Қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы
15.11.2021 2001

Біз дәстүрлі түрде «Қазақ балуандары» деген циклмен алаш топырағынан шыққан әйгілі балуандар жайлы қалам тербеген едік. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында  жарыққа шыққан «Қазақ балуандары» деген  еңбекке негіз сүйей отырып дайындалған, бұл жазбаның иесі белгілі қаламгер, әйгілі спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұл. 1980 жылы грек-рим күресінен Олимпиада жеңімпазы, 1978-1979 жылғы қатарынан екі дүркін әлем чемпионы Шәміл Серіков жайлы бұл еңбекті оқырмандар назарына қаз-қалпында ұсынғанды жөн көріп отырмыз.


ЦСКА с п о р т сарайының іші бүгін де әдеттегі дей абыр-сабыр. Бүгін тіпті мол халық ағынының ортасынан ізетпен бір адамды тоқтаттық.

- Айып ете көрмеңіз?! Біз (ойымызды айтып түсіндірдік).

- Мыналарыңыз қызық болды ғой. Жанкүйер де бір көңілшек адам. Көндік. Мен жазып жетістірмеймін, қайланың қолы қаламға доғал. Өздеріңіз айтқандай, ойымды ірікпей жеткізуге тырысайын…«Басымды қатырмаңыз», оңай құтылуға оңай сылтау «кешірініз» деп кете бармағанына қуанып кеттік. Сонымен бізге уәде берген адам Диепродзержинск кен бірлестігі № 7 шахтасының мастері, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Карпаносов Дмитрий Егорович. Келесі ықылас білдіргеңдер ол - Олимпиадалық ойындардың үш дүркін чемпионы, спорттық басқа атақтарын санауға біраз уақыт кететін, XХ ғасырдың екінші жартысыңдағы дүние жүзіңдегі ең атақты балуан, күні кеше XXII Олимпиада ашылуына төрешілер антын оқыған Алексаңдр Медведь. Еңбекті сүйетіндерден жақсы көретінім жоқ. Жылма-жыл миллиард беруге көшкен қайратты Қазақстанды, оның мол пішілген кескін-келбетін құрметтеймін, балуандар елі деп құрметтеймін. Еш айыбы жоқ, келістік, - деп күректей алақанын ұсынды. Көзді тырнап ашқалы дегендей, қалам ұстағаннан күресті жазатын, білікпен жазатын «Советский спорт» газетінің жұмыр жердегі ең ірі күрес жарыстарына жіберетін арнаулы тілшісі, әріптесіміз Владимир Голубевпен бұрыннан келісіміміз бар.

 

- Қай істің де басы қиын. Бірінші кезең туралы әңгімені сен баста, Володя.Арғысын Дмитрий Егорович екеуміз сөзге сараң, қаламға ебедейсіз қолмен қиқалап көрейік, - деп атағы жер жарған балуан біздің кімге болса да қолбайлау қолқамызды біржола жуып-шайып жіберді. Сонымен… Владимир Голубев: Қадірлі қазақстаңдықтар, мен тұз-дәмін татқан тың жерлер мен әсем Алматының жанкүйерлері, «Советский спорт» газетінің редакциясында ұзын саны отыздан асатын еліміздің спорттық картасы бар. Өздеріңіз байқап отырған шығарсыздар. Ол карта спорттың жеке түрлері бойынша. Күреске арналған картада «Держава» деген бес белгінің біреуі Қазақстанның тұсыңда тұр. Қазақстанның балуандар елі екені жайлы бастарынызды ауыртып жатпай-ақ қояйын, оған уақыт та жоқ. Шындығына келсек, тәуліктің төрт сағатында дамылдасақ, керемет ұйқы қаңды деп жүрген жайымыз бар. Шәміл Серіковты осыдан үш жарым жыл бұрын КСРО құрамасының кезекті жаттығуында анықтап көрдім, қатты ұнады. Кезекті әлем чемпионатына барғандардың тізімінде елеусіз «Шәміл Серіков» деген фамилияны көргенде менің әріптестерім «бұл кім өзі» дегенді айтып қалып жүрді. Мен оларға: «Осы жылдың болашақ әлем чемпионы», - деп айтқанымнан қайтпадым. Шәміл Серіков әлем чемпионы болған жарыстан репортаж жазғанымды да мақтан тұтамын.

