оқиға маңайында өрбиді. Күйкі-күйік жорықты белгісіз жырау өз заманының керегіне қарай жарата білді. Кінәз Игорьден орыс жері үшін күрескен қайраткер, ер жасамақ ойы жүзеге асты да, жыр солай бағаланып жүр:
Что ми шумить,
что ми звенить –
далече рано предъ зорями?
Игорь плъкы заворочаетъ:
жаль бо ему мила брата Всеволода.
***
Бұл не шу,
бұл не ду,
үрпек бас та алты қырдан естілер?
Игорь әлек қайырып,
Көп үйлі түркіні,
Безінген бәледен
«Күл болмаса, бүл болсын», –
Деп «кінәздер күлметті»,
Бұрып алған ат басын.
Ғалымдар «Игорь жасағымен жорыққа шыққан көп үйлі түркілер әлсіздік білдіріп, қорқақтық көрсетіп, алғы шепті тастап қашты» деседі. Жырда Игордің түркі жасағы қашты, шеп бұзды деп ақпарат бермегеніне қарамай...
Бұл дегеніңіз – Игорь жеңілісін, тұтқынға түсуін еріп барған түркілердің сатқындығынан, қорқақтығынан болды деп түсіндіруге талпыныс. Игорь басқа жұртты шабуға шықпаған еді, басты мақсат – Киев тағы. Тақ таласы, бақ таласы бір толас таппайды.
Қазақ көшін шапқан Святослав Ольгович – кінәз Игордің ағасы, Олегтің ұлы, шешесі Агафья Ростиславна – ұлы кінәз Рюрик Ростиславичтің қарындасы екенін жоғарыда айттық. Ол заманда билікті екі адам жүргізген ғой: Святослав Киев қаласына иелік етсе, бұдан тыс жерге Рюриктің әмірі жүрген. Игорь – осы Рюрик партиясының адамы. Бұларға Киев кінәзінің туған ағасы Чернигов кінәзі Ярослав та қосылған. Бірлігі жарасқан мықты топ.
Шатақ, бар бәле, у-шу ішуден туған. Игорьге қосылып келген түркі тектілер ары қарай Игорьді қолдаудан бас тартып, келген жағына ат басын бұрады. Түркілерді қайтармақ болған Игорь әрекетін аудармашы атүсті атап өткен. Жаманын жасырып, жақсысын асырған, жырдан кесек дүниені тұтастай алып тастау саяси тапсырыс еді. Содан келіп көп үйлі түркілер қазақтардың күшінен тайсақтап, майдан шебін тастап, бірінші қашты деген сөз шықты. Ғылыми айналымға енгізді. Қашпаған. Олар өз еріктерімен Игорьді әрі қарай қолдаудан бас тартты.
Марат Ақторғайұлы, зерттеуші