Қыпшақ мүсіндері құрылыстың шығысжағында немесе орталықта орнатылған. Олар сырт жағынан обаға ұқсап келген. Осындай құрылыстарды қыпшақ ғибадатханасы деп атаған. Мұндағы мүсіндердің жалпы саны: 1–5.
— Сіздің ойыңызша, осындай ескерткіштер қандай мақсатпен құрылған? Мүсіншілер келесі ұрпақтарға қандай, ақпаратты бермек?
— Көне түрік, қыпшақ мүсіндері мемориалды мүсіндер болып саналады, яғни өлген адамның құрметіне орнатылған ескерткіш. Мысалы, көне түркілер тасты «мәңгі» деп санаған, мұны руникалық жазбалар дәлелдеп отырады. Сол себептен-де, тас мүсіндерді орнату— қаһармандар, ұлы бабаларды халықтың есінде мәңгі қалдыру. Айта кететін жайт, көне түрік мүсіндермен салыстырғанда, кейбір қыпшақ мүсіндері обалар тәріздегі үйірмесінің астында орналасты; «таудың» (үйрменің) ішінде бабаның жаңадан туылу жайында баяндайтын миф мұның бірде-бір себебі болып табылады. Осылай көнеадамдар бабалар қайта тірілтеді деген сенімнің дұрыстығына күмән келтірмеген.
—БАҚ-да мүсіннің ұрлығынемесе оны әдейі жою жайында мәліметтер пайда бола береді. Дегенмен, осындай мүсіндер жағымсыз табиғиқұбылыстарғадатәуелді. Оларды сақтау үшін археологтар қандай қадамға барады?
— Өкінішке орай, бұл — олардың нағызосалдау жері. Адамдар білмегендіктен (шығыр ретінде қабылдап, шаруашылық мақсаттарға қолданады) немесе жауыз ниетпен мүсіндерді қиратып жатыр, уақыт және табиғи апаттар оларды аямайды. Ескерткіштердің мәселесі өзекті болып табылады. Оларды музейлерге жинастыру керек пе? Дегенмен, көнеқұрылыстардан осындай тас мүсіндерді ажырату дұрыс емес болып көрінеді, өйткені оларды жеке ескерткіш ретінде санасақ, онда құрылыстың басқа бөлігін неге тарихи құндылық деп қабылдамай отырмыз? Ұлыдалада тас мүсіндер айбарлы болып көрініп тұр. Археологтардың басты міндеті: осындай мүсіндерді тауып алып, жақсылап зерттеп, нысандарды қорғаумен дәріптеу. Егер адамдар мәдени қазынаға түсіністікпен қарайтын болса, онда олар ұзақ сақталады.
Ж.Құрманқұлов және Л.Ермоленко мүсінді зерттеп жатыр
(2009 ж.). Қарағанды облысының Ақшы ауылы
—Сіз Жолдасбек Құрманқұловпен 20 жылға жуық уақыттың бойында Орталық Қазақстандағы экспедицияларға қатысып жатырсыз. Жалпы алғанда, қазба жұмыстарыңызда ерекше сәттер болды ма?
—35 жылдан астам уақыттың бойында Жолдасбек Құрманқұлов — Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институт ғылыми қызметкерімен Сарыарқаның мүсіндерін зерттеп келе жатырмыз.
Ж.Құрманқұлов және Л.Ермоленко мүсінді зерттеп жатыр (2009ж.).Қарағанды облысының Ақшы ауылы Айбас Дарасы Ұлытаудағы сақ дәуіріне жататын ежелгі ескерткіштерінің бірі (Қарағанды облысы, 2013ж.).
Фотосуретте: қазба жұмыстарының қатысушылары тас мүсінді алып шығару үшін терең шұнқырды қазып алды.
Айбас Дарасы Ұлытаудағы сақ дәуіріне жататын ежелгі
ескерткіштерінің бірі (Қарағанды облысы, 2013 ж.). Фотосуретте: қазба
жұмыстарының қатысушылары тас мүсінді алып шығару үшін терең шұнқырды қазып
алды.
Л. Ермоленко Қарағанды облысы, Ұлытау ауданыдағы Қорғантас елді мекенінде қазба жұмыстарын жүргізуде. 2011 жыл
Жіңішке өзеніндегі қыпшақ ғибадатханасы қазба жұмыстарына
дейін (1990-шы жыл)
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Жіңішке өзенінде
табылған боялған тас мүсін
Жұмыс барысындағы айтулы сәттердің бірі.
— Ақтоғай ауданының Жіңішке өзеніндегі қыпшақ ғибадатханасында боялған тас мүсінді тауып алу (1990-шы жыл). Қазба жұмысы басталғанға дейін бес тас мүсіннің сырты жер бетіне шығып тұрған. Жіңішке өзеніндегі қыпшақ ғибадатханасы қазба жұмыстарына дейін (1990-шы жыл) Тас мүсіндер ылғалдығыбар жерден қазып алынғанда, Жолдасбек Құрманқұлов олардың біреуі боялғанекенін байқады— мұнда сары, қызыл, қарамен салынған алжапқыш болған. Қарағанды облысы, Ақтоғайауданының Жіңішке өзенінде табылған боялған тас мүсін Күнсәулесінің астында сурет тез жоқ болып кеткен. Қаншама рет фотосуретке түсіруге тырысыпты, бірақ ештеңе шықпады. Сондықтан бейнені суреттеуге тура келді. Боялған тас мүсіннің ашылуы өте маңызды болды, өйткені олтас мүсіннің алғашқы кейпін анықтап, оның «түссіз» болмауын көрсетті. Осылай бұрынғы кезде мүсіндерді боялған, және оларға киім кигізген.
Инна Кузьменко