…Міне, кілемге ең алдымен Шәміл шықты. Уақыт - Мәскеу мерзімімен 18 сағат 53 минут. Жазып қойыңыздар, тарих үшін керек болар. Қазақ халқының спорт тарихындағы екінші Олимпиада чемпионы болғалы тұрған жігіттің алтынға қол созған соңғы айқасы осы мезеттен басталады. Шәмілдің жеңетініне өз басым қапысыз сенемін. Мұның алдыңдағы бар кездесуде түгел бет қаратпады. Үш кездесуде қарсыластың жауырынын жер иіскетті. Спорттағы бір пәле сәуегейлік. Әйтсе де сәуегейлік айтқызатын спортшылар болады, Шәміл солардың санатында. Осыған қарап, Польша балуаны Юзеф Липеньді оңай-оспақ екен деп жүрмеңіздер. Кілемдегі айқастың не құқайын көрген 31 жасар жанкешті Юзеф 1977 жылдың әлем чемпионы, басқа атақтары да жетерлік. Бүгінге дейін төрт айып ұпайы бар. Оның аянар халі жоқ. Оқта-текте әдемі бір жымиятын, сөзге де сыпайы араласатын Шәміл де онымен көптен сыралғы. Былтырдан бері көрсеткіштерінің кейде құлдырап кетіп жүргеніне орай, әр түрлі алып-қашты әңгіме болып жатады. Өз басым оның тастүйін екенін сеземін де білемін. Кілемнің шетіне Юзеф Липень де келді. Айқас. Бар-жоғы 55 секунд. Ұпай 3:0. Әңгіме ұпайда емес. Шәміл «қышқаш» әдісін екі рет мінсіз орыңдады. Бұл күші тең балуандар кездескенде өзіне сенетіндердің, малтасын езбейтіндердің әдеті. Тағы да екі рет кілемге етпеттей түсуге мәжбүр етті. Әзір айшықты лақтыру, жамбасқа алу жоқ. Міне, тастады-ау, иықтан асырып, 2 ұпай. Ысқырық, бірінші кезең 6:1 боп бітті. Балуандар дамылдап тұрғанда айтарым: - Шәміл балуан балуандардың бітімі бөлек тобына жатады. Қимыл-әрекеті көрікті, кербез. Күшпен емес, оймен алады «жауын». Тосын әдістердің тізбегін қат-қабат жасап, қарсыласын шатастырып жібереді. Айла-шарғысы мол, күрес өнері құпияларының «жеріне жетпей тынбайтын» қайсар мінезі бар. Екінші кезең. Міне, финалдың аты финал. Юзеф те қаһарына мінген екен, 5 секундта екі ұпай алды. Әй-әй-әй… Мұнысы жарамады. Айқастың бел ортасына келмей «қалқанға» көшті Юзеф. «Қалқанымыз» иықпен кеудені тіреу. Бұл оң жамбасқа, сол жамбасқа сарт-сұрт кетіп жату емес, амалдап ұпай жинау. Шәміл мұнына көне қояр ма екен, Юзеф. Көнбеді. Екінші кезең - 9:3. Мен әлгі пікірімді жалғастырғым келеді. Күрестің сабақтарын біліп тұрса да, қайта-қайта пысықтайтын әдеті. Оған өзінше ажар беретін ұтқырлығы 57 килограмдық салмақ категориясында Шәмілдің кейде түсініксіз күрт төмендеп қалатынының төркінін түсіндіруі қиын мінез. Шәмілді гимнастикадағы Михаил Воронинмен салыстыра беремін. Көркем стиль айла-тәсілдерді орындауы тап-таза, әдемі, еркін, өзгеше. Серік (ойпыр-ай, осы бір ағаттығымды айып ете көрмеңіздер. Сіздерде көркем стильмен бокс жанкүйерлерінің жүрегін жаулап алған Серік бар болғандықтан ба, Шәмілдің орнына Серік аузыма түсіп жатыр), Шәміл Серіков менің ұғымымда күрес секілді кеспелтектеу көрінетін өнердің кілемде өрнек салатын сирек тұлғасы. Сонымен, үшінші кезең. Ә дегеннен Шәміл үш әдіс жасады. Есеп - 11:3. Еңді төрешінің ысқырығын күтуден басқа түк жоқ. Сүйінші, Қазақстан жанкүйерлері! Ана жылы Есіл өңіріне астық жинауға барып, жатақхананың жаныңда тұратын апайдың бұзауын тауып беріп мол сүйінші бір дорба бауырсақ алғанмын. Бұл жолғы сүйіншімнің төлеуі - бір миллиард болсын. Диқан жанкүйерлер, даланың балуан бапкерлері осындай мырзалық көрсете алатынына Шәмілдің жеңісіне ту баста сенгендей сенемін! Баспасөз өкілдерінен бөлек, құрметті қонақтардың столында отырған кеншіні іздеп біріміз жөнелдік. Біріміз күрес кілемінің айналасыңда тұрған атақты балуанның айтқанын жазып алуға ұмтылдық. Атақты еңбек адамы өзінің күндегі істеген ісіндей уәдеге де берік қой. Бізді өзі іздеп, жоғарыға жүгіріп келеді екен. Д.Е.Карпаносов: Жігіттер, жеңістеріңіз құтты болсын! Айтқаныңыз келсін, кәне, жазған қағазыңызды тез бере қойыңыз. Біз баспасөз конференциясына жүгірелік. Ал ағайыңдар, өмірде уәдеге берік едім, ұятты болып тұрмын. Күреске елтіп отырып, қалам түрту естен шығып кетіпті. Кеше өңкей итерісіп, езбелеп, кілемнен тұра қашқандардан көріп едім қорлықты. Көңілдеріңізге келмесін. Оның ішіңде өз басым қалай да чемпионсың деп жүрген Анатолий Быков та бар. Бүгін, міне, рахат. Русу Штефан қандай, Геннадий Корбан қалай қатырды. Александр Колчинскийде ауыр салмақтардың бір балпан жүрісі жоқ. Көтерді де, бұрқ еткізді жерге. Балуан деген осылай болса керек. Бәрі дұрыс қой. Дмитрий Егорович, Шәміл қайда, Шәміл?! Біз, шахтерлер әулеті істесе апырып-жапырып істегенді, істемесе мүлде қойғанды ұнатамыз. Еңдеше балуан Шәміл Серіков біздің адам. Ал, бауырларым, мен байқаймын, чемпион біздікі деп тұрған секілдісіңдер. Чемпион Совет елінің ең айшықты Олимпиадалық чемпиондарының бірі. Біздің чемпион, біліп қойыңдар. Ал осындай алтын алатын кезде ұшырасып тұрайық. Рахмет, топжарған шахтер. Рахмет, Дмитрий Егорович! Кәдімгі бір Шәмілге алтын медальді өзі алып бергендей-ақ, нық сөз, еркін қимылдың төркінін сезген бетте бойымызға қуаныш қаны тарады. Анау-мынау емес, бірді істеп бірге кетуге жол бермейтін мақсаткер кеншінің өзіне мынадай ұнаса, Шәміл сынды балуанымыздың расында да Мәскеу Олимпиадасының айшықты чемпиондарының бірі болғаны. Өйткені Дмитрий Егорович секілді істің адамдары көрінгеннің шашбауын көтермейді, бұл бір, бір құлап сүйсе, мәңгілік жанкүйер болғаны - екі. Болмаса жаңа айттық емес пе, бізге Олимпиаданың күміс жүлдесін алып отырған Анатолий Быковтың өзі жеңіліске ұшырағандай болып тұр. Монреаль Олимпиадасының чемпионын біз Мәскеуде де алтын тұғырдан күткенбіз. Үміт ақталмады. Әрине, А.Быковтың жолы ауыр болды. Бірақ, қай чемпионның жолы жеңіл бопты? Ойнап-күліп жүріп алтын медаль алып жүргеңдерді әлі көргеніміз жоқ. Жеңістің құрметінің өзі де сол ауырлықтың бәрін жеңе білуде ғой. Александр Медведь жаңа босаған бетте шаужайына жабыстық. Атақты балуан аузын аша бергенде Дмитрий Егорович сол жерге жүгіріп түсті. Күнім, Александр айып етпе, бұл журналист бауырларды тағы бір минут ұстайын. Жарыстан соңғы тойда-ақ айтамын ғой деп едім. Бұлар оған әзірге шақыра қойған жоқ.

