Ұлт батыры - Бауыржан
25.12.2017 2376
Б.Момышұлының өткен ғасырдың 60-шы жылдары Целиноградқа келуі, Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатындағы бірегей суреттердің бірі

107 жыл бұрын, 24 желтоқсанда Бауыржан Момышұлы өмірге келген. Қазір бұл есім әр қазақстандыққа таныс. Халқымыз үшін Бауыржан Момышұлы – батыр, халық батыры, жазушы, мақтауға әрі құрмет тұтуға лайық тұлға. Бірақ көзі тірісінде Момышұлы ресми түрде мойындалмады, генерал атағына лайық бола тұрса да, бұл атақты бермеді, Кеңес Одағының Батыры атағының өзін қайтыс болғаннан кейін, 1990 жылы бір-ақ берді. Қалай болғанда да, оның халық арасындағы беделі зор болды, халық оны шынымен жақсы көріп, әскери еңбегін бағалады.

Бауыржан Момышұлы өзі де кітап жазды, бірақ Александр Бек өзінің әйгілі «Волоколамск тас жолы» атты повесті арқылы әдеби кейіпкер ретінде оның есімін мәңгіге қалдырды. Алғысөзінің өзінде-ақ Момышұлының нағыз тұлғасы көрінеді: турашыл, қатал, принципшіл, байсалды. Бауыржан Момышұлы повестің авторымен әскери тақырыпқа сөйлесуден бірден үзілді-кесілді бас тартады, өйткені «соғыс туралы біреудің әңгімелері арқылы жазатындарды суқаны сүймейтін».

Алайда, Бектің табандылығының арқасында, оқырмандардың қуанышына қарай повесть жазылып бітті. Онда батальон командирінің басшылық және әскери қабілеті шынайы суреттелген, тек осы қасиеттердің арқасында ғана батальон қарсыласын 3 күн бойы тежеп, қоршаудан аман-есен, ұрысқа қабілеттілігін сақтап шығады. Момышұлының бойындағы арынды қуаты ешбір жұмыстан бас тартпай, үнемі еңбектенуге итермелеп отырды. Ол өзін педагогика саласында да сынап көрді, банкте экономисте болды, Казвоенкоматта аға нұсқаушы да, дивизия командирі болып та қызмет атқарды. Момышұлы полковник шеніне дейін жылдам-ақ өсті, бірақ көзге көрініп тұрған еңбегі мен батырлық ерлігіне қарамастан бұдан әрі оның қызметтік жолы кідіріп қалады. Тіпті бірнеше рет жаралана тұрса да, Момышұлы ұрыс алаңын тастамай, шайқасты жалғастыра береді. Момышұлы өзін әйгілі Панфилов дивизиясы құрамында ғана көрсетіп қана қойған жоқ, 8-ші және 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы 1942 жылдың қаңтар-сәуірінде немістің даңқты «Мертвая голова» дивизиясымен ұрыстар жүргізіп, «Демьян қазандығында» шайқасады.

Бауыржан Момышұлы өзін мінсіз практик ретінде ғана емес, сонымен қатар тамаша теоретик те болды. Ол ашқан жаңалықтар мен қол жеткізген жетістіктері әскери ғылым үшін теңдессіз құндылық, қазақ батырының әскери стратегиясы мен тактикасы күні бүгінге дейін оқытылып келеді.

Бауыржан Момышұлының есімі мен оның ерліктері тек Кеңес Одағында ғана емес, алыс-жақын шетелде де белгілі болды. Оны әскери тақырыпта лекция оқу үшін Кубаға да шақырған. Момышұлы кубалық революционер Рауль Кастромен кездесіп, Кубаның Революциялық Қарушы Күштерінің 51-ші полкінің құрметті командирі атағы берілді.

Фидель Кастро қазақ Бауыржан Момышұлына тамсанатындығын айтқан. Ауыр да қатал сыннан өткен нағыз ерлікті әлем танып, мойындап, құрмет пен таңданысқа лайық болады.