Күндерек. 29 қараша - әлем және Қазақстан тарихында
29.11.2023 1291

29 қараша - Григориан жылнамасының 333-күні. Qazaqstan tarihy порталы бұл күні әлем елдерінде қандай айтулы мерекелер өтті, қандай тарихи даталар болғанын айтып өтеді. Сондай-ақ Қазақстан тарихында елеулі орны бар бірнеше тұлғалар осы күні дүниеге келді


29 қараша дүниеге келген танымал тұлғалар

Ғабиден Мұстафин – қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөз шебері. Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2 мәрте Ленин орденінің иегері. 

Қазақстанның Халық жазушысы Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы Сарытөбе ауылында дүниеге келген. Қарапайым шаруа отбасында дүниеге келді. Алдымен ауыл молдасынан арабша сауат ашты. 14 жасында Спасск зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің 4-сыныбына түседі. Бұдан әрі оқуға мүмкіндігі болмай, туған ауылына қайтып оралады. Ауылда әр түрлі қызметте болып, 1925 жылы білімін көтеру мақсатымен Қызылордаға келеді. Мұнда оқуға түсе алмай, өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші қызметіне орналасады. Жазушылық өнерге құмарлығы осы кезден басталады.

Саналы ғұмырын ұлттық әдебиетіміздің дамуына, қазақ прозасының тыныстауына арнаған көркем сөз шеберінен көптеген туындылар қалды. Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» «Жыл құсы» журналында жарияланады. Тұңғыш әңгімелер жинағы 1929 жылы «Ер Шойын»  деген атпен басылып шықты. 1930 жылы көктемде Қарағандыға ауысып, үш жыл қара жұмыс істейді: слесарь, токарь мамандығын меңгереді.  Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазған тұңғыш романы «Өмір не өлім» 1940 жылы жеке кітап болып басылды. Бұрын өндіріс тақырыбына «Алыптың кереметтері» очеркі мен «Керуен» атты әңгімесі жарияланған автордың аталған романы қазақ әдебиетінде бұл саладағы алғашқы күрделі туындылардың бірі болды. «Шығанақ», «Дауылдан кейін» романдары мен «Миллионер» повесі ауыл өміріндегі елеулі өзгерістерді суреттеуге арналды. Соңғы күрделі шығармасы – «Көз көрген». Ғұлама жазуышының Қазақ кеңес әдебиетін дамытудағы және қоғамдық елдік істердегі қызметі бағаланып, екі мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл ту және «Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталды. 2002 жылы жазушының туған өңірінде 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілді. Бүгінгі таңда Қарағанды қаласында жазушы атында көше және ауыл аты бар. Классик жазушының туған жерінде тас тұғырыда орнатылған. 

Естөре Оразақұлы Оразақов – қазақтың көрнекті ғалымы, хирург-ортопед. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері. Ғалым Естөре Оразақұлы 1909 жылы 29 қарашада Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында дүниеге келген. 1936 жылы Алматы қаласындағы Қазақ медицина институтын тәмамдаған. Еңбек жолын  Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігер болып бастаған. Көп жылдар бойы Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында дәрігер болды. 1953 – 1980 жылдары Қазақ клиникасы және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, ғылыми консультант болды. 

Е. Оразақовтың ғылыми еңбектері іштен туа біткен ортопедиялық ауруларды емдеу мәселесіне арналған. Ғалым еліміздегі  балалар ортопедиясының негізін салды. 1986 жылы 27 шілде күні Алматы қаласында дүниеден өтті. 

Айтмұхамед Абдоллаұлы Абдулин – қазақ геолог ғалымы, Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясының академигі. Геология-минералогия ғылымының докторы, профессор. Ол 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.  1960-1961 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында қызмет істеді. 1961-1964 жылдары  Қазақ ССР ғылым академиясының геология ғылымдар институтында ғылыми секретарь болды. 1964-1970 жылдары  Қазақ ССР ғылым академиясының геология ғылымдар институтында директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.  Көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Атап айтар болсақ,  «Орталық Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінің турмалиндік формацияларының геологиясы», «Мұғалжардың геологиясы»   деген монографиялары бар. 

