
Түрген ауылы таудың бөктерінде теңіз деңгейінен 900-1000 м. биіктікте орналасқан. Жоңғар Алатауы жотасының бойындағы әдемі, көк желек жамылған бақтар мен жүзімдіктердің көбісінен ол ерекше тыныштықпен, әсем үйлерімен және жемістерінің көптігімен ерекшеленеді.
Түрген шатқалында Семеновтың үйеңкісі, жабайы өрік, Мушкетовтың кургавкасы сияқты құрғақшылықты жақсы көретін ағаштар айтарлықтай көп кездеседі. Есік шатқалында шыршалар 1350-1400 м. биіктіктен қаптап өсіп тұрса, Түрген шатқалында шыршалар белдемі 1650 м. биіктіктен басталады. Ауа құрғақшылығының жоғарылығы және ашық күндер санының көптігі - денсаулыққа және адамдардың тынығуына өте қолайлы. Түрген шатқалы «Тау-Түрген» санаторийімен танымал, онда аса терең жерден жылы бастау суы шығып жатады. Ол Буырқанған, суы мол Түрген өзенінің сол жақ жағалауындағы магистраль жолынан 19 км. қашықтықта 1400-1500 биіктікте орналасқан.
Үйлер Тянь-шань қайыңдары мен теректерінің, талдар мен жабайы Сиверс алмағашы мен өрік ағашы арасындағы жайылма орманға шебер үйлескен. Негізгі жолмен шатқалдың ішімен келе жатқанда 19 км жерде автобус аялдамасы бар және одан кейінгі жол, пайда болуы мұздыққа қатысты «Медвежий» сарқырамасына (биіктігі 30 м.) алып келеді.
Ол жерде «Батан» деген жер бар. Мұнда Түрген, Чи-Түрген, Ши-Түрген сияқты үш өзен бір-бірімен қосылып, өзендер алқабына айналған. Шатқалда патша форелін, сазан балық пен тұқы балығын өсірумен айналысатын форель шаруашылығы орналасқан. Аталмыш шаруашылық туристерді қабылдау үшін ашылған.