- О, не дегенініз, Дмитрий Егорович, біз баспасөз конференциясынан шыққанша жарым түн болады. Содан соң шақыруға сізге ол уақыт аздық ете ме деп ойладық. Ойымыз - ертең ертемен өзіңізді қонақ үйден «ұстап», Шәміл бар, Саша бар, Владимир үнемі жанымызда, көкке шығып, аунап-қунаймыз ба деп едік. Енді кеудемізге сары майдай сақтаған құпиямызды уақытынан ерте ашуға тура келіп тұр. Ол жағынан мына Саша хабардар… Қазақтар тойды кешкі апақ-сапақта емес, күн ұзын алдыға ай туатын түңді сала жасағанды ұнатпай ма? Ой, Дмитрий Егорович-ай, көңілге келеді деп ойламайсыз, ә! Ойбай, жеңілдім, жеңілдім! Менікі жай қалжың еді. Енді өзім сіздерге «берешек» болып қалдым. Ертең тойды мен жасаймын… Оған рахмет, Дмитрий Егорович! Шәміл өзіміздің баламыз. «Тайға мінген баланың да тойы бар» дейді атамыз қазақ. Оның қасында хан көтергенмен бірдей емес пе?! Жарайды ертеңнің шаруасын бүгінмен шатастырмайық. Ертең ертемен тауып алармыз. Адрес, телефондарыңыз бар. Не айтқыңыз келді жаңа?

