Түркі идеясының пайда болу тарихынан
10.01.2022 2956

Өткен жылы Ыстанбұл қаласында өткен түркі елдерінің мемлекет басшыларының бас қосқан саммитінің негізінде бұрынғы «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің» енді бұдан былай «Түркі мемлекеттері ұйымы» деп аталғаны бәрімізге мәлім. Аталған жиынға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та өз ұсыныстарын жолдаса, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл кезеңді түркі әлемінің дамуындағы жаңа кезең деп атады. Біз осы осы мақала барысында аталған идеяның түпкі тарихына үңіліп көрмекпіз. Жалпы түрікшілдік идея барлық түрік халықтарының мәдени және саяси бірлігін мақсат еткен және 1880 жылдары Осман империясы мен сол кездегі Ресей империясының қол астындағы түрік халықтарының зиялы қауым өкілдерінің арасында пайда болған ерекше қозғалыс-тұғын.


Түрікшілдікті ғылыми жүйелеген жан Зия Көкалп еді. Ол түрік халықтарының «қазіргі өркениет деңгейінен жоғары» мәдениеті, экономикасы, саясаты, өнері және эстетикасын жоғары көтеруді меңзеген болатын. Зия Көкалп бұл анықтамасын 1923 жылында жарық көрген «Түрікшілдіктің негіздері» атты кітабында жасады. Бұл еңбекте құрылатын жаңа Түрік мемлекеттерінде қолдануға және сақтауға болатын негізгі мәселелер көтерілген еді.


Түрікшілдіктің Осман империясында пайда болуынан бұрын Еуропада түріктерге байланысты екі қозғалыс бой көрсеткен болатын. Бұлардың біріншісі — француз тілінде «Turquere» деп аталған «Түрікті жақсы көрушілік», яғни түрікке деген тамсанушылық. Түркияда жасалған жібек және жүн маталар, кілемдер, алашалар, ағаш заттары, кітап түптеушілердін, оны көркемдеушілердің туындылары, маңғалдар, канделябрлар сияқты түрік өнерінің өнімдері Еуропадағы өнерсүйгіштердің назарын көптен-ақ өзіне аударған болатын. Олар түрік туындылары болып табылатын бұл әсем дүниелерді мыңдаған доллар беріп сатып алатын және үйлерінде түрік залын немесе түрік бөлмесін жасайтын. Ал кейбіpeулері бұл дүниелерді басқа халықтардың көркем туындыларымен бірге көрмелерге қоятын.

Еyропалық суретшілердің түрік өмірінен алып салған суреттері, ақындар мен философтардың жазған кітаптары да «Turquerere» жататын. Ламартиннің, Ауғус Комтенің, Пиер Лаффиттің, Әли пашанын жеке хатшысы Мисмердің, Пиер Лотидің, Фаpрердің түріктерге байланысты нағыз достарша қалдырған жазбалары- міне осылардың санатынан. Еуропада пайда болған екінші ағым «Түркология» деп аталады. Ресейде, Алманияда, Мажарстанда, Данияда, Францияда, Англияда көптеген ғалымдар көне түріктер, ғұндар, моңголдар туралы тарихи және археологиялық зерттеулер жүргізе бастады. Түріктердің өте көне ұлт екендігін, кең аймаққа тарайтынын және түрлі кезеңдерде бүкіл әлемге үстемдік еткен жиһангер мемлекеттер мен биік өркениеттер құрғанын алға тартады. Әсіресе, француз тарихшыларынан Дегюгнестің түріктер, ғұндар және моңғолдар жайында жазған үлкен тарих кітабы мен ағылшын ғалымдарынан сэр Дэвид Ламлейдің үшінші Сәлім сұлтанға арнаған «Китаб-и илмун нафи» (Пайдалы ғылымдар кітабы) атты жалпы түрік грамматикасы пікір адамдарының қөзқарасына үлкен әсер еді. Бұл eкінші кітапты авторы ағылшынша жазған.

