Қазақ даласындағы егіншілік. 2-бөлім
14.02.2022 2374

Qazaqstan Tarihy порталы 1913 жылы желтоқсанда «Земледельческая газета» газетінде жарияланған революцияға дейінгі ғалымдар В. Христианович пен Д. Ларионовтың «Яровые пшеницы Степного края» зерттеулерін жариялауды жалғастырады. Ғалымдар зерттелген бидай үлгілерін анықтауда меселдерін қайтармаған Қолданбалы Ботаника Бюросына, оның ішінде Бюро меңгерушісі Р.Э. Регельге және құрметті К.А. Фляксбергке, алғыстарын білдіргенін айта кеткен жөн.


Соңы. Мақаланың басы Қазақ даласындағы егіншілік

45-50 жергілікті сұрыптардың (атаулардың) үлгілерін ботаникалық талдау негізінде зерттеушілер оларды ботаникалық вариациялардың келесі қатарына енгізді:

Tr. vulgare Vill.

Мягкие

Vаr

Albidum. Al.

голоколоски

»

lutescens. Al.

белоколоски и голоколоски

»

Erithrospermum. Kcke

белотурка

»

Graecum. Kcke

белотурка

»

milturum. Al.

краснотурка

»

ferrugineum. Al. subv. Rossicum

»

» Sibiricum.

перерод, красненькая, краснотурка, остистая

Tr. compactum.

Host.

»

»

Fetisowi. Kcke.

erinaceum. Kcke.

теремковая

Карликовые:

Tr. turgidum d.

»

lusitanicum. Kcke.

китайка, белоярая

Английские:

Ряд вариаций формы Triticum compositum L.

Ветвистые - бесбас. (группа вариаций)

Tr. durum Desf.

Var. hordeifornie Host.

кубанка

Твёрдые:

»

melanopus Al.

синеуска, черноуска

»

coerulescens Bayle

черноколоска, кубанка

»

africanum Congum

африканка, полетаевская

»

Valenciae Kcke.

альматинка

Tr. polonieum L.

Польские:

»

villosum Congum.

ярица китайская

 Tritieum vulgare Uill – Жұмсақ бидай. Қылтанақсыз түрі.

Тr. v. vаr. albidum Al. subv. labilem. m. — Голоколоска. Оның ақ немесе сарғыш, жалаңаш және қылтанақсыз кішкентай масағы бар. Масақ жоғарғы жағына қарай тарылады. Дәндері ақ түсті, сынығында ұн тәрізді. Піскен масақтардың тостағанды қабыршақтары қатты ашылатындықтан, тез шашылып қалады, сондықтан бұл сұрып көк астында жинауды талап етеді. Мұнда кеуекті, қампиған тостаған қабыршақты inflatum m. вариациясы да кездеседі. Бұл түр, керісінше, тығыз және төгілмейтін масағымен ерекшеленеді.

Тr. v. var. lutescens АI. Голоколоска алдыңғысынан қызыл дәнімен ерекшеленеді. Алтай бидайы, белоколоска, полтавка (егер ол қызыл дәнді болса) және басқа осылай аталатын түрлері де осыған жатады. Масағы жалаң, ақ, қылтанақсыз.

Жоғарыда аталған екі вариацияның қырда пайда болуы қонысаудару қозғалысымен байланысты. Қонысаударушылар ағынымен улька, полтавка, голоколоска, белоколоска және гирка деп аталатын түрлер кеңінен тарай бастайды. Бұлардың барлығы ерте пісетін, көбінесе аталған екі формаға жататын, қылтанақсыз жұмсақ бидайлар, тек қызғылт масағының арқасында milturum Al-ге жақынырақ орналасқан гиркадан басқа. Бұл жердегі голоколоска деп, сарғыш масақты бидай типін айтады. Бұл бидай аласа, жіңішке сабақтарымен және ұсақ, қысқа, жуан, дене түстес, ұн тәрізді бидайымен ерекшеленеді. Бұған жататын сұрыптар тез төгіледі және ерте жинауды талап етеді. Олар қатты және қылтанды жұмсақтарға қарағанда 15-20 күн ерте піседі. Бұл бидайдың орны – жұмсақ жер, яғни 2-3 жыл өңдеуде болған жер, дегенмен олар қатты жерде де жақсы шығады. Жұмсақ жерде десятинасына 6 пұт, қатты жерде 4-5 пұт шашып себеді. Қатты жерде голоколоска жақсы шоқтанады. Өнім 50 және 200 пұт аралығында алынады. Голоколоска еккендердің пікірінше, онда күйе аурулары жоқ. Дақылдарда айтылған түрлер таза түрінде кездеспейді, тек аралас түрде ғана кездеседі.

Тr. v. vаr. milturum АI. Краснотурка. Жалпы жұмсақ бидайдағыдай, тегіс қызыл масақты және нәзік қуыс сабанды қылтанақсыз сорт. Тостаған қабыршағы жұмсақ, қызыл-қоңыр, бидайы әдемі, ұсақ. Оңай төгіледі, сондықтан ерте жинау қажет. Бидайдың барлық басқа сұрыптарынан кейін егіледі. Пар жерді ұнатады, соның арқасында тың-пар жүйесі қолданылатын өлкенің орманды-дала зонасында бұрыннан егіліп келе жатқан бидай сұрыбы. Күйе ауруларына шалдыққыш, ондай күйе аурулары болған жылдары астық түгел қырылып қалады. Таттан да дәл осылай қорқады. Шық пен қармауларға сезімтал. Бидайдың бұл көне түрі Тобыл губерниясының Ишим ауданынан, сол жақтан Ақмола облысының орманды-даласына келген. 

