Қала Каспий теңізіне құятын Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан, үш жағынан Жайықтың, Шағанның суларымен қоршалған. Жалпы аумағы 700 ш.ш. құрайды. Қаланың аты әлденеше рет өзгерді. Қазақтар "Теке", "Орал" десе, ал орыстар - "Яицкий городок", "Уральск" деп атаған.
1775 жылы Пугачев көтерілісін халықтың жадынан мүлдем шығарып, ұмыттыру мақсатында патшайым өзінің жарлығымен "Яицкий городок" атауын "Уральск" деп өзгертті.
Ежелгі ғасырларда қала маңында көшпелі тайпалар - исседондар, сарматтар мекендеген. Орта ғасырда осы тұстан Шығыстан Батысқа қарай ең қысқа сауда жолы төселді.
Қала төңірегінде әр кезеңде мекендеген халықтардан, тайпалардан түрлі қалашықтар, тастан жасалынған мүсіндер, арба дөңгелегінің іздері, саз балшықтан жасалынған ыдыс-аяқтар секілді естеліктер қалған. Соңғы жылдары қала аймағынан табылған археологиялық қазба-ларға қарағанда, бұл жерде XIII ғасырда негізі қаланған, Алтын Орданың өркендеуі кезінде қала болды деген жорамал бар. Орта ғасырлық қаланың негізгі тұрғындары - кіші жуз қазақтарының ең жақын тегі болып есептелетін ноғай-алшындар болған.Тарихи мәліметтерге қарағанда: ноғай-алшындардың басшысы Ормамбет бухар жаугер-шілігінен қорғану үшін 1598 жылы орыстарға мықты қалашық-қамал салдырып, артынан өз қалауынша бұздырып тастаған. Қалада Алтын Орда, ноғай-алшындардың тіршілігімен байланыстыратын жерлер бар. Бұндай жерлерге Хан тоғайы және Басқақ көпірі жатады (Басқақ - Алтын Орда ханының наместнигісалық жинаушысы). Хан тоғайы ерте заманнан қыпшақ хандарының жазғы көшпелі орны және жазғы тұрағы болып келді. Бұл жерде мұсылман ғұламасы жерленгендіктен қасиетті орын болып саналады. Маңызды оқиғалар кезінде түркі тілдес халықтардың өкілдері осы жерге жиналып, халық тағдыры, бейбітшілік және туыстық мәселелерін шешкен.
Тоғайда қазақ хандарын таққа отырғызу рәсімдері жүргізілген. 1812 жылы осында Ішкі Орданың сұлтаны Бөкей хан болып сайланып, ақ киізге отырғызылды, ал 1824 жылы оның мұрагері Жәңгірді хан тағына отырғызу рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
1613 жылдары Яик казактары бұрын мекен еткен Кирсановкий Яр деген жерден Шағанның Жайық өзеніне құяр жағалауына көшті. Олар тұрғызған қаланың ескі бөлігі "Курени" деп аталады. Бұл түрік сөздері "курие", "кора" - лагерь, қоршау, стан деген мағынаны білдіреді.
Куренимен қатарласып татар слободасы орналасқан ("татар" - моңғол-түрік тайпаларының жиынтық аты), онда көне ағаш мешіт болған.
1821 жылы Жәңгір ханның ісін қолдаушы, атақты саудагер Қарауыл Қожа Бабажанов қалада өз қаржысына мешіт салдырды. Жылдан жылға қала өсіп өркендеді.
XIX ғ. Орал жаңа көрініс қабылдады: кішкентай тар көшелердің орнына кең, түзу көшелер пайда болды. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Орал қаласы Орал казак әскерінің "астанасы" деген атаудан мүлдем арылып, әкімшілік, сауда-өнеркәсіптік және аймақтағы тұрғындардың мәдени орталығына айналды. Білім ошақтары жетіліп, кіпапханалар, музейлер, театрлар ашылды, газет және журналдар шығарыла бастады.
1920 жылы Казақ АССР-нің жариялануымен Орал - Қазақстанның Батыс бөлігіндегі әкімшілік орталығы болды. Қаланың тамаша тартымды сәулеті бар.
Қаланың көне сәулетімен танысқанда, мұсылмандық Шығыс рухында саланған түрлі бағыттағы құрылыстарды кездестіруге болады.
Мәліметтер visitkazakhstan.kz сайтынан алынған