Кейінірек бұл кітапты француз тіліне аударып, сүлтан Махмұтқа арнады. Бұл еңбекте түрік тілінің түрлі тармақтарынан басқа түрік өркениеті және түрік этнографиясы, түрік тарихы туралы да айтылады. Сұлтан Абдолғазиз билігінің соңғы жылдары мен сұлтан Абдолхамиттің таққа отырған алғашқы жылдарында Ыстанбұл үлкен идеялық қозғалыстың мекеніне айналған еді. Мұнда әрі «Әнжүмән-и даниш» (Ғылым академиясы) өмірге келіп, әр түрлі зерттеулер ұйымдастырылған болатын. Бұлармен қатар әскери мектептердің беделі де жоғарылай бастаған еді. Бұл зерттеулердің көбін Дарүлфүнүн (яғни қазіргі Ыстамбұл университеті) ұйымдастырған болатын. Бұлармен қатар әскери мектептердің де беделі де жоғарылауына да үлес қосқан болатын.

Сол кездегі зиялылар Түрікшілдіктің негізі - ұлт пен Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық сана, ұлттық идеялардан тұрады. Оның басты мақсаты - түрік ұлтын мәңгі және берекелі, берік және барлық басқа ұлттарға тәуелсіз өмір сүруін мәңгілікке дейін сақтау. Осы тұрғыдан алғанда, түрікшілдік идеясының маңызды элементтерін былайша анықтауға болады:

1.     Түрік халықтарының бәрі мәдени жағынан бір болу керек. Мұның түпкі мәні мынада: барлық түріктер тілде, пікірде, істе бір болуы.

2.     Түрік ұлттары еркін және тәуелсіз өмір сүруі керек. Ешқандай сыртқы күш қауіп төндірмеуі немесе кері әсер етпеуі керек.

3.     Түрік халықтары экономикалық жағынан мықты, табиғат жағдайларына тәуелді болмай, гүлденіп өмір сүруі керек. Экономикалық тұрғыдан мықты болу - әскери және саяси тұрғыдан мықты болудың негізгі шарты. Әскери-саяси жағынан мықты болу тәуелсіздікті сақтаудың маңызды факторы болып табылады.

4.     Түрік халықтарының ертеден келе жатқан мәдени ерекшеліктерінің (тіл, наным, дәстүр, көркемдік сипаттама, өмірге көзқарас және тағы басқа) сақталуы және дамуы және шетелдік мәдени ассимлияция болудан қорғалуы керек.

5.     Түрік халықтарының негізгі мақсаты – түрік деген халықтардың мәңгі өмір сүруін қамтамасыз ету.

Тарихтан келе жатқан осы маңызды элементтерге қатысты кез келген даму шынымен түрікшілдіктің маңызды белгісі болып есептеледі. Осыған қарай отыра, түрікшілдік тарихы белгілі бір мағынада осы белгілердің жиынтығы деп те айта аламыз.

Шығу тарихы ерте кезеңдерге сүйенген, Түрік халықтарына тиісті дастандар мен эпостардағы мотивтер түрікшілдіктің негізгі қағидаларына сәйкес келеді. Түркістан (Орта Азия) халықтарында бейнеленген бұл мотивтерде түрікшілдіктің идеасымен сәйкес келеді. Осыған байланысты түрікшілдіктің ұлттық негізін осы эпостардан да ала аламыз. Оған өткен тарихымызда айтып, көрсетуге болатын көптеген мысалдар жеткілікті.

Ислам дінін қабылдағанға дейін Түріктердің тарихы туралы бізге жеткен мәліметтер шектеулі осыған байланысты осы мысалдардың тек бірнешеуіне ғана тоқталып өтсек.

ХХ ғасырдың басында Османлы империясындағы зиялылылар өздерінің ұлттық азаматтықтарын қорғай отырып, Османшылдық және Исламшылдық идеяларын да қолдады, сол кезеңде бұл идеялармен Османлы императорлығын сақтап қалатындарына сенген болатын. Бірақ жағдайдың үнемі өзгеруі және өзге ұлттардың ұлтшылдық көтерілістерінің нәтижесі Түріктердің де ұлттық азаматтықтарын алға қоюына алып келді. Түріктер арасында тез арада қолдауға ие болған ұлтшылдық желі, зиялыларды осы тақырыпта зерттеулер жүргізуіне себеп болды. Танзимат заңдарынан кейін Европадан алып келген зерттеулердің әсерінен Түріктер өздерінің этникалық тарихы мен шығу тегін және тілдерін зерттеуді бастаған болатын. Империя ішінде «Термүмән-ахвал және Басирет» газетінде, шет елде Жаңа Османлы баспасынан «Хүрриет пен Улум» журналында Түріктердің мәдениетіне деген қызығушылықтарға көптеп сілтемелер жасалды. Осы кезеңде 1893 жылында Вильгельм Томсенның Орхон жазуларын оқымасы, Түрікшілдік жайлы зерттеулердің жандануына себеп болды. Бұл да Османлы зиялыларына үлкен әсер етті.