Қылтанақты түрлер.

Тr. v. vаr. graecum Kcke - Белотурка. Бұл Еуропалық Ресейдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен Кавказда өсірілетін қатты бидай түріне жататын «белотурка» (Тr. d. vаr. leucurum АI) атауына еш қатысы жоқ жергілікті белотурка. Қылтанақтары шашыранды ақ масақ. Ақ, ұнды дән. Кубанмен бірге бұл, Ақмола облысының дала бөлігінің кең таралған сорттарының бірі. Белотурканың сабағы нәзік, ал бидайы домалақ. Бұл белотурканы кубанкадан кейін егеді. Ол үшін сазды топырақ қолайлы. Кейде татпен және қаракүйемен ауырады. Аз төгіледі.

Тr. v. vаr. erythrospermum Kcke - Белотурка (жергілікті атауы). Өте үлкен ақ, қылқанды жалаң масақты қызыл бидай. Кейде масақтың түсі ақ, сары және қоңыр реңктердің арасында өзгереді. Дәні шынытәрізді. Татқа бейім.

Тr. v. vаr. ferrugineum АI- мұртты Краснотурка, орыс, перерод, қызыл. қылқаны дұрыс орналасқан-шашыраңқы, қызыл масақты және ірі дәнді. Төрт қырлы, орташа өлшемді борпылдақ масақ. Бүйірлік гүлдердің қылқаны жақсы жетілген және шығыңқы, ал ортаңғы гүлдердің қылқаны дамымаған. Үстіңгі жағында масақ сәл тегістелген және сүйірленген. Масақтың қызыл түсі кейде сарғыш түске өзгереді. Ұндылау келген дәні қысқа, ұсақ. Салмағы аса көп емес, абсолют салмағы (1000 дәннің салмағы) шамамен 23-24 грамм. Переродтың дәні русактан (русская) ақшылдау, қызғылттау және ірілеу. Басқа жұмсақ бидайлардың дәнінен оның дәні ойықтарының үлкендігімен ерекшеленеді. Нарықтық классификацияға сәйкес, русак пен перерод көптеген қиын вариациялары бар «қатты» және «жұмсақ» сорттар арасындағы қиылысты құрайды, сондықтан осыған жататын сорттар халықаралық саудада «жартылай қатты» деп аталады. «Қаттыларға» шынытәріздес дәнді бидай, ал «жұмсақтарға» - дәні ұндылар жатады.

Бұл сұрыптар қаракүйеден қатты зардап шегеді. Кейбір деректер бойынша олар қатты төгілуге бейім, ал басқаларыныкы бойынша олай емес. Жұмсақ жерге егіледі. Жақсы шоқтанады. Белоколоскаға қарағанда вегетациялық кезеңі 15-20 күнге ұзағырақ.

Бұл вариацияның екі түрін ажыратады: ақшыл-қызыл масақты rossicum және күрең-қызыл масақты sibiricum.

Тr. v. vаr. ferrugineum All. subvar. Rossicum. Орта өлшемді жалаң масақ: піспеген масақтары сарғыш, жасылдау болуы мүмкін. Дәндері ұнды және шынытәріздес болады. Бұған русак, русак-перерод (Атбасар уезді), орыс қылқандысы, қызыл, қызғылт (Алтай), красноколоска, усатка және краснотурка-усатка және т.б. жатады.

Тr. v. vаr. ferrugineum All subvar. sibiricum – Қызыл немесе сібірлік қызыл. Жергілікті көне сұрып сияқты. Тез пісетіндігімен ерекшеленеді. Оңай төгіледі және қаракүйемен жиі ауырады.

Бұл екі түр Сібірден батысқа экспортталатын бидайдың басым бөлігін құрайды.

 Tritictm compactum Host - Ежевки.

Тr. с. vаr. Fetisowi Kcke. et erinaceum Kcke. — Теремок бидайы. Басты, қызыл қылқанды немесе қылқансыз масақты бидай. Дәні ұсақ, дөңгелектеу, сарғыш және жиі жағдайда ұнды. Кейде дәнінің түсі қызғылт болып келеді (vаr. erinaceum Kcke). Масақтың ұзындығы шамамен 1/2 тұтам.

Тез піседі, құрғақшылыққа төзімді, суық пен қаракүйеден қорықпайды.

Сабағының ұзындығы тіпті жаңбырлы жаздың өзінде аршыннан аспайды және көбінесе сол себепті де теремок жатып қалмайды. Орған кезде мықты және төгілмейді.

Дән түсімі десятинасына 50-ден 75 пұтқа дейін құрайды. Бұл бидайдың ұны аса сапалы емес. Теремок бидайы немесе ежевка көне дақылды өсімдіктердің бірі. Сипаттамасы бойынша осыған ұқсас басты бидай сорты ежелгі Арабияда өсірілді деген деректер бар. Ежевка дәндері Швейцариядағы Цюрих көлінің қадалы ғимараттарының қалдықтарынан табылғаны белгілі. Семей облысы үшін теремок 1795 жылы сипатталған (Бурнашев), және осы жерде бұл жүздеген жылдан бері болған.