 

- Өздерің баспасөз конференциясына барамын дедіңіздер ме? Барсаңдар КСРО құрама командасының бас бапкері Геннадий Сапуновқа айта барыңдаршы. Күрестің партерден аударатын әдістері толып жатыр. Оның сонау Поддубный мен Қажымұқаннан бергі талай үлгілері бар. Соны жаңартсын. Болмаса кейбір балуан кілемнен тістеп жатып алып, классикалық күрестің бар классикалық әдемілігін құртатын болды. Соны ойлансын! Тез-тез айтты да тез-тез қоштасып кетіп қалды. Жауабымызды да күткен жоқ. Александр Медведь: Ал, достар, жаңағы ғажап адам, ғажап жанкүйер, - деп риза көңіл білдірді, - сөзіміз бөлініп қалды ғой. Мен Дмитрий Егорович секілді жазуды ұмытып кеткен жоқпын, жазамын. Шәміл Серіков туралы өз сөзімді Орталық басылымдардың бірінде ертелі-кеш айтуға уәде беремін. Қазір сіздерге халықаралық күрес федерациясы мен одағының президентінен бастап небір білімпаздардың «Шәміл фантастика, Шәмілге сенбеуге болмайды… Ендігі мақсат Шәміл сынды балуанды келесі Олимпиадада жанкүйер қауымға тағы да көрсету. Көрсетпеу күнә» дегендерін жеткізгім келеді. Өз тарапымнан қосарым, Шәмілде осал жер жоқ. Оның ең үлкен қаупі де осы осалдығының болмауы. Бапкерлер кеңесінің алдағы уақыттарға айтар тілеулері қаңдай екенін қайдам, мен өз басым осыны оның құлағына құйып жіберемін. Жігітіміздің өзі де оны білетін болса керек. Әйсе де ақылдан азған адам жоқ. Шәміл осы бабында болса, мастанбаса, бір дүркіннің орнына неше дүркін деген абыройдың асқар биігінен көріне жатады.