Осы кезеңдегі түркішілдік қозғалысының қызықты бір ерекшелігі бар еді, бұл орыс мұсылмандарының қолдауы. Әсіресе, осы салада Гаспыралы Исмаилдың қызметі және 1883 жылынан бастап, Бахшесарайда Қырым Түрікшесімен Османлы зиялыларының қолдауымен шығарылған «Тержумән» «Аударма» газетінің рөлін тілге тиек етуге болады.


Гаспыралы, әсіресе Түркілік және Түрікшілдік саласында маңызды зерттеулері болған ғылым адамы. Оның жазған зерттеулері тек Қырым Татарлары арасында емес басқа Түрік халықтардан да маңызды қолдаулар тапты.

Сол кезеңнің Османлы зиялыларының арасын қатты қолдауға ие болған, Гаспыралы жиі жиі Ыстамбұлға келіп өз зерттеулерімен бөлісті. Баспаға шығып отырған «Тержумән» (Аударма) газетінде сол кезеңдегі ең жеңіл Түрікшемен мақалалар жазылып, газетті бүкіл Түріктердің территорияларында оқылуын қамтамасыз етуді мақсат еткен болтын. Істерін «Тілде, пікірде және істе бір» деген ұранмен жасаған Гаспыралы, бұл кезеңдегі Түрік қозғалысына үлкен серпін берді. Және де осы кезеңде мәдени және академиялық салада Түрікшілдік зерттеулерін Османлы территориясында да көруге болады. Бұл жолда Мехмет Акф өзінің «Қашқар тарихы» атты еңбегінің кіріспесінде Орта Азиядағы Түрік халықтары жайлы «Дін және ұлт бойынша туыстар» деп сипаттаған; Ахмет Митах Эфенди 1887 жылы шыққан «Муфассал Тарих-и Курун-у Седиде» шығармасында, Османлылардың түбі бір Түріктің ұрпақтары екенін ашық түрде жазған болатын. Оның ойынша Түріктер тарихта үлкен маңызға ие ұлт. Одан кейін Жас Түріктердің лидері Мизанжы Мұрат «Умами тарихы» яғни (Жалпы тарих) атты еңбегінде Түріктердің исламдан бұрынғы тарихына назар аудартады. Сондай – ақ, шығарған «Мизан» газетінде Османшылдық және Исламшылдықтың қасында Түрікшілдікке маңызды баға берумен, ұлттық мәдениеттің де қорғалуын қолдады.

Бұл кезеңде Түрік тарихы мен байланысты зерттеулер жасалып, Түріктердің мәдениеті ұлттық болмысы жайлы зерттеулер ортаға салынып талқыланды. ХІХ ғасырдың соңына дейін Османлы императорлығында тарих жазу индексті болып, Түріктердің ескі тарихына қатысты деректерді зерттеу өте қиынға соққан болатын. Батыста басталған Түркологиялық зертеулердің әсерімен Османлы зиялылары Османлыдан бұрынғы ерте Түріктердің тарихын зерттеуге кірісті және зерттеуерден шыққан нәтижелер негізінде Анадолыға көшіп келмеген тұстағы Түріктердің тарихын ерекше жандандырды. Тарих саласында ашылған зерттеулерге параллель Түрік тілі жайлы зерттеулерде кең тарады. Жоғарыда атап өткеніміз Түрік тілі жайлы зерттеулерге Шамсеттин Сами ерекше үлес қосқан болатын. Ол Османлы тілі терминіне қарсы шығып, Османлы аты тек бір мемлекеттің аты екенін айтып, ал ұлттың тілі Түрік тілі екенін басты назарға қойды. Османлы мемлекетінде қолданылған Түрікшенің қасында басқа да Түрік диалектерінің де зерттеуін жасап, араларында жақын байланыстың бар екенін атап көрсетті. Сонымен қоса, жаңа тіл реформасын жасай отырып, бүкіл Түрік халықтарының нақты бір Түрікшені қолдауын керек екенін атап өткен болатын.

