Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова
16.02.2015 5784
Біз, «Батыр» деген сөз тіркесін естігенде, иығы қақпақтай, көзі қырандай өткір, күші мен қуаты тасыған ер-азаматтың бейнесін көз алдымызға елестетміз.

Бірақ соғыс ер-азамат, әйел, жас қыз деп бөліп жарып, қарамайды. Оның айқын дәлелі нәп-нәзік Мәншүк ерлігі. Осындай нәзік әрі момын қыздан батырлық қалай шықты? Мәншүк Мәметова, — Кенес Одағының батыры атағын қалай алды?

Мәншүік, 1922 жылы 22 қазанда Орал облысының Жасқұс ауылында дүниеге келді. Балалық шағын Алматы қаласында өткізеді. Мектепті бітіріп, медициналық жұмысшы факультетке, ал кейін Алматының медициналық институтына оқуға түсіп, осымен бір мезгілде Республика Халық комиссарлары кеңесінің хатшылығында жұмыс істейді. Мәншүк Мәметова Мәскеудегі шеруге барып, Қызыл алаңды, кесене мен Кремльдегі Спасск мұнарасын көріп қалсам деп армандап жүреді. Астанаға кететін күн де жақындай берді. Бірақ оның орнына басқа күн келді… Ол, соғыс басталған күні еді. Гитлершілер Севастопольді, Одессаны, Киевті бомбалап, Мәскеуге қауіп төндірді. Әскери уақыттың қауырт өмірі басталды. Қатал шайқас Алматы қаласынан мыңдаған шақырым жерде болып жатса да, оқиғаның елесі онда да байқалған еді. Дауыс зорайтқыштардың қасында жұрт топпен жиналып, соңғы жаңалықтарды тыңдап тұратын. Әр күн Отан үшін уайымды ойларға толы болды. 

Қазақ халқының үздік ұлдары жаумен күресу үшін майданға кетті. Басқалар тылда қару-жарық пен оқ-дәрілерді әзірлеп, далаларда жұмыс істеді.
Отан соғысының лапылдаған отының ішінде болғанда, Мәншүк Мәметова бей-жай қарай алмайтын еді. Ол да әскери комиссариатқа сенімді түрде барып, жауынгерлер қатарына жазылды. Бірақ оны қабылдамады. Осылай, күндер, апталар, айлар өтіп кетті, 1942 жылдың жазы да аяқтады. Мәншүк Мәметова майданға өз еркімен барұға рұқсат сұрады. Мылтықтан атуды жақсылап үйреніп, медициналық курстарды бітірсем деп қалады.
Арасында бірнеше күн өтіп, Мәметова әрекеттегі армия қатарына қосылды. Ол снарядтардың жарылуын бұрын да естіген, әуе шабуылын да көп рет көрген, бірақ өз тағдырына риза емес болды. Мергендер бөлімшесіне өзін жіберуін сұрады, бірақ Мәншүкті бөлек мергендер бригадасы штабының тұсында хатшы етіп, қалдырды. Осымен ол үндемей келісті, бірақ өз дегеніме жетемін деп шешіп, майдан өмірінің қай бөлігінде Отан үшін көп пайдасын тигізе алады деп ойланып жүрді.
Медбеке, телефонист, радиошы болу — оның қолынан келді. Бірақ Мәншүктің арманы — пулеметші болу еді. Бос уақытының барлығын, дадалық госпитальде өткізіп, айқас алаңынан жеткізілген жарақат алған адамдарды көріп, жүрегі аяушылық сезімінен жарылып кете жазғандай болды. Тап осы кезде институттағы медбике курстарында алған білімдері оған қатты көмектесті. Бірақ ол немес айналысып жүрсе-де, арманын үнемі ойлайтын болды. Соңында Мәншүк Мәметова пулеметті меңгерді. Командир тексеріс жүргізгенде, ол басқа әскерлердің қатарында бастапқы позицияны алып, сабырлы мен өзіне сенімді болды. Мәметова нысанаға қарап атқанда, ол көз алдына фашисттер бейнесі елестеді, өйткені егер сенің алдында жау болса, онда қате жасауға ешқандай мүмкіндік жоқ. Бірде-бір оқ нысанаға дәл тигізбей өтпеді.
Ол үздік пулеметші болып, Калинин майданы 3-ші екпінді әскерінің 21-ші гвардеялық атқыш дивизиясына қабылданды. Соғыс күндері басталды. Барлаулар, атыстар, шағын айқастар. Мәметова пулеметті қолынан жібермеді. Бірінші шайқаста Мәметова гитлершілерді жақын жолатып, фашисттердің шабуылына қарсы тұра алды. Бұл оқиғаның салдарынан атқыш дивизия жауынгерлері оны құрметтей бастады. Бірақ соғыс — бұл әскери әрекеттер ғана емес, адамдар өмір сүріп, бір-біріне ғашық бола берген. Мәншүк те ғашық болды. пулеметші Нұркен Құсаинов сұлу әрі мейірімді жігіт тұғын. Мәншүк құрбымен сырласып отырды: «Мен Нұркенді сүйемін. Бірақ қазір сүюге болады ма?». Нұркен-де соғыс кезінде өз сезімдері жайлы айту мүмкін емес деп санады. Ғашықтар бір күні — 1943 жылдың 15 қазанында — Невель түбінде орналасқан Изочи бекеті үшін қаһарлы шайқаста қаза тапты, тағдырдың жазуы осылай болды.