Айтмұхамед Абдоллаұлы еліміздің тау-кен саласына да үлес қосып, бірнеше кен орындарын ашты. 2010 жылы 85 жасқа қараған шағында Алматы қаласында дүниеден қайтты. Ресей Федерациясы Башқортстан Республикасының ғылым академиясының құрметті академигі, АҚШ-тағы Оңтүстік Каролина Университетінің профессоры, Қызылорда, Тараз,  Түркістан облысындағы мемлекеттік университеттерінің құрметті профессоры. 

Бекмұрат  Уақатов - әдебиеттанушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы. Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдаған. 1957 жылы аталған университеттің аспирантурасын бітірген. Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында, Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 

Бекмұрат Уақатов «Қазақтың халық өлеңдері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ғалымның негізгі зерттеу тақырыптары ұлттық фольклор мен қазақтың халық өлеңдеріне арналған. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясын әзірлеген. 1932 жылы Павлодар облысы Лебяжье ауданында дүниеге келіп, 1984 жылы 20 желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болды. 

Рая Әбдешқызы Көзденова – денсаулық сақтау саласының маманы, педиатр дәрігер. Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, «Құрмет»  орденінің иегері. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің Үздігі. 1945 жылы 29 қарашада Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.  Алматы қаласындағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін (бұрынғы Алматы мемлекеттік медицина иниституты) «Педиатрия» мамандығы бойынша  тәмамдаған. Еңбек жолын 1968 жылы өзінің туған жері  Шиелі ауданының орталық ауруханасында учаскелік педиатр дәрігер болып бастаған. Көп жылдар бойы Қызылорда медицина колледжінің директоры қызметін атқарды. Кейіннен Қызылорда облысының медицина ардагерлері кеңесінің төрайымы лауазымында басшылық қызмет атқарды. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болды. Көптеген ғылыми медициналық еңбектердің авторы. КСРО-ның «Еңбек Қызыл Ту» ордені мен көптеген салалық марапат иегері. 

Болат Далдайұлы Елеманов – қазақстандық ғалым, мұнайшы. Техника ғылымдарының докторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы. 

Болат Далдайұлы 1950 жылы 29 қарашада Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу кентінде дүниеге келген.  Алматы қаласындағы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен» инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Ембімұнай» ӨБ Орталық ғылыми-зерттеу зертханасының инженері болып бастап,  аға инженері, инженер-технологі дәрежесіне дейін жеткен. Кейіннен «Жайықмұнай» МГБ ауысым бастығы, аға технологі, «Құлсары мұнай» МГӨБ бастығының орынбасары, «Теңізмұнай» МГӨБ бастығы қызметтерін абыройлы атқарды. «Қазақстанмұнайгаз» корпорациясының президенті болды. 1994 – 2002 жылдар аралығында ҚР мұнай және газ өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары, ҚР Министрлер кабинеті жанындағы Шетелдік капиталды пайдалану жөніндегі комитеттің төрағасы, ҚР Экономика, индустрия жене сауда министрлігінің Мұнай және газ департаментінің директоры,  ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің бірінші орынбасары сынды мемлекеттік қызметте басшылық етті. Мемлекет және қоғам қайраткерінің бір қыры ғалымдық еді. 2003 жылы Болат Далдайұлы техника ғылымдарының докторы атағын алды. Докторлық диссертациясыныңтақырыбы: «Мүжілген және тұзды-парафин шөгінділерімен күрделіленген мұнай кен орындарын зерттеу мәселелері» атты тақырыпта болды. 

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов  - мемлекет және қоғам қайраткері. «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері. 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1994—2002 жылдары  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқару жұмыстарын атқарды. Астана қаласының әкімі (2018–2019), Қаржы министрі (2013–2018), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (2007–2010), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (2019–2022) лауазымдарының иегері болған. 