Сұлтан Абдулазиздің тақтағы соңғы жылдары мен Сұлтан Абдулхамиттің мемлекет басындағы алғашқы жылдарында Ыстамбұл үлкен бір пікір мен идея әрекетіне куә болды. Бұл арада қалалық кеңес пен Ыстамбұл университеті үлкен күшке ие болды. Бұдан басқа, әскери мектептер жаңа бір рухпен көтеріле бастады. Түркияда Түрікшенің жалпы және үлкен бір диалектісі бар екенін және басқа Түрік диалектерімен салыстырып, ұқсастықтарын ортаға салды. Ыстамбұл университетінің бір профессоры Түрікшілдіктің ең алғашқы негіздерін құрды ал, әскери мектептердің басшылығында жүрген Сүлейман паша болса бұл идеяны әскери мектептерге таратуды қолға алған болатын. Тілде және тарихтағы Түрікшілдіктің жандануына параллель саясат пен әдебиетте де бір дамудың басталғаны ІІ Абдулхамиттің кезеңіне тұспа – тұс келген білгілі. Бұған себеп Түрікшілдікті жоққа шығару мақсатында жазылған шет елдік басылымдардағы мақалалар болды. Бұл мақалаларға ең алғашқы қарсылық Жас османлылар арасынан шықты. Бұлар қай салада, саясатта қай көзқарасты ұстанса ұстансын бірақ Түрікшілдікті жоққа шығаруға тырысқан шет етлдік басылымдарға үлкен қарсылық білдірді. Осыдан- ақ байқауға болады, Түрік зиялы қауым өкілдері мемлекет ішінде ұлтшылдықты жандардыруға тырысты және сырттан Түрікшілдікке қарсы жасалған шабуылдарға қарсы тұруға тырысқаны көрініп тұр.

Юсуф Акчора 1928 жылы жарық көрген «Түрік жылы» еңбегінде сол жылдардың саяси және мәдени өмірін былай сиппаттаған: «Ең алғашқы Конституциялық Үкіметті жариялаған жас Османлылар ХХ ғасырдың басында үлкен тәжірибемен қайта тарих сахнасына шықты. Оның нәтижесі 1908 жылы екінші Конституциялық Үкіметтің жариялануы болды». Алайда, 30 жылдық үнсіздік пен ойлану жас османлыларға не ескіден сабақ алуды не жаңа бір дүние үйретпегенін көрсетіп берді. Бельгия Конституциясына ұқсас Конституция Осман империясына орталықтан басқаруды бермеді. Жас османлылар үкімет басына келгенде жаңа конституция енгізген болатын. Осыдан кейін Османлы императорлығы Европа мен Африкадағы территориясынан айрылды. Солайша, Осман империясы кезіндегі Византия Империясы секілді қолында тек Азия территориясы қалды. Алайда, Осман империясының мешіттерінде монархиялық бірігу мен монархиялық бауырластықтан сөз етіп жатқан еді.

Ыстамбұл университеттегі тарих философиясының профессоры Ахмет Уафық паша болатын. Ахмет Уафық паша Әбілғазы Бахадүр ханның «Түрік шежіpecін» Шығыс түрікшесінен Ыстанбұл түрікшесіне аударған. Бұдан басқа ол «Османлы түрікшесі» атты түрік сөздігін құрастырып, Түркиядағы түрік тілінің жалпы біртұтас үлкен түрік тілінің бір тармағы болып саналатынын, оның аясында басқа да түрік тілі тармақтарының бар екенін салыстырмалы зерттеу жолы арқылы көрсетіп берді. Танзимат кезеңіндегі мемлекеттік кайраткерлері мен әдебиетшілер қатарына жататын Ахмет Уафық паша (1823-1891) — үлкен түрікшілдердің бірі болды. Ол «Османлы түрікшесі» атты еңбегінде түрік сөздерінің көне түбірлерін зерттейді. Ахмет Уафық паша бұл ғылыми түрікшілдігімен қатар өнерде де түрікшіл болатын. Өзінің жөне отбасы мүшелерінің киімі түгелдей түрік маталарынан тіктірген. Ахмет Уафық пашаның тағы бір ерекшелігі мен жанашылдығы комедияларының кейіпкерлері мен сюжетін түрік дәстүріне үйлестіріп, түрік тіліне аударуы және ұлттық сахнада қойдыруы. Университеттің бір профессоры түрікшілдіктің осы алғашқы негіздерін жасап жатқанда әскери мектеп министрі Шипка соғысының батыры Сүлеймен паша болса, түрікшілдіктің негіздерін әскери мектептерге енгізуге тырысып бақты. Сүлеймен пашаның түрікшілдігін Дегюгнестін тарих кітабы қалыптастырған. Өйткені, Османлыда қытай деректеріне сүйеніп алғашқы рет түрік тарихын жазған Сүлеймен паша (1838-1892) өзінің «Тарих-и-әлем» атты еңбегінің алғы өзінде былай дейді. «Әскери мектептерді басқаруға келгенімде бұл мектептерге қажетті кітаптарды аударy icін мамандарға қалдырдым. Бірақ кезек тарихқа келгенде оның aударма жолымен жазылмайтынын түсіндім» деген болатын.


