Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ЮНЕСКО және Қазақстан

8606
ЮНЕСКО және Қазақстан         - e-history.kz
Қазақстан бұл ұйымға ТМД елдерінің (Балтық бойы елдерін есептемегенде) арасынан бірінші болып енді. ЮНЕСКО- Қазақстан 25 жыл

ЮНЕСКО-ның Жарғысы 1954 жылғы қарашада қабылданып, 1946 жылы 4 қарашада күшіне енді. ЮНЕСКО-ның негізгі мақсаты – халықтардың білім беру, ғылым және мәдени салалардағы әріптестігін барлығының бірдей әділдік, заңдылық және адам құқықтарына деген мүддесін, сондай-ақ нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамай БҰҰ-ның Жарғысында жарияланған негізгі бостандықтарды қамтамасыз ету жолымен әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға көмек беру болып табылады.

Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 жылы 22 мамырда мүшелікке енді. Биыл 25 жыл. ЮНЕСКО-мен белсенді әріптестікке және әлемдік қауымдаыстыққа бірігуге ерекше ден қоя отырып, 1993 жылы ұйыммен өзара қарым-қатынаста негізгі бағыттарды анықтайтын ҚР СІМ жанынан ЮНЕСКО ісі бойынша ҚР Ұлттық комиссиясы құрылды. 1993 жылдан 2014 жылдың сәуіріне дейін Ұлттық комиссия Төрағасы И.Н.Тасмағамбетов болды, ал 2014 жылғы 11 сәуірден бері Ұлттық комиссияны Мәдениет және спорт минстрі А.Мұхмедиұлы басқарып келеді. 

ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдігі болып 2013 жылғы қарашадан бері Н.Даненов болып табылады. Бұған дейін ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдігі қызметін О.О.Сүлейменов атқраған болатын. ҚР мен ЮНЕСКО арасындағы әріптестік Алматы қаласында ЮНЕСКО Кластерлік Бюросын ашу туралы Келісім (1995 ж.) негізінде жүзеге асырылады. 2004-2011 жылдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған. ЮНЕСКО-ның «Әлем естелігі» халықаралық құжаттық мұра реестерінде ҚР-нан Қожа Ахмет Яссауи және оның шәкірттерінің қолжазбасы, «Невада-Семей» ядроға қарсы халықаралық қозғалысының архивтік материалдары, сондай-ақ «Арал теңзінің архивтік қорлары» бар. 2012 жылы А.Фирдоусидің «Шахнама» қолжазбасының түрік нұсқасы ұсынылды. Қазақстанның ұсынысымен ұйым «Мәдениеттердің 2013 − 2022 жылдарға арналған халықаралық онжылдығы» атты жоспарды қабылдады.

Қазақстанда ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған тарихи ескерткіштердің қатарына Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басқа, Таңбалы археологиялық ландшафындағы петроглифтер, «Жібек жолы», Сарыарқа және Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері енгізілді. Нақты атасақ, «Жібек жолының» қазақстандық бөлігі бойынша Алматы, Жамбыл облыстарының аумақтарындағы Қойлық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек секілді ортағасырлық сегіз нысан енгізілді. Сарыарқа даласы мен Солтүстік Қазақстанның көлдері жалпы атауының ішінде Қорғалжын және Наурызым қорықтары да тізімге енді. Ал материалдық емес құндылықтар тізіміне домбырамен тартылған күйлер, қазақ пен қырғыздың киіз үйлерін тігу шеберліктері қосылды.

   Әлемдік ауқымдағы тарихи құндылықтарға Олжас  Сүлейменовтің  ұсынысымен «Халықтардың алғашқы ұлы    көшкіні»      конференциялар тізімі енгізіліп, ол адамдардың  ғаламшардағы      қазіргі қоныстану ерекшеліктеріне дейінгі кезеңді қамтитын болды. 2014 жылғы қарашада Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне алғашқы ұлттық өтінім «Домбыра күйін орындау өнері» және Қырғызстанмен бірлескен «Киіз үйді жасау машықтары» аталымы енді. 2015 жылғы 2 желтоқсанда Репрезентативтік тізіміне қазақстан-қырғыз бірлескен «Айтыс/Айтыш, суырып салма өнері» аталымы кірді.

Одан бөлек, Қазақстанда ЮНЕСКО-ның қорғалуына алынған материалдық емес құндылықтардың қатарына «Қазақ күресі» спорты, «Наурыз» мерекесі, «Сұңқармен аң аулау» секілді саятшылық өнері және т.б. енгізілген. 
 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?