 

- Саша, сізге мол рақмет! Рахметті Шәмілге, Шәмілді тәрбиелеген бапкерлерге, КСРО құрамасының бас бапкерлерінің бірі Вадим Псаревке, ең бастысы қазақ халқына айталық! Көріскенше күн жақсы… Қуанышымызға ортақтасқан жандармен қоштасып тұрып, тағы да әлгіңде ғана көзіміз көрген қымбат сәт ойға орала берді. Белдесу аяқталды. Алты мың адам сыятын ЦСКА-ның футбол – жеңіл атлетика кешенінің ішіндегі иін тірескен көрермендер ғана емес, трибуна да жан біткендей қозғалып, дәл бүгінгі қуанышқа ортақтасқысы келгендей, шапалақ үнінен теңселіп кетті. Бар жанар ортадағы күрес кілеміне қадалды. Жаңа ғана қарсыласын ұпай санымен ұтып, төреші қолын көтерген соң құшақтарын ашып жүгірген бапкерлері мен командалас жолдастарының қолын қысуға да мұршасы болмай, кілемге сылқ түсіп құлай кеткен балуанды олар орнынан көтеріп әкетті.

Одан соң жеңімпазды тұғыр төріне шақырды. Олимпиада чемпионы болған бақыттан ба, болмаса әлгі алтын медальдің тағдырын шешкен шешуші белдесудің батпандай салмағынан ба, жеңімпаз жігіт тұғыр төріндеде күле қоймады. Тек мойнына әсем бауға байланған Олимпиаданың алтын медалін қадаған кезде ғана жүзіңде бақытты бір жымиыс пайда болды. Мұнан соң жеңімпаз балуанның құрметіне гимн ойналды. Олимпиада чемпионы атанған балуан Қазақстан күрес мектебінің түлегі, кезінде қазақ жастары арасынан әлем чемпионы атағын тұңғыш рет алған Шәміл Серіков еді. Дәл сол куанышты сәтте де біз қызмет істейтін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш» ) газеті елден бұрын барып Шәмілдің ата-анасынан, қала берді, бүкіл республика жанкүйерлерінен сүйінші сұраған болатын. Иә, кеше ғана сияқты еді…

…Сонау мұнарға оранған Мехико қаласына құлағымызды ерекше түріп, «Шәміліміз не болды екен?» деп жүрген күңдеріміз өзімізге тәтті көрінетін. Неге екені белгісіз, осы ауыр күндеріміз ертең-ақ бізге бақыт сыйлайтындай, Шәмілдің әлемдік біріншілікте алтын медаль алған хабарын жеткізетіндей болушы еді. Үміт алдамапты. Солай болды да. Алыстағы Мехикодан мұхитты көктей өтіп жеткен хабар қысқа еді: «Шәміл чемпион атанды!». Естідік. Мұндай қуанбаспыз. Жұмыс орнымызды тастай жүгіріп, Шәмілдің үйін іздеп кеттік. Спорт комитеттегі жолдастар Шәмілдің өмірбаяны тігілген қағаздарды аударыстырып жүріп, «Чебоксарская» деген көшенің шетін ұстатты. Алматы қаласын алты айналып жүріп таптық-ау. Есік алдына келгенде әлгінде ғана өрекпіп келген көңіліміз батылсыздық танытып, тұрып қалдық. Чемпион шыққан шаңырақ! Әлем чемпионын, әрі қазақ жастарының арасынан тұңғыш әлем чемпионын сыйлаған алтын бесік үй! Қуанышқа ортақтасу үшін ақыры есіктің тұтқасын тарттық. Анасы Сара үйде екен. Дәл сол күні «Советский спорт» газетіне жазылған Шәмілдің сұхбатында «қайтсем де балуан қылам» деген боқмұрын бала Кәміл де ентелеп алдан шықты. Бұл хабарға тұла бойы тебірене қуанған ана қуанышы, шаттыққа толы шаңырақ енді бізді бұл үйден жуырда шығармады. Біз амалсыз кеттік. «Лениншіл жасқа» Шәмілдің анасының, ұлы жайлы аналық сезімінің суретін беру керек еді. Шәміл секілді чемпион шыққан шаңырақты жұртқа жария етіп таныстыру қажет еді. Біз қимадық. Бірақ тез-тез басып шығып кеттік.