ҰОС жылдарындағы Невель қаласы


1943 жылдың 15 қазанында Калинин майданының әскерлері Псков облысының Невель қаласын босату үшін ұрыс жүргізді. Осы уақытқа дейін Мәншүк Мәметова өзін ұрыстарда шыныққан және ержүрек, тәжірибелі жауынгер ретінде көрсетті.

Салқын күзгі таң болды, шайқас өтіп жатқан. Фашисттер әрбір бұта, әрбір шың үшін соғысып жүрді. Олар қарсы шабуылдарға шыға беріп, бөлімшелеріміздің шабуылын тоқтатпақшы болды. Қолайлы позицияда орналасып, батыл пулеметші жаулардың жоспарына кедергі жасады, өйткені өз бөлімшесінің жерінде дұшпандардың шабуылдарын жоққа шығарған. Мәншүк Мәметованың қаруы гитлершілердің қатарларын қиратып, олар артқа шегінді. Мәншүкте тек бір ғана ой болды: бөлімшісіне алға қарай жылжуға көмектесу. Қалай болса да, бірақ өңірдегі басты биіктікті жаулап алу қажет болды, өйткені бұл — ұрыстағы шешуші әрекет. Бірақ биіктіктің қасында фашисттер отты бүркенішті жасады. Ұрыс шиеленіскен сәтіне жетті, тура осы кезде қыздың тұлғасы пайда болды. Бұл Мәншүк Мәметова болды. Ол пулеметтен атыс жүргізді. Оның полктасы Ахметжанов бұл оқиғаны есіне алып, былай деді: «Артқа шегініп, басынан жарақат алған Мәншүктің ұрысты жалғыз өзі жүргізетінін көріп қалдық. Бізбен бірге бару деген сөздерімізге ол былай жауап берді: «Өздерің барыңдар, егер мен кетіп қалсам, онда сіздерді кім жабады?…». Жауынгерлер Мәншүктің арқасында тірі қалды. Ол бар атысты өзіне қарсы қойып, шайқасты жалғастырды. 

Бірінші болып, әскерлерді қарсы шабуылға бастап шықты, гитлершілер минометтерінен алапат атысты жіберді, жарылу толқынымен пулемет аударылып кетті… қазақтың ержүрек қызы өлімші болып жарақаттанды. Мәншүк Мәметова біраз көтерілгісі келді, бірақ қатты ауру басынан тиді. Көзінің көру қабілеті қайта оралды, Мәншүк оған өрмелеп баратын, айқайлап және оқ атуын тоқтапаған немістерді көріп қалды. Ол бар соңғы күшін жинады. Фашистерге қарсы өшпенділіктен оның жарақытының ауырғаны басылды. Гитлершілердің оған жақын келгенін күтіп жатқан, сосын ол пулеметті қолайлы позицияға суырып алып, отты жіберді. Жаулар кейін ығысты, ал Мәншүк оқ атуын тоқтатпай берді. Жауларға қарай атып, әскерлерімізге жолды тазартқан еді. Соңғы демі таусылғанша фашисттерді қиратып жатты. Жалғыз ғана қалып, 70-ке жуық қарсыласты жойып жіберіп, қаһарман ретінде қаза болды.
Ұрыстан кейін Невель қаласында жерленген. 1944 жылдың 1 наурызындағы КСРО Жоғарғы Президиум бұйрығымен Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.