«Еуропада жазылған барлық тарихи кітаптарда не дінге, не ұлтқа (түрікшілдікке) қатысы жоқ айыптауларға толы болған. Бұны ол өзінің «Әлем тарихы» атты кітабына жазған. Бұл кітаптардың ешқайсысы аударылып, Османлыда оқытылмайтын. Сондықтан мектептерімізде оқытылатын тарих кітабын жазуды өз мойныма алдым. Мен жазған бұл кітапта шындыққа қайшы келетін бір сөздің кездеспейтіні сияқты дінімізге және ұлтымызға қарсы айтылатын сөздін кездесуі де мүмкін емес»- деген.

Еуропа тарих кітаптарындағы ғұндардын Қытай тарихындағы хиюннулар екенін және олардың түріктердің арғы аталары болып саналатын, Оғыз қағанның сол ғұн мемлекетінің негізін салушы Мөде болуы керектігін бізге тұңғыш түсіңдірген — Сүлеймен паша деп көрсетеді сол кездегі Османлы зиялы тобы. Сүлеймен паша бұдан басқа Жәудәт паша сияқты түрік тілінің грамматикасы бойынша да кітап жазған. Бірақ Жәудәт паша сияқты ол өз кітабын кітабын «Османлы тілінің ережелері» деп атамай, «Түрік тілінің грамматикасы» деп атады. Өйткені, ол тіліміздің түрік тілі екенін білетін және «Османлы» атауымен үш тілдің бірігуінен жаңа тілдің пайда болуы мүмкін емес екендігін түсіндірген.

Сүлеймен паша бұл бағыттағы пікірін «Османлы әдебиетін окыту» атты кітап жариялаған Режайызаде Әкрәм бейге жазған хатында ашық түрде алға тартты. Бұл хатта ол: «Османлы әдебиеті» деу дұрыс емес. Тілімізге «Османлы тілі» және ұлтымызға «Османлы ұлты» деу қалай қате болса, бұл да сондай қате. Өйткені, «Османлы» сөзі тек мемлекетіміздің атауы. Ал ұлтымыздың аты «Түрік» қана. Сондықтан тіліміз түрік тілі, әдебиетіміз болса-түрік әдебиеті» дейді. Ол әскери мектептерде оқытуға арналған «Түрік есімдері» атты кітабын Османлының әскерімен түрік сөздерінің ұмытылмауын мақсат етті. Сонымен Османлыда Түркішілдіктің алғашқы аталары сөйтіп Ахмет Уафық паша мен Сүлеймен паша болғанын көреміз. «Түрік ошақтарында» және басқа түрікшіл кұрылымдарда түрікшілдіктің бұл екі көш бастаушысының үлкен суреттерін іліп қоюының өзі - қадір-құрмет білдірудің дәлелі еді. Түркияда Абдолхамит бұл ағымды тоқтатуға тырысып жатқанда Ресейде екі үлкен түрікшіл идея жанданып жатты. Олардың бірі — Мырза Фатали Ахунзаде. Онын әзери түрікшесімен жазған комедиялары Еуропаның барлык тілдеріне аударылды. Екіншісі «Тілде, пікірде және істе бірлік» болған Гаспарылы Ысмайыл. Оның Қырымда шығарған «Тәржүман» газетін Солтүстік түріктері қалай түсінсе, Шығыс пен Батыс түріктері де солай түcінетін. Бұл газет барлық түріктердің біp тіл арқылы бірігyі мүмкін екендігінің дәлелі болды. Түрікшілдікке қарсы Абдолхамит сұлтандығының соңғы жылдарында ортаға салған исламшылдық идеясы болды, оның негізін салушы - Шейх Жамаладдин Ауғани. Мысырда шейх Мұхаммет Абдухты, Солтүстік түріктерідің арасынан Фахреддинұлы Рызаеддинді тәрбиелеген бұл үлкен Ислам революционері Түркияда Мехмет Емін бейді тауып алып, оның халық тілімен және буын өлшемімен ұлттық сүйіспеншілікке толы өлендер жазуына кеңес берген.