Шәмілдің әкесі Серікпен арада бір-екі күн өткенде жолықтық. Шәмілді самолеттен күтіп тұрғанбыз. Аэропорт басы гүлге оранып, әлем чемпионын күтіп алуға бүкіл Алматы жұртшылығы келгендей әсер беретін. Расыңда да Шәмілдің тілеулестері тым көп болатын. Қүшақтарын гүлге толтырып тұрған

туған-туыс, дос-жарандарынан басқа бүкіл аэропорттағы жолаушылар чемпион жігітке жылы жанарларын зор сүйіспеншілікпен тоқтатып өтті. Ал… ал Сара жеңгей мен Серік ағайда жан қалған жоқ. «Қаңдай чемпион болса да өзімізден туған бала!» - деп Сара жеңгей кемсеңдеп тұрды. Серік ағайдың жолы бөлек еді. Бір жарысқа бірер күнге кеткен күндерде де Шәмілді ойлап, үйінде тыныш отыра алмайтын Секең әлем чемпионы болды дегенде бақыттан жылап жіберді. Қуаныштан адам өлмейді деген, сабыр сақтап, шыдап жүрді. Бірақ Шәміл дәл самолеттен түскен кезде шыдамнан бір тұтам да қалмады. Траптан түсіп келе жатқан ұлына аэропорт қызметкерлерінің қарсы болғанына қарамай, жүгіріп барды да әкелік құшағына қысып қалды. «Ұлым, ұлым!» - дей берді бақытты әке. «Мұңдай ұлынан айналайын!» - деп жүр жүздеген, мындаған жолаушылар да. Ертеңіне бақытты шаңырақтың осы бір ұмытылмас сәтін бейнелеген сурет «Лениншіл жас» газетіңде жарқ ете қалды.

- Иә, мен алғаш әлем чемпионы атанғанда бірінші болып «Лениншіл жас» газеті жазған болатын, - деді Шәміл Олимпиада чемпионы атанып, кеңес және шетелдік журналистер үшін өткен баспасөз конференциясына барарында кұшаққа қысып, біздің құттықтауымызды қабылдап тұрып. Тіпті мен Алматыға келмей тұрып үйге барып, сүйінші сұрап, газетке мақала ұйымдастырылып қойыпты. Бұл мені ерекше тебірентті. Аэропортта әкем Серік дәл жаңағыдай жүгіріп шығып еді. Қазір ол кісі жоқ. Әттең, бір ғана арманым, сол кісі бүгінгі қуанышты көре алмай кетті-ау! Менің осы балуандық өнерге араласқанымды өте ұнататын. Басты жанкүйерім еді! Менің бұл жеңісіме сіңірген еңбегі есепсіз. Жеңісімді сол ғазиз әкеге арнаймын! ЦСКА-ның күрес залына сыймай тағы да теңселіп жүріп кеттік. Шәміл жанымызда. Зал толы жанкүйерлердің бәрі тани ма, кездескені қолын қысады, кездескені гүл ұсынады, кездескені қол қойғызып алады, кездескені жүзіне сүйсіне қарайды, кездескені… бізге де қызғана қарайды. Баспасөз конференциясына дейін баспасөз орталығына барып, соңғы жаналықтарды білмек боп жоғары көтерілдік. Баспасөз орталығындағылар да Шәмілге сүйсіне қарайды.