29 қараша -әлемде 

29 қараша – Албанияны азат ету күні. Жыл сайын 29 қарашада Албанияда азаттық күні мерекеленеді. Ұлттық мереке неміс басқыншыларынан азат етілуі құрметіне атап өтіледі. Тарихқа шегініс жасайтын болсақ, екінші дүниежүзілік соғыс тұсында Албанияны фашистік Италия әскерлері жаулап алады. 1944 жылы оларға фашистік Германия әскерлері қосылады. Осылайша, немістер одақтастардың Греция аумағынан Югославияға кіруіне жол бермеуге үміттенді. Коммунистік көсемі Энвер Ходжа бастаған партизандық ұлт-азаттық армиясы (АНОА) 1944 жылы 28 қарашада Шкодерді азат етті, ал елдің бүкіл аумағы келесі күні басқыншылардан тазартылды. Азаттық күні бүкіл ел аумағында атап өтіледі. Бұл күні, сондай — ақ Тәуелсіздік күніндегідей, Албанияның барлық мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік тулар желбірейді, көптеген қалаларда шерулер өтеді, барлық жерде концерттер мен мерекелік отшашулар өтеді.  1992 жылы Демократиялық партияның билікке келуімен азаттық күні Тәуелсіздік күнімен бір күнде 28 қарашада тойлана бастады. 1997 жылы билік социалистік партияға ауысқаннан кейін мереке күні қайтадан 29 қарашаға ауыстырылды. 

29 қараша – Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күні. 1947 жылы 29 қарашада БҰҰ Бас ассамблеясы Палестинаны араб және еврей мемлекеттеріне бөлу туралы қаулы қабылдады. Ал 30 жылдан кейін, 1977 жылы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің қарарымен жыл сайын 29 қарашаны Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күні ретінде атап өтуге шешім қабылдады. Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күнінің тағы бір кең таралған атауы - ынтымақтастық күні (Solidarity Day). Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестинаны бөлу туралы қаулысы Палестинада «еврей мемлекеті» мен «араб мемлекетін» құру жоспарын ұсынды. Иерусалим қаласы арнайы халықаралық режимді пайдаланатын жеке бірлік (corpus separatum) ретінде құрылды. Қазіргі уақытта 8 миллионнан астам халқы бар Палестина халқы негізінен 1967 жылдан бері Израиль басып алған Палестина аумағында, соның ішінде Шығыс Иерусалимде, Израильде, көршілес араб мемлекеттерінде, сондай-ақ аймақтағы босқындар лагерлерінде тұрады. Бүгінгі күн дәстүрлі түрде халықаралық қауымдастыққа Палестина мәселесінің шешілмеген күйінде қалуына және палестина халқының сырттан араласусыз өзін-өзі анықтау құқығын, ұлттық тәуелсіздік пен егемендік құқықтарын және үйлеріне оралу және мүлкін қайтару құқығын әлі жүзеге асыра алмайтындығына назар аударуға мүмкіндік береді.

29 қараша - елші мен евангелист Матайды еске алу күні. Қасиетті Елші және евангелист Матай 12 елшінің қатарына жатады. Жазбаларда оны Леви деп атаған. Елші Матай Елші Жақып Альфеевтің ағасы болған және Апостолдық шенге шақырылғанға дейін Галилеялық зерттеуші, яғни алым жинаушы болған. Иеміздің шақыруынан кейін ол бәрін тастап, Құтқарушының соңынан ерді. Содан бері Матай Иса Мәсіхтің басқа шәкірттерімен бірге онымен бірге болды.

Қасиетті дәстүр бойынша, Киелі Рухтың келуімен Елші Матай Яһудеядағы еврейлерге Ізгі хабарды уағыздады. Мұнда, Евсевийдің және басқа да қасиетті әкелердің аңызы бойынша, Иеміздің көтерілуінен 8 жыл өткен соң, Матай Палестинаның сенімді еврейлеріне Інжіл жазып, оны Иеміздің ағасы Елші Жақыпқа тапсырды. Еврей тілінен грек тіліне Інжілді не Апостол Джеймс, не апостол Джон теолог аударған.

