Жемқорлыққа қарсы күрестің тарихы тереңде
09.11.2016 4102
Өзгенің есебінен қалтасын қампитып, сыбайластықпен семіргендерге қатысты тарихи бірер дерек

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Сыбайлас жемқорлық – лауазымды тұлғалардың жеке басының пайдасы үшін билік құзіретін асыра пайдалануын білдіретін термин. Бұл термин бюрократтық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады.

Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес сонау ежелгі заманда пайда болған. Сазға жазылған сына жазудың арқасында қазіргі уақытқа дейін жеткен тарихи мәліметтерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресуші боп танылған бірінші билеуші б.з.д. 2400 жылда өмір сүрген шумерлік билеуші болған. Ол жемқорлық үшін өте қатал жаза енгізген. Өкінішке орай, тақтайшаларда, оның оң нәтижеге жеткен жетпегені туралы айтылмаған.

Жемқорлықты айыптау көптеген діни кітаптарда кездеседі, бірінші кезекте Құран иен Библияда. Ал б.з.д. IV ғасырда Индияда «Арташастра» трактаты жазылған болатын, онда жемқорлықтың түрлері мен онымен күресу тәсілдері талқыланған. Қоғамның дамуына және кітапбаспаның пайда болуына қарай ол туралы жиірек және көбірек жазылатын болды. 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясына сәйкес сыбайлас жемқорлық президентке сенімсіздік жариялануға себеп болатын екі қылмыстың бірі болып табылады.

Тарихқа сыбайлас жемқорлықпен сәтті күрестердің көптеген мысалдары мәлім. Міне солардың тек біреуі ғана. Франция, XVIII ғасырдың аяғы. Якобиндік диктатура қазасынан кейін билікті мемлекет тарихындағы ең сыбайластық тәртіп Директория жаулап алды. Директория басқарған жылдары Франция құлдырады. Кейін билікке бірінші консул болып сыбайлас жемқорлықпен батыл күрес бастаған Наполеон келді. Бұл күрес қатігездікке емес, жазаның бұлтартпастығына сүйенген. Бірнеше ай ішінде Наполеон керемет жетістіктерге жетті, сонымен қатар Директория кезінде ұрланған ақшаларды қазынаға қайтарды.

Қазіргі уақытта ең танымал болып сингапурлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес моделі танылады. Тәуелсіздік алған сәтінде 1965 жылы Сингапур сыбайлас жемқорлығы ең жоғарғы көрсеткішті ел болған: шенеуіктерге парасыз бір шешімді де рұқсат та берілмейтін.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барысында елеулі жетістіктерге жету үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді, бірінші кезекте, шенеуіктердің жалақыларының елеулі көтерілуі және олардың іс-әрекеттерен регламенттеу, экономиканы орталықсыздандыру және бюрократиялық рәсімді жеңілдету. Орталық буын болып азаматтар мемлекеттік қызметкерлерге шағымдармен жүгіне алатын және шығынның орнын толтыруды талап ете алатын сыбайлас жемқорлықты тергеу бойынша дербес Бюросы болды.

Сонымен бірге заңдар қатаң болды және соттық жүйе тәуелсіздігі жоғарылады (соттардың жоғарғы жалақысы мен артықшылықтанған мәртебесімен). Бар – жоғы бірнеше жылдан соң осы іс-шаралар кешені сыбайлас жемқорлық деңгейінің жылдам төмендеуіне әкелді. Қазіргі уақытта Сингапур әлемнің аз сыбайласқан мемлекеттерінің бірінші ондығының ішіндегі құрметті орынды алады.

Елімізде өткен жылы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданып заңдық күшіне енді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2014-2015 жылдардың және 2016 жылдың бірінші тоқсанының қаржысын тексеру нәтижесінде 116 миллиард теңгені құраған заң бұзушылық фактілері анықталған. Бюджеттік және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларды бұзғаны үшін 1040 лауазымдық тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылыпты. 386 білім жүйесінің қызметкері жемқорлық қылмыстары үшін сотталған.

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 111)