ҚР Президент Жолдауы. Б. Аяған — сараптамалық пікір
14.11.2014 1612
«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә. Назарбаев ел халқына кезекті «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауын жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға шақырды.

e-history.kz веб-порталының редакциясы Президенттің Қазақстан халқына жасаған жаңа Жолдауы жайлы еліміздің зиялы қауым өкілдерінің пікірін білген болатын. Қазақстан Республикасының Президенті қарауындағы ҚР ҒБМ мемлекетінің тарихы институтының директоры, профессор, тарих ғылымының докторы Б. Ғ. Аяған Жолдау жайлы өз пікірін айтта кетті.

Б. Ғ. Аяған — Қазақстан Республикасының Президенті қарауындағы ҚР ҒБМ мемлекетінің тарихы институтының директоры, профессор, тарих ғылымының докторы

Қазақстан Республикасының Н. Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауы болашақ стратегиялық даму жолын айқындап берді.

Біріншіден, өзінің Жолдауында Президент Қазақстанда қалыптасқан жағдайдың терең талдауын жасап, әлемдегі жаңа қауып-қатердің пайда болуын да ескертіп айтты. Дүниежүзілік экономика қаржы-экономикалық дағдырыс салдарынан шеккен азабынан толық құтылмай, енді біртіндеп қалпына келіп жатыр.

Қалыптасқан жағдайда Президент еліміздің дағдырыстан шығу тәжіребеміздің бар болуын (2007–2009 жылдардағы Қазақстанның дағдырысқа қарсы саясаты) айырықша басып айтты. «Жол картасы» сияқты бағдарламасының арқасында Қазақстан осы дағдырыстан шықты. Бағдарлама жұмыссыздықты жойып, басқа керек шараларды да қолданды. Құрылыс үлескерлеріне-де көмектесті.

Дегенмен, бір жағынан алып қарасақ, әлемдік дағдырыстың экономикалық сипаты басым болады, ал екінші жағынан — саяси мәселелер көзге түсіп тұрады.

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстар, Жақын Шығыстағы соғыстар, «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» (ИЛИМ) ұйымының басқыншылық саясаты әлемнің геосаяси құрылымына, көптеген елдердің қауіпсіздігіне мен тұрақтылығына, соның ішінде Қазақстанға және оның қаржы жүйесіне-де әсерлерін тигізіп отыр.

Қалыптасқан жағдайда Президентіміздің айтуынша, Ұлттық қордың арқасында экономиканы тұрақты етіп сақтап қалуға болады.

Бұл қадам келесі бағыттардың қалыпты дамуына жол ашады: көлік саласы, энергетикалық сала, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылым. Президенттің Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға айрықша мән берілген.

Келесі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл, Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады.

Мерейтойлық күндерді мерекелеумен байланысты іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тарихшылар мен гуманистер өз үлестерін қосуда. Біз деректі фильмдер түсіруіне қатысып, Қазақстан тарихы бойынша кітаптардың шығаруына, жаңа зерттеулердің бағдарламасын әзірлеуге, жаңа оқулықтардың жазуына, студенттер үшін типтік оқу бағдарламасын әзірлеуге-де атсалысамыз.

Сонымен бірге, қойылған мақсаттар ірі шетелдік ғалымдардың шақыруын талап етеді. Біздің тарихшыларымыз олармен бірге жұмыс істеп, бірлескен жобаларды және бастамаларды іске асырып, Қазақстан тарихын жаңа деректермен толтырады.