ІІ ғасырда Пантен Үндістан христиандарынан еврей тілінде жазылған Матай Інжілін тапты. Қасиетті әкелердің айғақтарына сәйкес, түпнұсқасы ІІІ ғасырда шейіт Памфил ұйымдастырған Кесария кітапханасында сақталған.

Сократ, Никефорос және басқалардың айтуы бойынша, Елші Матай Құдай сөзінің уағызымен Сирияға, Мидияға, Персияға, Азиялық Эфиопияға және Үндістанға барды. Эфиопияда Елші Матай антропофагтар (каннибалдар) тайпасының Інжілімен пайда болды. Біраз уақыттан кейін Әулие Матай қалада Епископ Платонды Мирмендер етіп тағайындады.

29 қараша - бақытты адам күні. Бақытты болу табысты болу деген сөз. Ұсақ-түйек нәрсеге ренжімей, әрдайым күлімсіреп, адам жанына жылулық сыйлап жүру қажеттігін түсінген кезде сіздің өміріңіз дереу түзеледі. Әрине, қайғы-мұңға берілетін сәттер болады. Ол кезде біздің туыстарымыз бен достарымыз көмекке келеді. Бақытты адам күні ресми мереке болып есептеледі, бірақ оны атап өту бізге кедергі жасамайды. Бүгін көңілсіз сәттерді ұмытып, дұшпандарыңызды кешіріп, өмірден ләззат ала бастаңыз. Өйткені, бізге ешкім кедергі болмайды. Сондай-ақ бұл күн достарыңмен кездесіп, көңілді кеш өткізіп, қызықты сәттерді есте түсіруге керемет мүмкіндік болмақ. Дәл осындай ұсақ-түйектер біздің өмірімізді қуанышқа бөлейді. 

29 қараша – «Ё»  әрпінің туған күні. Сонымен қатар бүгін әрпінің күні аталып өтеді.  «Ё» әрпі өкінішке қарай, қазірдің өзінде ұмытылып бара жатыр, көбінесе оның орнына балама ретінде "e" пайдаланылып жүр. Орыс әліпбиінің толыққанды символы одан әрі жойылуына жол бермеу үшін оның құрметіне 29 қарашада аталып өтетін арнайы мереке құрылды. Бұл дата кездейсоқ таңдалмаған.  1783 жылы 29 қарашада Ресей академиясының отырысында оның төрағасы Екатерина Дашкова бұрынғы "іо" орнына орыс алфавитіне Жаңа "е"әрпін енгізу туралы ерекше ұсыныс жасады. Айта кету керек, ол шын мәнінде тарихшы, әдебиетші және ана тілінің реформаторы Н.М Карамзиннің арқасында танымал болды. Ол 1797 жылы бұл әріпті кез келген баспа басылымдарда белсенді түрде қолдана бастады. 1860 жылдары алфавитке жаңа әріп енгізілді, бірақ оны мектептерде міндетті түрде қолдану 1942 жылы енгізілді. Айтпақшы, 2005 жылы Ульяновскіде "е" әрпіне ескерткіш орнатылды.

29 қараша – АҚШ-та Ұлттық шоколадты кәмпит күні. XVI ғасырдың басында конкистадор Эрнан Кортес шоколадты Оңтүстік Америкадан Еуропаға әкелді. Үш ғасыр бойы шоколад ыстық тәтті сусын болды. ХІХ ғасырдың басында ғана голландиялықтар алғаш рет қатты шоколад жасауды үйренді. Шамамен сол уақытта шоколад пайда болды. Кей мәліметтер бойынша, оны бельгиялық дәрігер кездейсоқ жасаған. Ол шоколад негізінде жөтелге қарсы дәрі-дәрмек өндірумен айналысыпты, бірақ ол кәмпит болып шыққан. Сонымен қатар, дәрігердің әйелі оның сыртын қаптап, жаңа тәттінің сатылуына және танымал болуына үлес қосты.