Түрікшілдіктің алғашқы кезеңінде Деrюгнес жазған тарихтың әсeрі болғанын да айта кеткен жөн. Сонымен қоса, Леон Кахунның «Азия тарихына кіріспе» атты кітабынын зор ықпалы болды. Нәжіп Асым бей көптеген қосымшалармен бұл кітаптың түріктер жайлы бөлімін түрік тіліне аударған еді. Нәжіп Асым бейдің бұл еңбегі жер-жерде түрікшілдік пікірін оятты.

Ахмет Жеудәт бей «Икдам» (Прогресс) газетін түрікшілдіктің таратушы баспасына айналдырды. Әміролла әпенді, Уөләт Шелебі және Нәжіп Асым бей осы түрікшілдіктің күрескерлерінен болатын. Бірақ түрікшілдердін бірі Фуат Райыф бейдін түрік тілін тазарту бағытындағы қате ізденістері түрікшілдік ағымынын беделіне нұқсан келтірді. Бұл жаңсақ ғылыми көзқарас болатын. Ол Османлы тіліндегі араб, парсы тілдерінен өрбіген барлық сөздерді шығарып тастап, олардың орнына түрік түбірінен жаңа жұрнақтар арқылы жаңа түрік сөздерін енгізу қажет деген болатын. Бұл пікірді жүзеге асыру жолында жазылған бір топ мақалалар мен хаттардың нәтижесінде жүзеге асыруға кірісті, алайда бастама сәтсіз аяқталды.

Жалпы халықтық тілге енген араб және парсы сөздерін түрік тілінен шығарып тастау бұл «Икдам» газетінің төңірегіне топтасқан бір топ ағартушылардың түрік түбірліктер және жаңа сөздер, грамматикалық ережелерінің қайта жазуға арналған болумен, қатар халық үшін шет тілдерінен сөздерден де, мүлде түсініксіз болатын. Сондықтан тілдегі бұл реформа халықты күнделікті істерде дағдарысқа, қараңғылыққа қарай сүйрейтін үрдіс болды. Бұған дейін кірген табиғи сөздерді алып тастап, олардың орнында жасанды сөзден енгізуге тырысқандықтан шынайы тілдің орнына жасанды түрік эсперантосы туындатпақшы еді. Жасанда сөздер емес, адам білетін және түсінетін, үйрететін сөздерді түсінуге мүмкіндік беруі тиіс. Мин Сундитан өз еңбегінде «Иә, «Икдамдаги» Тұраншылдық және түрікшілдік ағымын, Зия Көкгалп әкелді. Ол медицина училишесінде ұйымдастырылған Медициналық мектептерді тестілеуді Еуропа және Мысырдағы жаңа серіктестіктер арасына кіру, денсаулық сақтау, саяхатшылар османшыларды жақында таныды» деген болатын. Зия сол кездегі Мысырда шығып түрған «Түрік» газеті Кемәл Османлы бірлігі туралы идеяларды алға тартса, Ақшораұлы Жүсіп бей Фәрит бей түріктің саясатына ұсынған болатын.

Бұл тұста Патшалық Ресейдің қол астындағы Түріктерден Хусейінзаде Әли Бей Ыстанбұлдан, Аль Ағоғоғлу Ахмет Бей Парижден Бакуге барған және сонда идеялық күрес жүргізіп жатқан болатын. Осы күреске сол кезде Топшыбашыоғлы да бұларға қосылды. Бұл үш ағартушы сол кезге дейін үстем болып келген сүнниттер мен шейіттер арасындағы түсінбеушілікті жойып, барлык әзірбайжандықтарды түріктік және исламдық идеялар аясында біріктіруге тырысты.

