Ұлылар үндестігі: Бауыржан Момышұлы мен Шоқыр Бөлтекұлы
22.07.2015 3980
Совет үкіметінің күйіп тұрған шағында ноқтаға басы сыймаған деп дәріптелетін екі ұлы тұлға бар: Бауыржан Момышұлы мен Шоқыр Бөлтекұлы

 

Алғашқысы — Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Совет Одағының Батыры, көрнекті жазушы, стратег-тактик. Екіншісі де Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, қазақ боксының королі, ҚазССР үш дүркін чемпионы, қазақтан шыққан тұңғыш СССР спорт шебері. Бірін-бірі қатты қадірлеген, құрметтеп, мойындаған ардақты қос азамат туралы, олардың өміріндегі ұқсастықтар, үндестіктер жайлы фактілерді тізіп көрдік. Ескерте кетейік: бұл — салыстыру емес, ұлылардың өмірі қалай үндесетініне барлау ғана.

 

 

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШОҚЫР БӨЛТЕКҰЛЫ Екі батыр қатты араласқан. Бірге жүрген. Алматының көшесін алшаң басып келе жатқан екеуін көрген өзгелер "жынды қазақтар келе жатыр" деп қашатын көрінеді.

Батыр шығармашылығын зерттеушілердің жазуынша, Бауыржан Момышұлы суретті керемет салған. Соғыс кезінде стратегиялық карталар мен түрлі сызбаларды айнытпай сызған шеберлігі тағы бар. Немересі Ержанға салып берген суреті сақталған.

Бейімбет Майлиннің нұсқауымен Ғабдолла Тоқайдың портретін салғанда оның суретшілік қабілетіне тәнті болған. Сондай-ақ өртелген үйінен қашып шыққан анасы мен қарындасының, өзінің бейнесін салғантамаша суреті сақталыпты.

Батырдың өзгеден өзгеше мінезі — советтік дәуірде тегіне "ов" жалғауын қоспай, "ұлы" деп жаздырғаны. Оны "Момышев" деп атап шақырғанда "Момышев дегенді танымаймын. Ал мен Момыш ұлымын" деп жоғары атақ, орден-медаль, сый-сияпаттарды да алмаған. Шоқыр соғыстың кезінде фамилиясына ұлы деп жаздыртқан. Тегінің ұлы деп жаздыртқаны үшін талай жеңілдіктерден айырылып, сан мәрте соққы жеген. Кабанов деген тергеушімен сөзге келіп қалғанда "Себебі мен қабанның емес, Бөлтектің ұлымын" деп жауап берген. Бауыржан Момышұлы: "Екі-ақ нағыз қазақ бармыз. Бірі — мен, бірі — Шоқыр". 1956 жылы елге оралған соң, елде біраз уақыт жұмыс табылмайды. Өмірбек Жолдасбеков Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған көрінеді.

Жұмыссыз жүрген кезінде достары Ш. Айманов, К. Кенжетаев, т. б. "Қазақфильм" киностудиясына суретші етіп жұмысқа алады. "Қазақ әдебиеті" газетінде де қызмет еткен.

 

 

Жазушылық жолға бет бұрған соң, қаламынан бірнеше роман, повесть, әңгімелер жарық көрді. "Соғыс психологиясы" — қанмен жазылған кітап. Заманында "Социалистік Қазақстан" секілді ірі басылымдарға өз атымен мақала жазып отырған. Онда бокс теориясы, практикалық нәтижелер мен жетістікке жеткен шәкірттерін насихаттаған. Зерттеушілердің айтуынша, оның бокс тарихынан жазған кітабы жоғалған. Куба елінің шақыруымен сол елге барған. Кейін келген соң"Куба әсерлері" деген кітап жазды. Қытай еліне сапар шеккен. Келісімен, артынан аңду қойылған. Қауіпсіздік қызметкерлері қайта-қайта шақырып тергеп отырған.  Қос батыр совет кезінде өмір сүрсе де, атын атауға тыйым салынған Алаш арыстарын жақсы таныған, білген, тіпті кейбірімен араласқан.

Батырдың елден ерек мәрттігі жайында фактілер көп. Соның бірі — тарихшы Е. Бекмахановтың ғылыми жұмысын қорғау кезінде екінің бірінде жоқ карточкалық жүйемен "қосқаным" деп үш мың сомдық карточкасын және бір жарым мың сом ақша берген.

Шоқырдың да жомарттығы елге белгілі. Оның ерен еңбегін бағалаған бір кісінің өзіне сыйлаған су жаңа мотоциклді көзі жыпылықтап қарап тұрған қазақтың бір жеткіншек баласына ұстатып жіберген.

 

Момышұлының шығармашылығының өзегі — халық өнері, мыңжылдық уақыттан өткен ел қазынасы. Фольклорлық мұраларды бойына сіңіріп өскен батыр жазушы оны өз шығармашылығына шеберлікпен пайдаланған. Белгілі жазушы Сейдахмет Бердіқұловтің жазуынша, Ш. Бөлтекұлы 1899 жолдық "Ер Қосай" батырлық жырын жатқа айтқан.

1982 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салады. Белгілі режиссер Қалила Умаровтың "Бауыржан Момышұлы" атты деректі фильмінен белгілі болғандай, ұлы батырдың денесі моргте 4 күн жатқан.

1994 жылы 6 сәуірде 78 жасында Алматы қаласында қайтыс болады. Бапкер, "Астана-арланс" командасының жаттықтырушысы болған Болат Манкеновтің куәлік етуінше, ұлы бапкердің денесі моргте 3 күн жатыпты.

  Бір ғажабы, Алматыдағы Кеңсайда қос батыр қатар мәңгілік дамылдаған екен.   Шерхан Мұртаза: "Меніңше, сол кесапаты көп кеңестік заманда Бауыржан Момышұлы тәрізді ноқтаға басы сыймаған адамның бірі — осы Ер Шоқаң!"