2013 жылдың 25 қыркүйегінде Ақордада «MANGI EL» журналының тұсаукесері өтті.
Ол Қазақстан Республикасы ұлттық тарихын зерделеу бойынша 2013 жылдың 5
маусымында өткен ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында
Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин жүктеген тапсырма бойынша жарыққа шығарылуда.
Ғылыми-танымал
басылымның бас редакторы журналдың тұсауын кескен «Қазақстан тарихшылары Ұлттық
конгресі» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.
Тарихи
журналдың редакциялық коллегия құрамына (18 адам) ҚР мемлекеттік хатшысы Марат
Тәжин, ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұқтар Құл-Мұхаммед, ҚР Президенті
Канцеляриясының басшысы Махмұд Қасымбеков, Астана қаласының әкімі Иманғали
Тасмағамбетов, Қазақстан тарихшылары Ұлттық конгресінің төрағасы Ерлан Сыдықов,
мемлекет тарихы Институтының директоры Аяған Бүркітбай, Р. Сүлейменов атындағы
шығыстану Институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі, Ә. Марғұлан атындағы
археология Институтының директоры Бауыржан Байтанаев, «Мир» ТРК негізін салушы,
ҚР Президентінің тұңғыш баспасөз хатшысы Ғаділбек Шалахметов, ҚР ҰҒА
корреспондет мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
проректоры Дихан Қамзабекұлы, әлемге танымал түрколог ғалым Қаржаубай
Сартқожаұлы, ҚР ҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Хангелді Әбжанов сынды белгілі мемлекет,
қоғам қайраткерлері, ғалымдар енді.
«Тарих
толқынында», «Көшпелілердің ұлы мұрасы», «Ұлт игілігі», «Отандастар. Шекара»,
«Жусан», «Қорамсақ», «Болу үшін», «π белгісімен», «Орайы келген сөз», «Күн тәртібінде» атты
айдарлары бар журнал 3000 дана
таралыммен шығады.
Мамандандырылған
айдарларға сараптамадан бастап қысқа ақпараттық жолдарға дейін салынады.
Бұл журналдың ашылуымен
халықтың тарихи жадысы ерекше мәнге ие болады.
Жас
ерекшелігімен шектелмей, кең ауқымды оқырман аудиториясын тартуды өзіне басты
мақсат еткен журнал қойылған тапсырманы қысқа
мерзімде атқарды және сонымен бірге материалдар үш тілде жарық көрді. «MANGIEL» алыс және жақын
шетелдерге, түркітілдес мемлекеттерге тарайды.
Жалпыұлттық
көшбасшы Н.Ә. Назарбав айтқандай тарихты білмей «жаңа қазақстандық патриотизм»
болуы мүмкін емес, ал патриотизм жоқ жерде әлемнің аса дамыған отыз елінің
қатарына кіру туралы тапсырманы жүзеге асыратын бүкіл ұлттың бірлігі мен
ынтымағы туралы ойлаудың өзі артық. Бұл аксиома. Бұл уақыт талабы. Бұл шешілетін тапсырма.
Халықаралық
ғылыми-танымал тарихи «MANGIEL» журналының келесі саны 2013 жылдың қарашасында шығады.