24 шілде (1908 жылы) төңкерісінен кейін (1 Конституция) Түркияда османшылық идеясы үстемдік құрған еді. Осы тұста шыға бастаған «Түрік дернеги» (Түрік ұйымы) сол идеяның ықпалында қалып қойғандықтан да ешқандай қолдауға ие болмаған болатын.

31 наурыздан кейін османшылдық идеясы бұрынғы маңызынан айырыла бастады. Бір кезде Абдолхамитке ислам бірлігі идеясын ұсынған Германия канцлері бұл мүмкіндікті пайдаланып, Сүлтанахмет алаңында (қазіргі Көкмешіттің алды) Ислам бірлігі митингісін ұйымдастырды. Сол күннен кейін иперияда жасырын Ислам бірлігі ұйымдары ұйымдасып, тарай бастады. Жас түріктер османшыл және ислам бірлігішіл болыш қарама-карсы екі топқа бөлінді. Османшылар космополигтiк (ұлты белгісіз) Ислам бірлігін жақтаушылар болды.

Бұл екі ағым да империя үшін қауіпті болатын. 1910 жылғы Құрылтайда Солоникидегі бас орталықтың мүшелігіне (Бірлік пен прогрестің) Зия Көкалып сайланған кездегі жалпы жағдай осындай еді. Бұл кезде Солоникиде «Жас қаламдар» атты журнал шығып тұрды. Зия Көкалып журналдың бас редакторы Әли Жәніп беймен өткен бір сұхбатында «Ол маған журналдың тілді тазарту бағытында революция жасауға тырысып жатқанын, бұл идеялық соғыста Омар Сейфеттиннің бастамашы болып отырғанын айтты. Омар Сейфеттиннің тілге байланысты бұл көзқарасы толығымен менің көзқарасыма сай болатын» деген болатын.

Осман империясындағы Түрікшілдіктің негізін салушылардың бірі Зия Көкалып Ташқышлада түрмеде отырған шағында мынадай идея ұсынған еді: «Түрік тілін жеңілдету үшін бұл тілден араб-парсы сөздерін емес, араб-парсы тілдерінің ережелерін алып тастау, ал араб-парсы сөздерінен түрікше баламалары барын шығарып тастап, түрікше баламалары жоқтарын қалдыру керек» - деген еді. Кейіннен осы пікірге байланысты бірер мақала жазған болса да, жариялаудың мүмкіндіrін таба алмаған. Ол «15 жасымда Ахмет Уафық пашанын «Османлы түрікшесі» мен Сүлеймен пашаның «Әлем тарихы» менің бойымда түрікшілдік сезімін оятқан болатын» дейді өз естелігінде.

Қорыта айтсақ, Османшылдық Ислам бірлігінен де империя үшін қауіп туатынын байқаған жас қайраткерлер ұлтты құтқарушы идея іздеген шақта Зия Көкалптың «Тұран» өлеңі Түрікшілдік идеяның алғашқы ұшқыны еді.

«Тұран» өлеңінен кейін Ахмет Хикмет бей «Алтынорда» мақаласын жариялады. Ыстанбұлда «Түрік жұрты"» журналы мен «Түрік ошағы» қоғамы құрылды (журнал да, қоғам да казіргі уақытқа дейін қызмет етіп келеді). Одан кейін Халида Әдіп ханым (Алывар) «Жаңа Тұран» романымен түрікшілдіктің мәртебесін тағы бір көтеріп тастады. Хамдолла Субхи бей (Тәңірөвтер) түрікшілдіктің белсенді басшысына айналды. Аттары жоғарыда аталған түрікшілдер «Түрік жүртында» болсын, «Түрік ошағында» болсын бірігіп, ынтымақтасып жұмыс істеді. Фуат бей (Фуат Көпрілі) түркология саласында үлкен ғалым болды. Ол өзінін ғылыми еңбектерімен түрікшілдікке елеулі жол көрсетті. Бұлардың арасында Якуп Қадри, Яхйа Кемәл, Фалих Рыфкы, Рапык Халит, Решат Нури сиякты жазушылар мен қатар, Орхон Сейфи, Фарук Напыз, Юсуф Зия, Хикмет Назым, Вала Нүреттин сияқты ақындар да жаңа түрік тілін көркейтті. Муфиде Фәрит ханым да өзінің құнды кітаптарымен болсын, Париждегі мәртебелі лекцияларымен болсын түрікшілдіктін биіктеуіне өз еңбегін қосқан болатын.